"Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 маусымда № 15239 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 203 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.04.2020 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 24 мамырдағы
№ 294 бұйрығымен
бекітілген

"Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қаупсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты (бұдан әрі – энергия аудиторының аттестаты), энергия аудиторы аттестатының телнұсқасы не көрсетілетін қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген "Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14973 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қоса берілетін құжаттары бар өтінішінің немесе электрондық сұрау салуының (бұдан әрі – құжат) болуы болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының тіркеу нөмірін бере, күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдауы және тіркеуі және 20 (жиырма) минут ішінде оларды жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберуі;

      2) жауапты құрылымдық бөлімше басшысы жауапты орындаушыны 10 (он) минут ішінде анықтайды;

      3) жауапты орындаушының 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық екендігін қарастыруы;

      көрсетілетін қызметті алушының құжаттары толық болмаған жағдайда, Стандарттың 4-тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту беріледі;

      көрсетілетін қызметті алушының құжаттары талаптарға сәйкес болған жағдайда, құжаттарды одан әрi қарастыру мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кіретін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде;

      4) Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жауапты орындаушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан дәлелді бас тартуды беруі мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кіретін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде;

      5) оң шешім қабылданған жағдайда:

      энергия аудиторының аттестаты дайындалады және энергия аудиторларының тізіліміне көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізу мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кіретін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

      энергия аудитор аттестатының телнұсқасы дайындалуда, Стандарттың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды, ол 2 (екі) жұмыс күні ішінде энергия аудитор аттестатының телнұсқасын береді;

      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жіберу 10 (он) минут ішінде.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз ретінде қолданылатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-қимыл) нәтижесі:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау мен тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшеге қарастыру үшін;

      жауапты орындаушының құжаттардың толық болуын тексеруі;

      жауапты құрылымдық бөлімше басшысымен келісілген толық еместігі бойынша дәлелді бас тартуды беру, не құжаттар толық болған жағдайда одан әрі қарастыру;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен, ол болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарымен келісілген, жауапты құрылымдық бөлімшенің оң немесе теріс шешімі;

      оң шешімі кезінде көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді энергия аудиторлар тізімміне енгізу;

      энергия аудиторының аттестатын, немесе энергия аудиторы аттестатының телнұсқасын не дәлелді бас тартуды беру.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері қатысады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

      2) жауапты орындаушы;

      3) жауапты құрылымдық бөлімше басшысы;

      4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, қызметкерлер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысына жібереді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы 10 (он) минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды жауапты орындаушыға қарауға береді;

      3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

      4) ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      жауапты орындаушы 10 (он) минут ішінде мемлекеттік көрсетелетін қызметті ұсынудан дәлелді бас тартуды дайындайды

      жауапты орындаушы дәлелді бас тартуды жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысымен 10 (он) минут ішінде келіседі;

      жауапты құрылымдық бөлімше басшысы көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен, ол болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарымен келісілген 10 (он) минуттың ішінде дәлелді бас тартуды келіседі;

      дәлелді бас тарту кеңсе маманына беріледі және көрсетілетін қызметті беруші кенсесінің маманы 10 (он) минуттан кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қолма-қол, электрондық немесе поштамен жібереді;

      5) құжаттар толық болған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кіретін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде қарастырады;

      көрсетілетін қызметті беруші теріс шешім қабылдаған кезде Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жауапты орындаушы 10 (он) минут ішінде мемлекеттік көрсетелетін қызметті ұсынудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      көрсетілетін қызметті беруші оң шешім қабылдаған кезде жауапты орындаушы 10 (он) минут ішінде энергия аудиторының аттестатын дайындайды;

      жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен астам емес мерзімде энергия аудитор аттестатының телнұсқасын береді;

      6) жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсетудің оң немесе теріс нәтижесін жауапты құрымдылық бөлімшенің басшысымен 10 (он) минуттың ішінде келіседі;

      7) жауапты құрымдылық бөлімшенің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен ол болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарымен келісілген 10 (он) минуттың ішінде келіседі;

      8) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кеңсе маманына беріледі, ол 10 (он) минуттан кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қолма-қол, электрондық немесе поштамен жібереді;

      9) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының деректерін энергия аудиторларының тізіліміне енгізеді.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлері) өзара іс-қимылының және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігінің жан-жақты сипаттамасы, сондай-ақ басқа көрсетілетін қызметті алушылармен өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес, "Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілер арқылы көрсетілмейді.

