Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мамандандырылған ұйым үшін жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған авиациялық техникаға, арнайы көлікке, байланыс құралдары жабдығына, навигациялық жабдықтар мен арнайы құралдарға қажеттіліктің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары ‒ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi |
А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
23 мамыр 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің |
|
орынбасары ‒ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 204 бұйрығына қосымша |
Мамандандырылған ұйым үшін жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған авиациялық техникаға, арнайы көлікке, байланыс құралдары жабдығына, навигациялық жабдықтар мен арнайы құралдарға қажеттіліктің заттай нормалары
1. Жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша авиациялық техникаға қажеттілік нормасы
№ р/с | Атауы | Қорғау аумағы (киік, қарақұйрық, арқар мен өзге жануарлар) | Заттай норманың өлшем бірлігі | Заттай нормалардың қолданылу саласы | Заттай нормалардың таралу саласы | Заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалар (авиациялық техникада қажеттілік нормасы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Сыйымдылығы 4-8 адам құрайтын және жер бедерлі жазықтықтан ұшу мен қонуға техникалық мүмкіндігі бар ұшақтар | Киіктер Орал және Үстірт популяциясы | 1 бірлік, жылына 400 ұшу сағаты | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлері мен киіктерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жұмыстарын жүргізу үшін | Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлері мен киіктерді қорғауда авиациялық қорғау жұмыстарын жүргізу бойынша |
Киіктер Бетпақдала популяциясы | 1 бірлік, жылына 500 ұшу сағаты | Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары | ||||
Қарақұйрық | жылына 200 ұшу сағаты | Алматы, Жамбыл, Кызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары | ||||
2 | Сыйымдылығы 2-6 адамдық тікұшақтар | Киіктер Орал және Үстірт популяциясы | 1 бірлік, жылына 200 ұшу сағаты | Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары | ||
Киіктер Бетпақдала популяциясы | 1 бірлік, жылына 150 ұшу сағаты | Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары | ||||
Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстары | ||||||
Арқар | жылына 350 ұшу сағаты | |||||
Қарақұйрық | жылына 250 ұшу сағаты | Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары | ||||
3 | Пилотсыз ұшу аппараты | Киіктер Орал және Үстірт популяциясы | 1 бірлік | Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары | ||
Киіктер Бетпақдала популяциясы | 1 бірлік | Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары |
2. Жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша арнайы көліктің қажеттілік нормасы
№ р/с | Атауы | Бөлімшелердің атауы | Заттай норманың өлшем бірлігі | Заттай нормалардың қолданылу саласы | Заттай нормалардың таралу саласы | Заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалар (арнайы көліктің тиістілік нормасы) | ||||
Орталық аппараттың бақылау-инспекциялық бөлімі | ОА бақылау-инспекциялық бөлімнің басшылығы | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау қызметі | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлерін қорғау және мониторингтеу бойынша жедел топтар | Өңірлік филиалдары | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Жеңіл автомобиль (толық жетекті, жол таңдамайтын), қозғалтқыш көлемі 2,5 литр кем емес және 5 литр артық емес | + | + | + | + | + | жануарлар дүниесін қорғау бойынша әрбір 3 инспекторға 1 бірлік | Жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану жұмыстарын жүргізу үшін | Охотзоопром" ӨБ" РМҚК және олардың өңірлік филиалдары (Батыс, Орталық, Оңтүстік, Орал), ҚР АШМ ОШЖДК Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары | Жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және пайдалану жұмыстарын жүргізу |
2 | Жоғары өтімділікті жүк автомобилі жабық қорапты-фургоны | + | + | + | + | + | жануарлар дүниесін қорғау бойынша әрбір 5 инспекторға 1 бірлік | |||
3 | Қозғалтқыш көлемі кемінде 450 текше сантиметрлік кросстық мотоцикл | + | + | + | + | + | жануарлар дүниесін қорғау бойынша әрбір 10 инспекторға 1 бірлік | |||
4 | Қарда жүргіш қозғалтқыш көлемі 500 кем емес және 1500 артық емес текше сантиметр | + | + | + | + | ‒ | жануарлар дүниесін қорғау бойынша әрбір 10 инспекторға 1 бірлік |
3. Жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша арнайы көліктің қажеттілік нормасы
№ р/с | Заттай нормалардың атауы (арнайы көлік құралдарының түрі) | Табиғи аймақтар | Өлшем бірлігі | Орташа тәуліктік жүріп-өту нормалары | Заттай нормалардың қолданылу саласы | Заттай нормалардың таралу саласы | Заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалары (қорғау, есепке алу және мониторинг бойынша жұмыстар жүргізу үшін арнайы көліктің орташа тәуліктік жүріп-өту нормасы) | |
тәулігіне километр | тәулігіне мотосағат | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | Толық жетекті, жол таңдамайтын жеңіл автомобиль |
Далалы | Километр |
300 |
‒ | Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлерін және киіктерді есепке алу және мониторингтеу жұмыстарын жүргізу үшін | Охотзоопром" ӨБ" РМҚК және олардың өңірлік филиалдары (Батыс, Орталық, Оңтүстік, Орал), ҚР АШМ ОШЖДК Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары | Жануарлар дүниесі саласында қорғау, есепке алу және мониторинг бойынша жұмыстар жүргізу |
2 | Жабық қорапты-фургоны бар жоғары өтімді жүк автомобилі |
Далалы | Километр |
300 |
‒ | |||
3 | Кросстық мотоцикл |
Далалы | мото/сағат |
‒ |
8 | |||
4 | Қаршана |
Далалы | мото/сағат |
‒ |
8 |
4. Жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша жұмыстар жүргізу үшін байланыс құралдары жабдықтарының қажеттілік нормасы
№ | Заттай нормалардың атауы | Бөлімшелер атаулары | Заттай норманың өлшем бірлігі | Заттай нормалардың қолданылу саласы | Заттай нормалардың таралу саласы | Заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалар (жабдықтар мен байланыс құралдарының заттай нормалары) | |||||||||
Кәсіпорынның орталық аппаратының (ОА) басшылығы | ОА бақылау-инспекциялық бөлімінің басшылығы | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) қорғау қызметінің басшылығы | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлерін қорғау және мониторингтеу бойынша жедел топтардың басшылығы | Кәсіпорынның өңірлік филиалдарының басшылығы | Кәсіпорын ОА бақылау-инспекциялық бөлімі | ЕҚТА қорғау қызметі (мемлекеттік қорық аймағы және қаумалы) | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар түрлерін қорғау және мониторингтеу бойынша қызметі | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарларды қорғау және мониторингтеу бойынша жедел топтар | Кәсіпорынның өңірлік филиалдары | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
1 | Стационарлы радиостанция (репитор) | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | + | + | ‒ | ‒ | + | ОА үшін және әрбір кордонға 1 бірлік, әрбір филиалға 1 бірліктен | Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жұмыстарын жүргізу үшін | Охотзоопром" ӨБ" РМҚК және олардың өңірлік филиалдары (Батыс, Орталық, Оңтүстік, Орал), ҚР АШМ ОШЖДК ерекше қорғалатын табиғи аумақтар | Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жұмыстарын жүргізу |
2 | Автомобилдік радиостанция | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 1 бірліктен әрбір арнайы автокөлікке | |||
3 | Радиостанция тасымалы | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 1 бірліктен басшыға және оның орынбасарларына, бөлімше басшыларына және олардың орынбасарларына, | |||
2 бірліктен ЕҚТА қорғау бойынша әрбір инспекторлық топқа | |||||||||||||||
4 | Көлік мониторингінің GPS жүйесі | + | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | 1 бірлік | |||
5 | GPS навигатор стационарлы | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 1 бірліктен әрбір арнайы автокөлікке |
5. Жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін навигациялық құрылғының қажеттілік нормасы
№ р/с | Заттай нормалардың атауы | Бөлімшелердің атауы | Заттай норманың өлшем бірлігі | Заттай нормалардың қолданылу саласы | Заттай нормалардың таралу саласы | Заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалар (навигациялық жабдықтың заттай нормасы) | ||||||||
Кәсіпорынның ОА басшылығы | ОА бақылау-инспекциялық бөлімінің басшылығы | Ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау (ЕҚТА) қызметінің басшылығы | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлерін қорғау және мониторингтеу бойынша жедел топтардың басшылығы | Кәсіпорынның өңірлік филиалдарының басшылығы | Кәсіпорынның ОА бақылау-инспекциялық бөлімі | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау қызметі (мемлекеттік қорық аймағы және қаумалы) | Сирек кездесетін жабайы жануарлар түрлерін және киіктерді қорғау және мониторингтеу бойынша жедел топтар | Кәсіпорынның өңірлік филиалдары | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
1 | Автомобильдік бейне тіркеуші | + | + | + | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | әрбір арнайы автомобильдік көлік бірлігіне 1 бірліктен | Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жұмыстарын жүргізу үшін | Охотзоопром" ӨБ" РМҚК және олардың өңірлік филиалдары (Батыс, Орталық, Оңтүстік, Орал), ҚР АШМ ОШЖДК ерекше қорғалатын табиғи аумақтары | Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жұмыстарын жүргізу үшін |
2 | Түнгі көру аспабы (тепловизор) | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | ‒ | + | + | + | + | әрбір жануарлар дүниесін қорғау бойынша инспекторлық топқа 1 бірліктен | |||
3 | Фотоаппарат | + | + | + | + | + | + | + | + | + | ОА-ның әрбір бөлімшесіне 1 бірліктен әрбір инспекторлық топқа 1 бірліктен | |||
4 | Бейнекамера | + | + | + | ‒ | ‒ | + | + | + | ‒ | ОА-ның әрбір бөлімшесіне 1 бірліктен әрбір инспекторлық топқа 1 бірліктен | |||
5 | Дүрбі еселігі кем дегенде 8 | + | + | + | + | + | + | + | + | + | әрбір арнайы автомобильдік көлікке 1 бірліктен |
6. Жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін арнайы құралдардың қажеттілік нормасы
№ р/с | Заттай нормалардың атауы (арнайы құралдар) | Бөлімшелер атауы | Заттай норманың өлшем бірлігі | Заттай нормалардың қолданылу саласы | Заттай нормалардың таралу саласы | Заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалар (навигациялық жабдықтардың тиістілік нормасы) | ||||||||
Кәсіпорынның ОА басшысы | ОА бақылау-инспекциялық бөлімінің басшылығы | Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) қорғау қызметінің басшылығы | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлерін қорғау және мониторингтеу бойынша жедел топтардың басшылығы | Кәсіпорынның өңірлік филиалдарының басшылығы | Кәсіпорынның ОА бақылау-инспекциялық бөлімі | Ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау қызметі (мемлекеттік қорық аймағы және қаумалы) | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлерін және киіктерді қорғау және мониторингтеу бойынша жедел топтар | Кәсіпорынның өңірлік филиалдары | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
1 | Қолкісен (БР, БР-С) | + | + | + | + | + | + | + | + | + | кәсіпорын басшысына және оның орынбасарларына, бөлімшелер басшыларына және олардың орынбасарларына1 бірліктен | Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлерін және киіктерді қорғауды бақылауды қамтамасыз ету, өндірістік процеспен қамтамасыз ету | Охотзоопром" ӨБ" РМҚК және олардың өңірлік филиалдары (Батыс, Орталық, Оңтүстік, Орал), ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар жабайы жануарлар түрлерін және киіктер | Жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жұмыстары |
әрбір жануарлар дүниесін қорғау бойынша инспекторға 1 бірліктен | ||||||||||||||
2 | Резеңке таяқша (арнайы) | + | + | + | + | + | + | + | + | + | кәсіпорын басшысына және оның орынбасарларына, бөлімшелер басшыларына және олардың орынбасарларына1 бірліктен | |||
әрбір жануарлар дүниесін қорғау бойынша инспекторға 1 бірліктен | ||||||||||||||
3 | Кемінде 3-сыныпты қорғайтын кеудеше | + | + | + | + | + | + | + | + | + | басшысына және оның орынбасарларына, бөлімшелер басшыларына және олардың орынбасарларына 1 бірліктен | |||
әрбір жануарлар дүниесін қорғау бойынша инспекторға 1 бірліктен | ||||||||||||||
4 | Көк түсті шұғылалық шамшырақ | + | + | + | + | + | + | + | + | + | әрбір арнайы жеңіл автомобильдік көлікке 1 бірліктен | |||
5 | Көлікті мәжбүрлі тоқтатуға арналған құрылғы ("Еж-М") | + | + | + | + | + | + | + | + | + | әрбір арнайы автомобильдік көлікке 1 бірліктен |
Ескертпе:
ҚР АШМ ОШЖДК – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
"Охотзоопром" ӨБ" РМҚК – "Охотзоопром" өндірістік бірлестігі" республикалық мемлекеттік комуналдық кәсіпорны;
ЕҚТА – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағында тұрған табиғат қорғау мекемелеріне бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
ОА – Орталық аппарат – "Охотзоопром" өндірістік бірлестігі" республикалық мемлекеттік комуналдық кәсіпорны.