"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі ұйымдарда қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1387) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) № 501 бұйрығы;
2) "Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14751 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде жарияланған) № 715 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А.Мырзахметов
2017 ж. 23 шілде
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б.Сұлтанов
2017 ж. 7 тамыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
___________ А. Мұхамедиұлы
2017 ж. 28 шілде
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 1 қосымша |
Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
2. Қамқоршылық кеңес мектепке дейінгі ұйымның дамуына ықпал ететін және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) өз қызметін мектепке дейінгі ұйыммен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға міндетті.
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган) құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия сайлайды.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.
Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
6. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады.
Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады.
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі.
Комиссия шешімі Комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
11. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлердің ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен мектепке дейінгі ұйымдар ұсынады.
Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір жастағы топтан осы мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілердің бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және білім беру ұйымдарында орналастырылады.
3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
14. Мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесі:
1) мектепке дейінгі ұйымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған мектепке дейінгі ұйым жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) мектепке дейінгі ұйымның бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4) мектепке дейінгі ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
5) мектепке дейінгі ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
6) тәрбиеленушілердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
7) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақтану сапасына, ауыз су режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
8) мектепке дейінгі ұйым басшысының мектепке дейінгі ұйымның қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
9) қиын өмірлік жағдайға тап болған тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін мектепке дейінгі ұйымның шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
10) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерген көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
11) мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүргізуге жәрдемдеседі;
12) ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы мектепке дейінгі ұйымда оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
13) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді;
14) мектепке дейінгі ұйымда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қызығушылықтары бойынша үйірмелерде және спорт секцияларына қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
15) педагогикалық ұжымға тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмысты жүзеге асыруға жәрдемдеседі, мектепке дейінгі ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, жалпы ата-аналар жиналыстарын өткізеді;
16) педагогтер, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге жәрдемдеседі;
17) мектепке дейінгі ұйым қызметінің мәселелері бойынша мәдени, сауықтыру іс-шараларын, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге жәрдемдеседі;
18) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарылады.
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, мектепке дейінгі ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
19. Осы мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
21. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
22. Отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және мектепке дейінгі ұйымның басшысына келісуге енгізіледі.
26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан Келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды.
Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. "Қолдаймын" немесе "қарсымын" дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңес хатшысы мектепке дейінгі ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
28. Мектепке дейінгі ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
29. Мектепке дейінгі ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
1) мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанда құрылған мектепке дейінгі ұйым үшін – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған мектепке дейінгі ұйым үшін – екінші деңгейдегі банкте ашылған шотына аударылады.
30. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға:
1) мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдауға;
2) мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
3) дарынды балаларды қолдауға;
4) пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға жұмсалады.
31. Мектепке дейінгі ұйым жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша ата-аналар жұртшылығын осы мектепке дейінгі ұйымның интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қызмет нәтижелері туралы хабардар етеді.
32. Осы кеңестің қызметі шеңберінде Қамқоршылық кеңес мүшесі алған, дербес деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын ақпарат үшінші адамдарғаға ашылмайды.
5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;
2) мектепке дейінгі ұйымды тарату, қайта ұйымдастыру кезінде;
3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;
4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде жүзеге асырылады.
34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:
1) жеке бастама бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);
2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 2-қосымша |
Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңесiнiң (бұдан әрi - Қамқоршылық кеңес) қызметiн ұйымдастыру және оны сайлау тәртiбiн айқындайды.
2. Қамқоршылық кеңес орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымы) дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
3. Қамқоршылық кеңес мүшелері өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) өз қызметін білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті.
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сайлайды.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.
Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
6. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады.
Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі.
Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
11. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады.
Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді іріктеу кезінде білімінің болуы, кәсіби білімі, құзыреттілігі, іскерлік беделі ескеріледі.
Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және білім беру ұйымдарында орналастырылады.