      11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) реттілігі және жүгіну тәртібі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы арқылы "Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге іске қосылған ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының диаграммасында және осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы арқылы "Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасында көрсетілген.

      1) көрсетілетін қызметті беруші рәсімдері (іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы:

      1-процес – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің логин мен парольді енгізуі (авторизациялау);

      1-шарт – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

      2-процес – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректеріндегі бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      3-процес – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;

      2-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы "Ұлттық куәландыру орталығы" және "Жеке тұлғалар" МДБ ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі – ЖТ МДБ АЖ) болуын тексеру;

      4-процес – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ МДБ АЖ-да болмаған жағдайда деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;

      5-процес – құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі бөлігіндегі сұрау салу нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына тіркеуі;

      6-процес – порталда сұрау салуды тіркеу және порталда көрсетілетін қызметтерді өңдеу;

      3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының куәлікті беруге арналған талаптар мен негіздемелерге сәйкестігін тексеруі;

      7-процес – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8-процес – көрсетілетін қызметті берушінің порталмен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу.

      Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалану арқылы жасалады.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жүгіну және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      1-процес – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді (авторизациялау процесін) енгізу процесі;

      1-шарт – порталда тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) логині арқылы тексеру;

      2-процес – көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      3-процес – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының сұрау салу нысанына электрондық түрдегі қажетті құжаттарды қосу арқылы оның құрылымы мен форматтық талаптары есебінен толтыруы (деректерді енгізуі);

      4-процес – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігін таңдауы;

      2-шарт – порталда ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері алынғандар (жойылғандар) тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН және ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

      5-процес – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның түпнұсқалығы расталмаған жағдайда сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      6-процес – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының куәлікті беру шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексеруі;

      7-процес – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      8-процес – көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы арқылы қызметті көрсету сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);

      9-процес – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және порталда сұрауды өңдеу;

      4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының куәлікті беру талаптары мен негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;

      10-процес – порталда көрсетілетін қызметті берушінің деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда, сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      11-процес – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуы.

      Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы пайдаланылып жасалады.

      Берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ға енгізеді.

  "Энергия аудиторларына
кандидаттарды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

"Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы





  "Энергия аудиторларына
кандидаттарды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

"Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсетуде көрсетілетін қызметті беруші арқылы іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы



  "Энергия аудиторларына
кандидаттарды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша

"Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсетуде көрсетілетін қызметті алушы арқылы іске қосылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы



Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация кандидатов в энергоаудиторы"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 мая 2017 года № 294. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 июня 2017 года № 15239. Утратил силу приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 15 апреля 2020 года № 203.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 15.04.2020 № 203 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый регламент государственной услуги "Аттестация кандидатов в энергоаудиторы".

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

  Утвержден
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 24 мая 2017 года № 294

Регламент государственной услуги "Аттестация кандидатов в энергоаудиторы"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Аттестация кандидатов в энергоаудиторы" (далее – государственная услуга) оказывается Комитетом индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через:

      1) канцелярию услугодателя;

      2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      2. Форма оказания государственной услуги: электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.

      3. Результат оказания государственной услуги: аттестат энергоаудитора в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее – аттестат энергоаудитора), дубликат аттестата энергоаудитора либо мотивированный отказ в предоставлении государственной услуги.

