Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 398 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15646 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.03.2024 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.03.2024 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ___________ Е. Сағадиев

      2017 жылғы 9 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 29 шілдедегі
№ 398 бұйрығымен
  бекітілді

Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидалары қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      2) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау – бұл оқытушының жалпы білім беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

      3) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық – әскери қызмет негіздеріне оқыту және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы ұғымды қалыптастыру мақсатында жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жүргізетін іс-шаралар кешені;

      4) оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      5) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

      6) оқу-жаттығу далалық жиын – практикалық мәселелерді пысықтау мақсатында өткізілетін әскери дайындықтың қорытынды кезеңі болып табылатын практикалық сабақтардың түрі;

      7) тәрбиеленушілер – әскери дайындық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын Қазақстан Республикасының азаматтары.

      Ескерт. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 15.01.2019 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) жүзеге асырылады.

      4. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық оқытудың бір түрі болып табылады және оқу жоспарларына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайтын дербес оқу пәні ретінде енгізіледі.

2-тарау. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындықты ұйымдастыру тәртібі

      5. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық оқу сабақтарын жоспарлауды, ұйымдастыруды және өткізуді, үлгерімді ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды қамтиды.

      6. Оқу жұмысын жоспарлау оқу жоспары мен бағдарламаларын толық көлемде уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді.

      7. Әскери дайындық бағдарламасын білім беру ұйымы бір оқу жылына (кезеңге) әзірлейді және ол теориялық және практикалық оқытудан тұрады.

      8. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындыққа 34 сағат бөлінеді, олардың ішінде 22 сағат теориялық оқытуға және 12 сағат практикалық оқытуға бөлінеді.

      9. Әскери дайындық пәні "бастапқы әскери және технологиялық дайындық" міндетті оқыту пәнімен құрылымдық-логикалық өзара сабақтасқан болады және мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) тактикалық даярлық;

      2) оқ ату даярлығы;

      3) жаппай қырып-жою қаруы және одан қорғану;

      4) әскери топография;

      5) саптық даярлық;

      6) жалпыәскери жарғылар.

      10. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында авиациялық мамандықтар бойынша бастапқы даярлық жүзеге асырылады.

      11. Ағымдағы бақылау түрлері:

      1) ауызша сұрау;

      2) жазбаша бақылау;

      3) аралас бақылау;

      4) тестілер;

      5) пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер.

      12. Әскери дайындықты ұйымдастыру үшін мынадай оқу-материалдық база пайдаланылады:

      1) саптық плац;

      2) қару-жарақ пен әскери техниканың стенділерімен, макеттерімен, оқу құралдарымен және әскери мүлікпен жабдықталған оқу сыныптары;

      3) тараулар бойынша (тактикалық даярлық, оқ ату даярлығы, жаппай қырып-жою қаруы және одан қорғану, әскери топография, саптық даярлық, жалпыәскери жарғылар) оқу әдебиеті.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 14.12.2020 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық 7 – 10 адамнан тұратын оқу бөлімшелерін қамтитын саны 21 – 30 адам бар оқу взводтары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

      14. Әскери дайындық бойынша сабақтар кестесін білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Оларда оқу сабақтарының саны, ұзақтығы және жүйелілігі көрсетіледі.

      15. Сабақтар кестесі тәрбиеленушілерді тамақтандыру және демалысы үшін үзілісті көздейді.

      16. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі және сабақ режимі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде айқындалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 04.03.2024 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери дайындық өзіндік даярлық сағаттарында оларға бекітілген кабинеттерде сыныптар (взводтар) құрамында өткізіледі.

      18. Оқу жылы аяқталғаннан кейін 10-сынып тәрбиеленушілерімен оқу-жаттығу далалық жиындары өткізіледі.

Об утверждении Правил военной подготовки по дополнительным образовательным программам

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 29 июля 2017 года № 398. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 сентября 2017 года № 15646.

      В соответствии с подпунктом 26-14) пункта 2 статьи 22 Закона Республики Казахстан "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра обороны РК от 04.03.2024 № 217 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила военной подготовки по дополнительным образовательным программам.

      2. Департаменту образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан по воспитательной и идеологической работе.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра обороны РК от 04.03.2024 № 217 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
генерал-полковник
С. Жасузаков

      "СОГЛАСОВАН"
Министр образования и науки
Республики Казахстан
__________ Е. Сагадиев
9 августа 2017 года

  Утверждены
приказом Министра обороны
Республики Казахстан
от 29 июля 2017 года № 398

Правила
военной подготовки по дополнительным образовательным программам

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила военной подготовки по дополнительным образовательным программам определяют порядок военной подготовки по дополнительным образовательным программам.