3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4) білім беру ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
5) білім беру ұйымы таңдаған оқу жылының басталуы мен аяқталуының баламалы мерзімдерін келіседі;
6) білім беру ұйымының эксперименттік білім беру бағдарламаларын келіседі;
7) тиісті деңгейдегі уәкілетті органның аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттаудан өтуге оның жұмысының қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысына ұсыным хат ұсынады;
8) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
9) жыл ішінде "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығына және "Бөбек" ұлттық ғылыми-тәжірибелік, оқу және сауықтыру орталығына жіберілген білім алушыларға үміткерлердің тізімдерін келіседі;
10) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, олардың құқықтарын қорғауға, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
11) санитарлық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақ өнімдерінің сапасына, ішу режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
12) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
13) қиын өмірлік жағдайдағы білім алушыларға қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін білім беру ұйымдарының шотына түскен демеушілік қаражаттың жұмсалуын бақылайды;
14) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
15) білім беру ұйымының әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге жәрдемдеседі;
16) білім алушылардан және ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден жасырын сұрау арқылы білім беру ұйымындағы білім алушылардың оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне оқу жылы ішінде 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
17) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру ұйымдарының мүдделері бойынша үйірмелерде және спорт секцияларында жұмыспен қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
18) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді;
19) педагогикалық ұжымға білім алушылардың отбасыларымен жұмысты жүзеге асыруға жәрдемдеседі, білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, жалпы ата-аналар жиналысын өткізеді;
20) білім беру ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі;
21) оқушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;
22) білім беру ұйымының қызметі бойынша мәдени-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларын, кеңестерін, семинарларын өткізуге ықпал етеді;
23) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.07.2024 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі.
Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырады.
Интернет-ресурстағы ақпаратта отырыстың өткізу күні, уақыты және орны көрсетіледі.
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
19. Осы білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын Қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
21. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
22. Отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және білім беру ұйымының басшысына келісуге енгізіледі.
26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан Келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды.
Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. "Қолдаймын" немесе "қарсымын" дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңес хатшысы білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырады.
28. Білім беру ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
29. Білім беру ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмекке арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған білім беру ұйымы үшін - екінші деңгейдегі банкте ашылған шотына аударылады.
30. Қайырымдылық көмектен түскен қаражат мынадай мақсаттарға жұмсалады:
1) білім беру ұйымының білім алушыларын әлеуметтік қолдауға;
2) білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
3) дарынды балаларды қолдауға;
4) дамушы ортаны ұйымдастыруға.
31. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша осы білім беру ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы ата-аналар қоғамдастығын өз қызметінің нәтижелері туралы хабардар етеді.
32. Қамқоршылық кеңестің мүшесі осы кеңестің қызметі шеңберінде жеке деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.
5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;
2) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде;
3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;
4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.
34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:
1) жеке бастама бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);
2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 3-қосымша |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңесiнiң (бұдан әрi – Қамқоршылық кеңес) қызметiн ұйымдастыру және оны сайлау тәртiбiн айқындайды
2. Қамқоршылық кеңес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ТжКБ ұйымы) дамуына ықпал ететін және ТжКБ ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) өз қызметін ТжКБ білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті.
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сайлайды.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.
Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
6. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерінің арасынан оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады.
Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі.
Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік, өкілді органдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, меценаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
11. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады.
Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір курстан осы ТжКБ ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және ТжКБ ұйымдарында орналастырылады.
3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
14. ТжКБ ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) ТжКБ ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған ТжКБ ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) ТжКБ ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4) ТжКБ ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
5) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) ТжКБ ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;
6) ТжКБ ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
7) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
8) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақтану сапасына, ауыз су режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
9) ТжКБ басшысының ТжКБ ұйымның қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
10) қиын өмірлік жағдайға тап болған тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін ТжКБ ұйымының шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылайды;\
11) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
12) ТжКБ ұйымының әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге жәрдемдеседі;
13) ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы ТжКБ ұйымда оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
14) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процессіне сониторинг жүргізеді;
15) ТжКБ ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі
16) білім алушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;
17) ТжКБ ұйымының қызметі бойынша мәдени-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларын, кеңестерін, семинарларын өткізуге ықпал етеді;
18) талантты жастарды қолдау шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
19) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарылады.
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі.
Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, ТжКБ ұйымының интернет-ресурсында орналастырады.
Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
19. Осы ТжКБ ұйымының Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
21. ТжКБ ұйымы қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
22. Отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және ТжКБ ұйымының басшысына келісуге енгізіледі.
26. ТжКБ ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды.
Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. "Қолдаймын" немесе "қарсымын" дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңес хатшысы ТжКБ ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
28. ТжКБ ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
29. ТжКБ ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ТжКБ ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмекке арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған ТжКБ ұйымы үшін - екінші деңгейдегі банкте ашылған шотқа аударылады.
35. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
1) ТжКБ ұйымының білім алушыларын әлеуметтік қолдау;
2) ТжКБ ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
3) дарынды балаларды қолдау;
4) дамушы ортаны ұйымдастыруға.