Глава 2. Описание порядка действий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является наличие заявления или электронного запроса услугополучателя с прилагаемыми документами (далее – документ), согласно пункту 9 Стандарта государственной услуги "Аттестация кандидатов в энергоаудиторы", утвержденного приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2017 года № 112 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14973) (далее - Стандарт).

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящей в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) прием и регистрация документов специалистом канцелярии услугодателя с присвоением регистрационного номера, даты и направление их в ответственное структурное подразделение в течение 20 (двадцати) минут;

      2) руководитель ответственного структурного подразделения определяет ответственного исполнителя в течение 10 (десяти) минут;

      3) рассмотрение ответственным исполнителем документов на полноту в течение 2 (двух) рабочих дней:

      в случае неполноты документов услугополучателя выдача мотивированного отказа в предоставлении государственной услуги в соответствии с подпунктом 3) части первой пункта 4 Стандарта;

      в случае соответствия документов услугополучателя требованиям, дальнейшее рассмотрение документов в течение 13 (тринадцати) рабочих дней, входящих в срок оказания государственной услуги;

      4) в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 Стандарта выдача услугополучателю ответственным исполнителем мотивированного отказа в предоставлении государственной услуги в течение 13 (тринадцати) рабочих дней, входящих в срок оказания государственной услуги;

      5) в случае принятия положительного решения:

      готовится аттестат энергоаудитора и производится внесение данных услугополучателя в реестр энергоаудиторов в течение 13 (тринадцати) рабочих дней, входящих в срок оказания государственной услуги;

      готовится дубликат аттестата энергоаудитора, согласно подпункту 2) пункта 9 Стандарта услугополучатель направляет пакет документов услугодателю, который в течение 2 (двух) рабочих дней выдает дубликат аттестата энергоаудитора;

      6) отправление результата оказания государственной услуги услугополучателю в течение 10 (десяти) минут.

      6. Результат процедуры (действия) по оказанию государственной услуги, который служит основанием для начала выполнения следующей процедуры (действия):

      прием и регистрация документов услугополучателя, необходимых для оказания государственной услуги, в канцелярии услугодателя и передача их для рассмотрения ответственному структурному подразделению;

      проверка на полноту документов ответственным исполнителем;

      выдача мотивированного отказа по неполноте согласованного с руководителем ответственного структурного подразделения, либо дальнейшее рассмотрение в случаи полноты документов;

      положительное или отрицательное решение ответственного структурного подразделения, согласованного с руководителем услугодателя, в случае его отсутствия с заместителем руководителя услугодателя;

      при положительном решении внесение в реестр энергоаудиторов данных об услугополучателе;

      выдача аттестата энергоаудитора, либо дубликата аттестата энергоаудитора или мотивированный отказ.

Глава 3. Описание порядка взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      7. В процессе оказания государственной услуги участвуют следующие структурные подразделения услугодателя:

      1) специалист канцелярии услугодателя;

      2) ответственный исполнитель;

      3) руководитель ответственного структурного подразделения;

      4) заместитель руководителя услугодателя;

      5) руководитель услугодателя.

      8. Описание последовательности процедур (действий) между работниками с указанием длительности каждой процедуры (действия):

      1) специалист канцелярии услугодателя в течение 20 (двадцати) минут осуществляет прием и регистрацию документов, направляет их руководителю ответственного структурного подразделения услугодателя;

      2) руководитель ответственного структурного подразделения услугодателя в течение 10 (десяти) минут определяет ответственного исполнителя и передает документы на рассмотрение ответственному исполнителю;

      3) ответственный исполнитель в срок не более 2 (двух) рабочих дней со дня регистрации документов услугополучателя, необходимых для оказания государственной услуги, проверяет полноту документов;

      4) в случае неполноты документов ответственный исполнитель готовит мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении документов в срок не более 2 (двух) рабочих дней, в том числе:

      ответственный исполнитель подготавливает мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги в течение 10 (десяти) минут;

      ответственный исполнитель согласует мотивированный отказ с руководителем ответственного структурного подразделения в течение 10 (десяти) минут;

      руководитель ответственного структурного подразделения согласовывает мотивированный отказ с руководителем услугодателя, в случае его отсутствия с заместителем руководителя услугодателя в течение 10 (десяти) минут;

      мотивированный отказ передается специалисту канцелярии и специалист канцелярии услугодателя не позднее 10 (десяти) минут направляет услугополучателю результат оказания государственной услуги нарочно, электронно или по почте;

      5) в случае полноты документов ответственный исполнитель рассматривает документы в течение 13 (тринадцати) рабочих дней, входящих в срок оказания государственной услуги;

      при принятии отрицательного решения услугодателем, в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 Стандарта, ответственный исполнитель в течение 10 (десяти) минут, подготавливает мотивированный отказ в предоставлении государственной услуги;

      при принятии положительного решения услугодателем, ответственный исполнитель в течение 10 (десяти) минут готовит аттестат энергоаудитора;

      ответственный исполнитель выдает дубликат аттестат энергоаудитора в срок не более 2 (двух) рабочих дней со дня регистрации документов услугополучателя;

      6) ответственный исполнитель согласует положительный или отрицательный результат оказания государственной услуги с руководителем ответственного структурного подразделения в течение 10 (десяти) минут;

      7) руководитель ответственного структурного подразделения согласовывает результат оказания государственной услуги с руководителем услугодателя, в случае его отсутствия с заместителем руководителя услугодателя в течение 10 (десяти) минут;

      8) ответственный исполнитель вносит данные услугополучателя в реестр энергоаудиторов;

      9) результат оказания государственной услуги передается специалисту канцелярии, который не позднее 10 (десяти) минут направляет услугополучателю результат оказания государственной услуги нарочно, электронно или по почте;

      9. Подробное описание последовательности процедур (действий) и взаимодействия структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, а также описание порядка взаимодействия с иными услугодателями отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги "Аттестация кандидатов в энергоаудиторы" согласно приложению 1 к настоящему Регламенту.

Глава 4. Описание порядка взаимодействия с Государственной корпорацией "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями, а также порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      10. Государственная услуга некоммерческим акционерным обществом "Государственная корпорация "Правительство для граждан" и (или) иными услугодателями не оказывается.

      11. Порядок обращения и последовательности процедур (действий) услугодателя и услугополучателя при оказании государственной услуги через портал указан в диаграмме функционального взаимодействия информационных систем, задействованных в оказании государственной услуги "Аттестация кандидатов в энергоаудиторы" через услугодателя согласно приложению 2 к настоящему Регламенту и в диаграмме функционального взаимодействия информационных систем, задействованных в оказании государственной услуги "Аттестация кандидатов в энергоаудиторы" через услугополучателя согласно приложению 3 к настоящему Регламенту.

      1) описание последовательности процессов (действий) услугодателя:

      процесс 1 – ввод сотрудником услугодателя логина и пароля;

      (авторизация) на портале для оказания государственной услуги;

      условие 1 – проверка на портале подлинности данных о зарегистрированном сотруднике услугодателя через логин и пароль;

      процесс 2 – формирование порталом сообщения об отказе в авторизации в случае имеющимися нарушениями в данных сотрудника услугодателя;

      процесс 3 – выбор сотрудником услугодателя услуги, указанной в настоящем регламенте государственной услуги, вывод на экран формы запроса для оказания услуги и ввод сотрудником услугодателя данных услугополучателя;

      условие 2 – проверка наличия данных услугополучателя в информационных системах ГБД "Физические лица" (далее - ИС ГБД ФЛ) и "Национальный удостоверяющий центр" о данных услугополучателя;

      процесс 4 – формирование сообщения о невозможности получения данных в случае отсутствия данных услугополучателя в ИС ГБД ФЛ;

      процесс 5 – заполнение формы запроса в части отметки о наличии документов в бумажной форме и сканирование сотрудником услугодателя необходимых документов, предоставленных услугополучателем, и прикрепление их к форме запроса;

      процесс 6 – регистрация запроса на портале и обработка услуги в портале;

      условие 3 – проверка услугодателем соответствия услугополучателя требованиям и основаниям для выдачи свидетельства;

      процесс 7 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге в случае имеющихся нарушений в данных услугополучателя в портале;

      процесс 8 – получение услугополучателем результата государственной услуги, сформированной порталом.

