"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.03.2024 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.03.2024 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
___________ Е. Сағадиев
2017 жылғы 9 тамыз
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығымен |
|
бекітілді |
Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
2) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау – бұл оқытушының жалпы білім беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;
3) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық – әскери қызмет негіздеріне оқыту және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы ұғымды қалыптастыру мақсатында жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жүргізетін іс-шаралар кешені;
4) оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
5) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
6) оқу-жаттығу далалық жиын – практикалық мәселелерді пысықтау мақсатында өткізілетін әскери дайындықтың қорытынды кезеңі болып табылатын практикалық сабақтардың түрі;
7) тәрбиеленушілер – әскери дайындық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын Қазақстан Республикасының азаматтары.
Ескерт. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 15.01.2019 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) жүзеге асырылады.
4. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық оқытудың бір түрі болып табылады және оқу жоспарларына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын дербес оқу пәні ретінде енгізіледі.
2-тарау. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындықты ұйымдастыру тәртібі
5. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық оқу сабақтарын жоспарлауды, ұйымдастыруды және өткізуді, үлгерімді ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды қамтиды.
6. Оқу жұмысын жоспарлау оқу жоспары мен бағдарламаларын толық көлемде уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді.
7. Әскери дайындық бағдарламасын білім беру ұйымы бір оқу жылына (кезеңге) әзірлейді және ол теориялық және практикалық оқытудан тұрады.
8. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындыққа 34 сағат бөлінеді, олардың ішінде 22 сағат теориялық оқытуға және 12 сағат практикалық оқытуға бөлінеді.
9. Әскери дайындық пәні "бастапқы әскери және технологиялық дайындық" міндетті оқыту пәнімен құрылымдық-логикалық өзара сабақтасқан болады және мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) тактикалық даярлық;
2) оқ ату даярлығы;
3) жаппай қырып-жою қаруы және одан қорғану;
4) әскери топография;
5) саптық даярлық;
6) жалпыәскери жарғылар.
10. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында авиациялық мамандықтар бойынша бастапқы даярлық жүзеге асырылады.
11. Ағымдағы бақылау түрлері:
1) ауызша сұрау;
2) жазбаша бақылау;
3) аралас бақылау;
4) тестілер;
5) пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер.
12. Әскери дайындықты ұйымдастыру үшін мынадай оқу-материалдық база пайдаланылады:
1) саптық плац;
2) қару-жарақ пен әскери техниканың стенділерімен, макеттерімен, оқу құралдарымен және әскери мүлікпен жабдықталған оқу сыныптары;
3) тараулар бойынша (тактикалық даярлық, оқ ату даярлығы, жаппай қырып-жою қаруы және одан қорғану, әскери топография, саптық даярлық, жалпыәскери жарғылар) оқу әдебиеті.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 14.12.2020 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық 7 – 10 адамнан тұратын оқу бөлімшелерін қамтитын саны 21 – 30 адам бар оқу взводтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
14. Әскери дайындық бойынша сабақтар кестесін білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Оларда оқу сабақтарының саны, ұзақтығы және жүйелілігі көрсетіледі.
15. Сабақтар кестесі тәрбиеленушілерді тамақтандыру және демалысы үшін үзілісті көздейді.
16. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі және сабақ режимі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде айқындалады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.03.2024 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық өзіндік даярлық сағаттарында оларға бекітілген кабинеттерде сыныптар (взводтар) құрамында өткізіледі.
18. Оқу жылы аяқталғаннан кейін 10-сынып тәрбиеленушілерімен оқу-жаттығу далалық жиындары өткізіледі.