      2. В настоящих правилах используются следующие понятия:

      1) промежуточная аттестация – процедура, проводимая с целью оценки качества освоения обучающимися содержания части или всего объема одной учебной дисциплины после завершения ее изучения;

      2) текущий контроль успеваемости обучающихся – это систематическая проверка знаний обучающихся, проводимая преподавателем на текущих занятиях в соответствии с общеобразовательной учебной программой;

      3) военная подготовка по дополнительным образовательным программам – комплекс мероприятий, проводимых организациями образования, реализующих образовательные программы общего среднего образования, в целях обучения основам воинской службы и формирования представления о Вооруженных Силах Республики Казахстан;

      4) учебная программа – программа, определяющая по каждой учебной дисциплине (предмету) содержание и объем знаний, умений, навыков и компетенций, подлежащих освоению;

      5) учебный план – документ, регламентирующий перечень, последовательность, объем (трудоемкость) учебных предметов, дисциплин (модулей), практик, иных видов учебной деятельности обучающихся соответствующего уровня образования и формы контроля;

      6) учебно-полевой сбор – вид практических занятий, являющийся заключительным этапом военной подготовки, проводимый в целях отработки практических вопросов;

      7) воспитанники - граждане Республики Казахстан, обучающиеся в организациях образования, реализующих образовательные программы общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования с дополнительными образовательными программами по военной подготовке.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра обороны РК от 15.01.2019 № 22( вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Военная подготовка по дополнительным образовательным программам в военных учебных заведениях, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан осуществляется в организациях образования, реализующих образовательные учебные программы среднего образования (далее – организации образования).

      4. Военная подготовка по дополнительным образовательным программам является одним из видов обучения и включается в учебные планы как самостоятельная учебная дисциплина, которая определяется Министерством обороны Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок организации военной подготовки по дополнительным образовательным программам

      5. Военная подготовка по дополнительным образовательным программам включает планирование, организацию и проведение учебных занятий, текущий контроль успеваемости и промежуточную аттестацию.

      6. Планирование учебной работы обеспечивает своевременное и качественное выполнение учебного плана и программ в полном объеме.

      7. Программа военной подготовки разрабатывается организацией образования на учебный год (период) и состоит из теоретического и практического обучения.

      8. На военную подготовку по дополнительным образовательным программам отводится 34 часа, из них 22 часа отводится на теоретическое обучение и 12 часов на практическое обучение.

      9. Предмет военной подготовки имеет структурно-логическую взаимосвязь с обязательным предметом обучения "начальная военная и технологическая подготовка" и включает в себя следующие разделы:

      1) тактическая подготовка;

      2) огневая подготовка;

      3) оружие массового поражения и защита от него;

      4) военная топография;

      5) строевая подготовка;

      6) общевоинские уставы.

      10. В организациях образования по дополнительным образовательным программ также осуществляются первоначальная подготовка по авиационным специальностям.

      11. Виды текущего контроля:

      1) устный опрос;

      2) письменный контроль;

      3) комбинированный контроль;

      4) тесты;

      5) дискуссии, тренинги, круглые столы.

      12. Для организации военной подготовки используется следующая учебно-материальная база:

      1) строевой плац;

      2) учебные классы, оборудованные стендами, макетами вооружения и военной техники, учебным пособием и военным имуществом;

      3) учебная литература по разделам (тактическая подготовка, огневая подготовка, оружие массового поражения и защита от него, военная топография, строевая подготовка, общевоинские уставы).

      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным приказом Министра обороны РК от 14.12.2020 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Военная подготовка по дополнительным образовательным программам осуществляется на государственном и русском языках по учебным взводам численностью 21 – 30 человек, которые включают в себя учебные отделения по 7-10 человек.

      14. Расписание занятий по военной подготовке утверждается руководителем организации образования. В них указываются количество, продолжительность и последовательность учебных занятий.

      15. Расписание занятий предусматривает перерыв для питания и отдыха воспитанников.

      16. Учебная нагрузка и режим занятий воспитанников определяются на основе государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования, утвержденных приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29031).

      Сноска. Пункт 16 - в редакции приказа Министра обороны РК от 04.03.2024 № 217 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. Военная подготовка по дополнительным образовательным программам проводится в составе классов (взводов) в закрепленных за ними кабинетах в часы самоподготовки.

      18. После окончания учебного года с воспитанниками 10-х классов проводятся учебно-полевые сборы.