      Электронный документ формируется с использованием электронной цифровой подписи (далее – ЭЦП) уполномоченного лица услугодателя.

      2) описание порядка обращения и последовательности процедуры (действий) услугополучателя: услугополучатель осуществляет регистрацию на портале с помощью своего регистрационного свидетельства ЭЦП, которое хранится в интернет-браузере компьютера услугополучателя (осуществляется для незарегистрированных услугополучателей на портале);

      процесс 1 – прикрепление в интернет-браузере компьютера услугополучателя регистрационного свидетельства ЭЦП, процесс ввода услугополучателем пароля (процесс авторизации) на портале для получения государственной услуги;

      условие 1 – проверка на портале подлинности данных о зарегистрированном потребителе через логин индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН) и пароль;

      процесс 2 – формирование порталом сообщения об отказе в авторизации в случае имеющихся нарушений в данных услугополучателя;

      процесс 3 – выбор услугополучателем услуги, указанной в настоящем регламенте государственной услуги, вывод на экран формы запроса для оказания услуги и заполнение услугополучателем формы (ввод данных) с учетом ее структуры и форматных требований, прикреплением к форме запроса необходимых документов в электронном виде;

      процесс 4 – выбор услугополучателем регистрационного свидетельства ЭЦП для удостоверения (подписания) запроса;

      условие 2 – проверка на портале срока действия регистрационного свидетельства ЭЦП и отсутствия в списке отозванных (аннулированных) регистрационных свидетельств, а также соответствия идентификационных данных между ИИН указанным в запросе, и ИИН указанным в регистрационном свидетельстве ЭЦП;

      процесс 5 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге, в случае не подтверждения подлинности ЭЦП услугополучателя;

      процесс 6 – удостоверение (подписание) посредством ЭЦП услугополучателя заполненной формы (введенных данных) запроса на оказание услуги;

      условие 3 – проверка услугодателем соответствия услугополучателя требованиям и основаниям для выдачи свидетельства;

      процесс 7 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге в связи с имеющимися нарушениями в документах услугополучателя;

      процесс 8 – удостоверение (подписание) посредством ЭЦП услугополучателя заполненной формы (введенных данных) запроса на оказание услуги;

      процесс 9 – регистрация электронного документа (запроса услугополучателя) на портале и обработка запроса в портале;

      условие 4 – проверка услугодателем соответствия услугополучателя требованиям и основаниям для выдачи свидетельства;

      процесс 10 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой государственной услуге в случае с имеющимися нарушениями в данных услугополучателя на портале;

      процесс 11 – получение услугополучателем результата государственной услуги, сформированной порталом.

      Электронный документ формируется с использованием ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

      Сведения о выданных разрешениях услугодателем вносятся в ИС ГБД "Е-лицензирование".

  Приложение 1
к регламенту
государственной услуги
"Аттестация кандидатов в
энергоаудиторы"

Справочник бизнес - процессов оказания государственной услуги

"Аттестация кандидатов в энергоаудиторы"

     


     


  Приложение 2
к регламенту
государственной услуги
"Аттестация кандидатов в
энергоаудиторы"

Диаграмма функционального взаимодействия информационных систем, задействованных в оказании государственной услуги "Аттестация кандидатов в энергоаудиторы" через услугодателя

     


  Приложение 3
к регламенту
государственной услуги
"Аттестация кандидатов в
энергоаудиторы"

Диаграмма функционального взаимодействия информационных систем, задействованных в оказании государственной услуги "Аттестация кандидатов в энергоаудиторы" через услугополучателя