"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 3-2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссияларының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі - тұрғын үй комиссиясы) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) жанынан құрылатын, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға уәкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалық органдар болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру тәртібі
3. Тұрғын үй комиссиясының құрамы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі.
4. Тұрғын үй комиссиясы тақ санды кемінде бес адамнан құралады.
5. Тұрғын үй комиссиясы тұрғын үй комиссиясының төрағасынан, тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасарынан, тұрғын үй комиссиясының мүшелерінен және хатшысынан тұрады. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы мүше болып табылмайды.
Ескерту. 5-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар:
әлеуметтік жұмысты жетекшілік ететін орынбасарды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарлары;
заң қызметінің басшысы (әскери бөлім командирінің құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі);
қаржы қызметінің басшысы;
кадр қызметінің басшысы;
жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы (пәтер-пайдалану қызметінің бастығы);
мемлекеттік мекеменің өкілдері кіреді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Тұрғын үй комиссиясының төрағасы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары орындайды.
7-1. Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары болып әлеуметтік жұмысқа жетекшілік ететін мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары тағайындалады.
Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Хатшы мемлекеттік мекеме құрылымдық бөлімшесінің әскери қызметшілері (азаматтық персонал адамдары) қатарынан тағайындалып, тұрғын үй комиссиясының қарауына арналған мәселелерді дайындауды қамтамасыз етеді.
9. Тұрғын үй комиссиясы мынадай мәселелерді қарайды:
1) әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғын жайға мұқтаж деп тану;
2) әскери қызметшілерге қызметтік тұрғын үй беру;
3) әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау;
4) әскери қызметшілердің қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру;
5) бұған дейін жалға берілген қызметтік тұрғын үйді айырбастау;
6) қызметтік тұрғын үйді жалға алу шартын жасау;
7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында белгіленген өзге де мәселелер.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.09.2019 № 829 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Тұрғын үй комиссиясы осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мәселелерді қарауды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.09.2019 № 829 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Тұрғын үй комиссиясы айына кемінде бір рет отырыс өткізеді. Егер тұрғын үй комиссиясының отырысына тұрғын комиссиясының мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды деп есептеледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.09.2019 № 829 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Тұрғын үй комиссиясының шешімі отырысқа қатысқан тұрғын үй комиссиясының мүшелері жалпы санының дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
13. Тұрғын үй комиссиясының мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыс саны тең болған жағдайда тұрғын үй комиссиясының төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
14. Тұрғын үй комиссиясының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және тұрғын үй комиссиясының төрағасы, хатшысы, қатысқан мүшелері қол қояды.
Тұрғын үй комиссиясының хаттамасын тұрғын үй комиссиясының хатшысы еркін нысанда жүргізеді.
15. Тұрғын үй комиссиясы өзінің қызметін мемлекеттік мекеме таратылған немесе қайта құрылған кезде тоқтатады.