БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 тамыздағы № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15640 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларында:
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 3-2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы тұрғын үй комиссияларының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі - тұрғын үй комиссиясы) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясының (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) жанынан құрылатын, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға уәкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалық органдар болып табылады.";
5-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар:
әлеуметтік жұмысты жетекшілік ететін орынбасарды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарлары;
заң қызметінің басшысы (әскери бөлім командирінің құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі);
қаржы қызметінің басшысы;
кадр қызметінің басшысы;
жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы (пәтер-пайдалану қызметінің бастығы);
мемлекеттік мекеменің өкілдері кіреді.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары болып әлеуметтік жұмысқа жетекшілік ететін мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары тағайындалады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |