"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-38) тармақшасына және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ А. Мырзахметов
2017 жылғы 17 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 449 бұйрығымен бекітілген |
Шағын көлемді кемелердің жүзу аудандарының разрядына қарай су бассейндерінің тізбесі
№ | Бассейн атауы | Жүзу ауданының разряды | Күрделілік санаты | Гидрометео жағдай сипаттамасы | Пана орындарынан немесе жағалаудан қашықтық, теңіз милі | Шағын көлемді кеме типі, түрі |
1 | Каспий теңізі | Жүзу ауданының I разряды | IV күрделілік санаты | Теңіз ауданындағы немесе ішкі су бассейндегі қамтамасыздығы үш пайыздық биіктігі 3,0 метрге дейінгі толқындарда | 20 астам емес | палубалы кеме |
2,7 астам емес | палубасыз кеме | |||||
2 |
Арал теңізі; | Жүзу ауданының II разряды | IV күрделілік санаты | Теңіз ауданындағы немесе ішкі су бассейндегі қамтамасыздығы бір пайыздық биіктігі 2,0 метрге дейінгі толқындарда | 12 астам емес | палубалы кеме |
2,7 астам емес | палубасыз кеме | |||||
3 |
Өскемен, Шүлбі, Қаратомар, Шардара және Самарқанд су қоймалары; | Жүзу ауданының III разряды | IV күрделілік санаты | Теңіз ауданындағы немесе ішкі су бассейндегі қамтамасыздығы бір пайыздық биіктігі 1,2 метрге дейінгі толқындарда | 6 астам емес | палубалы кеме |
1,6 астам емес | палубасыз кеме | |||||
4 |
Клин кентінен Өскемен қаласына дейінгі Ертіс өзені, Қара Ертіс, Орал, Іле, Сырдария, Есіл. | Жүзу ауданының IV разряды | IV күрделілік санаты | Теңіз ауданындағы немесе ішкі су бассейндегі қамтамасыздығы бір пайыздық биіктігі 0,6 метрге дейінгі толқындарда | 2,7 астам емес | палубалы кеме |
1,6 астам емес | палубасыз кеме |