31. ТжКБ ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша ата-аналар жұртшылығын осы ТжКБ ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қызмет нәтижелері туралы хабардар етеді.
32. Қамқоршылық кеңестің мүшесі осы кеңестің қызметі шеңберінде жеке деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.
5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;
2) ТжКБ ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде;
3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;
4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.
34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:
1) жеке бастамасы бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);
2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 4-қосымша |
Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі –Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
2. Қамқоршылық кеңес балаларға арналған мектептен тыс қосымша білім беру ұйымын (бұдан әрі – Мектептен тыс ұйым) басқарудың алқалы органы ретінде оның дамуына жәрдемдесетін және мектептен тыс ұйымның қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) өз қызметін мектептен тыс ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті.
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сайлайды.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.
Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
6. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерінің арасынан оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады.
Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі.
Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері – кемінде 3 адам;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
11. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсына алады.
Ата-аналар қауымдастығынан үміткерлердің тізімі (әрбір жас тобынан осы мектептен тыс ұйымдағы білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде кандидаттар ұсынған құжаттарды қарайды, кандидаттың осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және мектептен тыс ұйымында орналастырылады.
3- тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
14. Мектептен тыс ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) мектептен тыс ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған мектептен тыс ұйымның жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) мектептен тыс Ұйымның бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4) білім беру ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
5) мектептен тыс ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады және демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдаланудың бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде оның нысаналы жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
6) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
7) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың, тамақтану сапасының, ауыз су режимінің сақталуына, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
8) мектептен тыс ұйым басшысының мектептен тыс ұйымының қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
9) қиын өмірлік жағдайға тап болған білім алушыларға қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін мектептен тыс ұйымның шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
10) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
11) мектептен тыс ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
12) білім алушыларына және ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы мектептен тыс ұйымның оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
13) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру ұйымдарының мүдделері бойынша үйірмелерде және спорт секцияларында жұмыспен қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
14) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процессіне сониторинг жүргізеді;
15) педагогикалық ұжымға оқушылардың отбасымен жұмыс істеуге жәрдемдеседі және қажет болған жағдайда мектептен тыс ұйымның әкімшілігімен бірлесіп жалпы ата-аналар жиналысын өткізеді.
16) мектептен тыс ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі
17) білім алушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;
18) мектептен тыс ұйым қызметінің мәселелері бойынша мәдени, сауықтыру іс-шараларын, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге жәрдемдеседі.
19) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарады.
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
4- тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі
16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі.
Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, мектептен тыс ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
19. Осы ұйымның Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
21. Мектептен тыс ұйым қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
22. Егер отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы не Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және мектептен тыс ұйымның басшысына келісуге енгізіледі.
26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан Келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды.
Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. "Қолдаймын" немесе "қарсымын" дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңестің хатшысы мектептен тыс ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
28. Мектептен тыс ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
29. Мектептен тыс ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған мектептен тыс ұйымдар үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған мектептен тыс ұйымы үшін - екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.
30. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға:
1) мектептен тыс ұйымның білім алушыларына әлеуметтік қолдау;
2) мектептен тыс ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
3) дарынды балаларды қолдау;
4) пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға жұмсалады.
31. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша осы білім беру ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы ата-аналар қоғамдастығын өз қызметінің нәтижелері туралы хабардар етеді.
32. Қамқоршылық кеңестің мүшесі осы кеңестің қызметі шеңберінде жеке деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.
5 - тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;
2) мектептен тыс ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде;
3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;
4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.
34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:
1) жеке бастамасы бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);
2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 5-қосымша |
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Ескерту. Бұйрық 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі (бұдан әрі-Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оның сайлау тәртібін айқындайды.
2. Қамқоршылық кеңес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын (бұдан әрі-білім беру ұйымы) оның дамуына жәрдемдесетін және білім беру ұйымының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
3) еріктілік;
4) ашықтық;
5) жариялылық пен шынайылық.
3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) өз қызметін білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті.
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
4. Қамқоршылық кеңесті білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сайлайды.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.
Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
6. Комиссия төрағасы комиссия мүшелерінің арасынан оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады.
Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссияның хатшысы болып табылады.
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі.
Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) білім беру ұйымының әкімшілік аумағында орналасқан қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері-1 адам;
2) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері - кемінде 3 адам. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қамқоршылық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады;
3) жергілікті өкілдік органдарының өкілдері – 1 адам;
4) мемлекеттік органдардың өкілдері – 1 адам;
5) құқық қорғау органдарының өкілдері – 1 адам;
6) бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл (бар болса) – 1 адам;
7) республикалық немесе жергілікті қоғамдық кеңестің өкілі-1 адам;
8) Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы (бар болса) – 1 адам;
9) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
10) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1-2 адам;
11) тәрбиеленушілердің өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1 адам.
11. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді педагогикалық кеңесте іріктеуден өткен білім беру ұйымдары ұсынады. Үміткерлердің тізімі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге жіберіледі.
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және мектептен тыс ұйымында орналастырылады.
3 - тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) білім беру ұйымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
2) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4) білім беру ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
5) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;
6) тиісті деңгейдегі уәкілетті органның аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттаудан өтуге оның жұмысының қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысына ұсыным хат ұсынады;
7) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
8) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді;
9) тәрбиеленушіні білім беру ұйымынан басқа білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымға ауыстыруды келіседі;
10) жазғы демалыс кезінде жазғы сауықтыру лагерьлерінде болу шарттарын, "Балдәурен" республикалық білім беру орталығына және "Бөбек" ұлттық ғылыми-білім беру орталығына жіберілетін білім алушыларға үміткерлердің тізімдерін келіседі;
11) тәрбиеленушілерді психологиялық және құқықтық қолдауға, олардың отбасылық орналасуына, асырап алушы ата-аналарды сүйемелдеуге және білім беру ұйымының түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеуге жәрдемдеседі;
12) білім беру ұйымы жанынан құрылған Асырап алушы ата-аналар мектебімен өзара іс-қимыл жасайды;
13) білім беру ұйымының санитариялық-гигиеналық жағдайларының сапасына, тамақтанудың сапасына, киім-кешектің, дәрілік препараттардың, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
14) білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражаттары мен материалдық құндылықтарының сақталуын, олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде олардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
15) тәрбиеленушілерге қатысты тәлімгерлік практикасын дамытуға жәрдемдеседі;
16) тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін білім беру ұйымдарының шотына түскен демеушілік қаражаттың жұмсалуын бақылайды;
17) білім беру ұйымы әкімшілігінің тәрбиеленушілер арасында құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың, нашақорлықтың, алкоголизм мен темекі шегудің, қаңғыбастық пен қайыр сұраудың алдын алу жөніндегі қызметіне жәрдемдеседі;
18) тәрбиеленушілер арасында тәртіпті нығайтуға жәрдемдеседі;
19) білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің заңды өкілдерімен және туыстарымен өзара іс-қимыл жасайды және білім беру ұйымында туындаған жанжалдарды шешуге жәрдемдеседі;
20) білім беру ұйымы әкімшілігінің қызметіне тәрбиеленушілерге оқыту, тәрбиелеу, емдеу, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және қоғамға ықпалдасу үшін жағдайлар жасауда жәрдемдеседі;
21) білім беру ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
22) тәрбиеленушілерден және олардың заңды өкілдерінен анонимді сауалнама жүргізу арқылы білім беру ұйымындағы білім алушылардың тұрмыс жағдайлары мен білім алуына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
23) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру ұйымдарының мүдделері бойынша үйірмелерде және спорт секцияларында қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
24) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды.
25) білім беру ұйымының қызметі бойынша мәдени-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларын, кеңестерін, семинарларын өткізуге ықпал етеді;
26) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарады.
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің үлгілік жұмыс жоспары негізінде әзірленген оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
4 - тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі
16. Қамқоршылық кеңестің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырады.
Интернет-ресурстағы ақпаратта отырыстың өткізу күні, уақыты және орны көрсетіледі.
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
19. Осы білім беру ұйымның Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
21. Білім беру ұйым қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
22. Егер отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы не Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және мектептен тыс ұйымның басшысына келісуге енгізіледі.
26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісім комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімнің ережелерін қарайды.
Келісім комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. "Қолдаймын" немесе "қарсымын" дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңестің хатшысы білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
28. Білім беру ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
29. Білім беру ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмекке арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған білім беру ұйымы үшін-екінші деңгейдегі банкте ашылған шотына аударылады.
30. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мына мақсаттарға:
1) білім беру ұйымның тәрбиеленушілеріне әлеуметтік қолдау;
2) білім беру ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
3) дарынды балаларды қолдау;
4) пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға жұмсалады.
31. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындылары бойынша осы білім беру ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы ата-аналар қоғамдастығын өз қызметінің нәтижелері туралы хабарлайды.