"Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 тамызда № 15522 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Субсидиялауға жаңа вагондарды сатып алуға арналған кредиттеу және қаржылық лизингінің сыйақы мөлшерлемесі жатады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Субсидиялауға қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес тасымалдаушыларға арналған сыйақы мөлшерлемесінің жылдық мөлшері 0,1%-дан және операторларға арналған сыйақы мөлшерлемесінің жылдық мөлшері 5%-дан асқан, алайда 10%-дан жоғары емес жағдайда жатады, ал қалған бөлігі тасымалдаушы мен операторлармен төленеді.";

      6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 17 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 10 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 410 бұйрығына
қосымша
Әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
жолаушыларды
тасымалдаушылар мен
операторлардың вагондарды
(контейнерлерді) сатып алуын
кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының
мөлшерлемесін субсидиялаудың
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен
операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың
қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау туралы _______________
№ ____ шартына сәйкес
(күні және нөмірі)
_________ кезеңі үшін № ____ "____________________________________"
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
бюджеттік бағдарламасы бойынша Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша
жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді)
сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының
мөлшерлемесін субсидиялауға арналған тізімдеме

№ р/с

Тасымалдаушының немесе оператордың атауы

Қаржылық институт есептік кезең үшін есептеген сыйақы
 

Есептік кезеңде бюджеттік қаражаттың есебінен сыйақы субсидиялануы тиіс
 

%

мың теңге

%

мың теңге

1

2

3

4

5






      ______ үшін субсидиялау сомасы____________________________ құрайды

       (санмен және жазбаша көрсетілген сома, теңге)

Тараптардың заңды мекенжайлары:


Уәкілетті орган:
БСН
Банктік деректемелері
______________________________
(басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
______________________________
(тізімдемені қабылдау үшін жауапты
басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөр орны

Тасымалдаушы:
БСН
Банктік деректемелері
______________________________
(басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
______________________________
(бас бухгалтердің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Мөр орны


О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 16 июня 2016 года № 497 "Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов перевозчиками пассажиров по социально значимым сообщениям и операторами вагонов (контейнеров)"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 410. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 августа 2017 года № 15522.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан 16 июня 2016 года № 497 "Об утверждении Правил субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов перевозчиками пассажиров по социально значимым сообщениям и операторами вагонов (контейнеров)" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14002, опубликованный 6 сентября 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      в Правилах субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов перевозчиками пассажиров по социально значимым сообщениям и операторами вагонов (контейнеров), утвержденных указанным приказом:

      дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:

      "3-1. Субсидированию подлежат ставки вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение новых вагонов.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Субсидированию подлежит часть ставки вознаграждения по договорам займа/финансового лизинга, превышающая 0,1 % годовых для перевозчиков и 5 % годовых для операторов, но размером не более 10 %, а оставшаяся часть оплачивается перевозчиком или оператором.";

      приложение 6 изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан
__________________ Б. Султанов
17 августа 2017 год

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
__________________ Т. Сулейменов
10 августа 2017 год

  Приложение
к приказу Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 30 июня 2017 года № 410
  Приложение 6
к Правилам субсидирования
ставок вознаграждения при
кредитовании и финансовом
лизинге на приобретение
вагонов перевозчиками
пассажиров по социально
значимым сообщениям и
операторами вагонов (контейнеров)
  Форма

                                    Ведомость
            для субсидирования ставки вознаграждения при кредитовании
      и финансовом лизинге на приобретение вагонов перевозчиками пассажиров
      по социально значимым сообщениям и операторами вагонов (контейнеров)
                        по бюджетной программе
                              № ____
      "________________________________________________________________"
                  (наименование бюджетной программы)

                              за период _______________
            согласно договору на субсидирование ставки вознаграждения
      при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов
      перевозчиками пассажиров по социально значимым сообщениям
                        и операторами вагонов (контейнеров)
                        № ________ от ____________________
                                          (номер и дата )

№ п/п

Наименование
перевозчика или оператора

Начислено вознаграждения финансовым институтом за отчетный период

Подлежит субсидированию вознаграждения за счет бюджетных средств за отчетный период

%

тыс.тенге

%

тыс.тенге

1

2

3

4

5






      Сумма субсидирования за ______составляет ______________________________________
                                          (сумма цифрами и прописью в тенге)

                              Юридические адреса сторон:

     

Уполномоченный орган:
БИН
Банковские реквизиты
______________________________
(подпись, фамилия, имя, отчество
руководителя (при его наличии)
______________________________
(подпись, фамилия, имя, отчество
руководителя, ответственного за прием
ведомости (при его наличии)
Место печати

Перевозчик:
БИН
Банковские реквизиты
______________________________
(подпись, фамилия, имя, отчество
руководителя (при его наличии)
______________________________
(подпись, фамилия, имя, отчество
(при его наличии) главного бухгалтера)
Место печати