Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығымен бекітілген |
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 17.05.2019 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен жол жүру шарттары экономикалық класс тарифі бойынша айқындалады.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әуе көлігіндегі эсперименттік әуе кемелерге ресімдеуге және жол жүруіне жол берілмейді.
3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше тәртіп көзделмесе, шетел мемлекеттеріне жаңа қызмет орнына ауысқан кезде әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің жол жүруі мемлекет есебінен әуе көлігімен жүзеге асырылады.
4. Әскери қызметші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік оқу орнына қабылданған кезде және оны аяқтағаннан кейін, сондай-ақ уәкілетті орган қосымша білім беру (біліктілікті арттыру, қайта даярлау, курстық даярлау, жетілдіру, мамандандыру және интернатура) бағдарламалары бойынша шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген кезде әскери қызметшілердің жол жүруі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15676 болып тіркелген) 61-тармағында айқындалған тәртіппен мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Әскери қызметші шетелдік әскери оқу орнына оқуға қабылданған кезде және оны аяқтағаннан кейін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің багажы мен қол жүгін тасымалдау авиатасымалдаушы экономикалық класс тарифі бойынша жол жүру құжатының (билеттің) құнына қосқан багаж бен қол жүгінің рұқсат етілген салмағы шегінде мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Рұқсат етілген салмақтан асатын қосымша багаж бен қол жүгін тасымалдау үшін ақы төлеу әскери қызметшілердің жеке қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте осы шығыстар мемлекет есебінен өтеуге жатпайды.Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің шетелдік әскери оқу орындарына оқуға және кері қарай жол жүруін әскери білімге жауапты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшесінің өтінімдері бойынша әскери қатынастар органдары орындайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен өзгеше тәртіп көзделмесе, шетелдік оқу орнында білім алатын әскери қызметшінің Қазақстан Республикасына тағылымдамаға келуге және кері қарай жол жүруі білім алатын жерінен әскери қызметші өкіміне жіберілген әскери басқару органының орналасқан жеріне дейін және тағылымдамадан өтетін орнынан (жөнелту пунктінен) білім алатын жеріне дейін мемлекет есебінен әуе көлігімен жүзеге асырылады.
6. Әскери қызметшілерге жедел медициналық көмекті, операция жасауды қажет ететін және олардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін басқа да шұғыл жағдайларда, сонымен қатар қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің мәйітін тасымалдау және оны жерлеу орнына дейін алып жүретін адамдардың әуе көлігімен жол жүруі жоғары қолбасшылықтың өкімдері, нұсқаулары негізінде мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
7. Әскери қызметшілердің далалық шығуларға (теңізге шығуларға), оқу-жаттығуларға, әскерлер парадтарына және кері қарай әуе көлігімен жол жүруі жоғары қолбасшылықтың өкімдері, нұсқаулары негізінде мемлекеттік авиация кемелерімен жүзеге асырылады.
8. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше тәртіп көзделмесе, әскери қызметшілерді терроризмге қарсы операцияларға, бейбітшілікті және қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға, жауынгерлік іс-қимылдарға, төтенше жағдайларды таратуларға қатысу, қарулы жанжалдар шарттарында міндеттерді орындау үшін, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің аумағында әуе көлігімен тасымалдау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
9. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзгеше тәртіп көзделмесе, шетелдік оқу орындарында оқитын курсанттардың, кадеттердің каникулдық демалыстарға жол жүруі білім алатын жерінен Қазақстан Республикасының шегіндегі демалысты өткізу орнына дейін және кері қарай әуе көлігімен мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
9-1. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының біріккен штабында қызмет өткеретін әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің демалысқа барған және кері қайтқан кезде қызмет орнынан (жақын маңдағы халықаралық әуежайдан) Қазақстан Республикасы шегінде демалыс өткізетін жеріне (жақын маңдағы халықаралық әуежайға) дейін және кері қарай әуе көлігімен жол жүруі жылына бір рет жол жүргені үшін шығысты кейіннен төлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабында қызмет өткеретін әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің демалысқа барғанда және кері қайтқанда жүк пен қол жүгін жеткізу авиатасымалдаушы экономикалық класс тарифі бойынша жол жүру құжатының (билеттің) құнына қосқан жүк пен қол жүгінің рұқсат етілген салмағы шегінде мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Рұқсат етілген салмақтан астам қосымша жүк пен қол жүгін жеткізу үшін ақы төлеу әскери қызметшінің жеке қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте осы шығыс мемлекет есебінен өтелмейді.
Ескерту. Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 28.12.2023 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Егер шетелдік оқу орнында білім алатын курсант тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының шегінде өткізілетін демалысқа және одан әрі білім алатын жеріне кеткен жағдайда, оның әуе көлігімен жол жүруі демалысты өткізу орнынан (жөнелту пунктінен) білім алатын жеріне дейін мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
11. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің жол жүруі Қазақстан Республикасының шегінде басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан жағдайда бұрынғы орнынан жаңа қызмет орнына дейінгі аралық екі мың шақырымнан артық болған жағдайда әуе көлігімен әскери қызметшінің баянаты бойынша (теміржол, автомобиль және ішкі су көлігінде жол жүрудің орнына) одан әрі жол жүруі үшін шығындарды мемлекет есебінен төлеумен рұқсат етіледі.
12. Осы Қағидаларда мемлекет есебінен жол жүру көзделген жағдайларда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өз қаражаты есебінен әуе көлігімен жол жүру үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алғаны үшін шығыстарды төлеу (бұдан әрі – жол жүру үшін шығыстарды төлеу):
1) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алатын күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгеде;
2) әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімде;
3) келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған жол жүру жағдайларынан басқа, әскери бөлім командирінің жол жүру үшін шығыстарды төлеу туралы бұйрығы шығарылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі.
Әскери бөлім командирінің жол жүру үшін шығыстарды төлеу туралы бұйрығы әскери қызметші баянатты, жол жүру құжаттарын (билеттерді) және отырғызу талондарын ұсынған кезде шығарылады
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Әскери қызметшілер іссапарға, әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің демалысқа немесе басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан жағдайда жол жүруі мемлекеттік авиацияның әуе көлігімен бастапқы бағдардан соңғысына дейін жол үсті бағыттағы рейсті орындаған жағдайда рұқсат беріледі, сонымен бірге жол жүру үшін жоғары басшылықтың өкімдері, нұсқаулары негіздеме болады.
14. Әскери бөлім командирінің жол жүру үшін шығыстарды төлеу тұралы бұйрығының шығуына негіз болып табылатын құжаттар әскери тасымалдау жөніндегі іске тігіледі және бес жыл бойы сақталуға тиіс.
Ескерту. Қағида 14-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 15.04.2021 № 217 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.