Орта білім беру ұйымдарында 2017-2018 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 15356 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2017 - 2018 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:

      1) 2017 - 2018 оқу жылының басталуы 2017 жылғы 1 қыркүйек;

      2) оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1- сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда - 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

      3) оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:

      1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2017 жылғы 29 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2018 жылғы 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда);

      2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2017 жылғы 30 қазан - 5 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2017 жылғы 25 желтоқсан – 2018 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2018 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

      3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: 7 күн мерзімде (2018 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (З.Ә. Мақсұтова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2017-2018 учебного года в организациях среднего образования

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 июля 2017 года № 292. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июля 2017 года № 15356.

      В соответствии с подпунктом 14) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", Государственного общеобязательного стандарта среднего образования Республики Казахстан (начального, основного среднего, общего среднего образования), утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 1080, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Определить следующие сроки начала, продолжительности и каникулярных периодов 2017 - 2018 учебного года в организациях среднего образования независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности:

      1) 1 сентября 2017 года началом 2017 - 2018 учебного года;

      2) продолжительность учебного года в предшкольных классах – 32 учебные недели, в 1 классах – 33 учебные недели, во 2-11 (12) классах - 34 учебные недели. Занятия, выпавшие на праздничные дни, переносятся на следующие дни с учетом интеграции содержания учебных программ за счет часов, отведенных на повторение;

      3) в течение учебного года каникулярные периоды:

      в 1-11 (12) классах: осенние – 7 дней (с 30 октября по 5 ноября 2017 года включительно), зимние – 10 дней (с 29 декабря 2017 года по 7 января 2018 года включительно), весенние – 13 дней (с 21 марта по 2 апреля 2018 года включительно);

      в предшкольных классах: осенние – 7 дней (с 30 октября по 5 ноября 2017 года включительно), зимние – 14 дней (с 25 декабря 2017 года по 5 января 2018 года включительно), весенние – 15 дней (с 21 марта по 4 апреля 2018 года включительно);

      в предшкольных и 1 классах: дополнительные каникулы – 7 дней (с 5 по 11 февраля 2018 года включительно).

      2. Департаменту дошкольного и среднего образования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Махсутова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Суханбердиеву Э.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      
      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев