БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1380 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15643 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына және 50-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда: L – шығу пунктінен бару пунктіне дейінгі шекара арасындағы автомобиль жолының ұзақтығы, километрмен;
20 км – тұрақты шама;
1 аек – әскери қызметшіні әскери бөлім жеке құрамының тізіміне алған жылы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.".
2. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15659 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының біріккен штабында қызмет өткеретін әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің демалысқа барған және кері қайтқан кезде қызмет орнынан (жақын маңдағы халықаралық әуежайдан) Қазақстан Республикасы шегінде демалыс өткізетін жеріне (жақын маңдағы халықаралық әуежайға) дейін және кері қарай әуе көлігімен жол жүруі жылына бір рет жол жүргені үшін шығысты кейіннен төлеу мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабында қызмет өткеретін әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің демалысқа барғанда және кері қайтқанда жүк пен қол жүгін жеткізу авиатасымалдаушы экономикалық класс тарифі бойынша жол жүру құжатының (билеттің) құнына қосқан жүк пен қол жүгінің рұқсат етілген салмағы шегінде мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Рұқсат етілген салмақтан астам қосымша жүк пен қол жүгін жеткізу үшін ақы төлеу әскери қызметшінің жеке қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте осы шығыс мемлекет есебінен өтелмейді.".
3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15676 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 16-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Әскери жолаушы теміржол көлігінде жол жүрген кезде кез келген санаттағы поездың қолайлығы төмен немесе жоғары вагонда жол жүру құжаты (билет) ресімделеді.";
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Әскери жолаушы мемлекет есебінен жол жүру көзделген жағдайда жол жүру құжатын (билетті) өз қаражатына сатып алған жағдайда:
1) мерзімді әскери қызметтен және әскери жиыннан босатылған;
2) әскери бөлім орналасқан жерді өз еркімен тастап кеткенді, қамаққа алынғанды немесе сотталғанды қоспағанда, осы шығыс кейіннен төленуге тиіс.
Тұрақты жүретін қалалық (ауылдық), қала маңындағы және аудан ішіндегі автомобиль тасымалының, такси және қалалық рельстік көлік (метрополитен, трамвай, жеңіл рельстік және монорельстік көлік) тасымалының маршруты бойынша шығыс мемлекет есебінен төленбейді.
25. Әскери жолаушыға жол жүргені үшін шығысты төлеу үшін негіздеме әскери жолаушы мынадай құжаттарды:
1) баянат (өтініш);
2) әскери бөлім командирінің, жергілікті әскери басқару органы басшысының әскери қызметшінің (әскери қызметтен шығарылған адамның) кеткені туралы бұйрығынан үзінді және қолына берілетін құжат (іссапар куәлігі, бару пункті көрсетілген демалыс билеті) көшірмесін;
3) пайдаланылмаған әскери талаптың түпнұсқасын, не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери жолаушы ақшалай жабдықталымда тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) әскери талаптарды алмағаны туралы анықтаманы;
4) әскери жолаушының жеке қаражатына сатып алынған жол жүру құжатының (билеттің) түпнұсқасын ұсынғаннан кейін әскери қызметші ақшалай жабдықталымда тұрған әскери бөлім (мекеме) командирі немесе әскери жолаушы әскери есепке қойылған жергілікті әскери басқару органының басшысы шығарған бұйрық болып табылады.
Жеке қаражатқа сатып алынған жол жүру құжатының (билетінің) түпнұсқасы болмаған кезде жол жүргені үшін шығысты кейіннен төлеу сол маршрут бойынша жол жүрудің ең төмен құны бойынша жүргізіледі.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметші немесе әскери міндетті теміржол көлігімен жол жүрген кезде әскери талап отыз адамға дейін жеткізуге бір бланк есебінен беріледі, бұл ретте әскери талаптың "жеткізу мақсаты" деген жолында "әскерге шақыру" деп көрсетіледі.";
62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ұйымына курстық даярлыққа, семинарға, біліктілікті арттыруға, қайта даярлауға, жетілдіруге және мамандандыруға, сондай-ақ интернатурадан өту үшін жіберген кезде әскери қызметшінің жол жүруі әскери талап бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте әскери талаптың "жеткізу мақсаты" деген жолында "оқу орнына" деп көрсетіледі.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабында қызмет өткеретін әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерін қоспағанда, жоғарғы қолбасшылықтың (жоғары командалық құрамның) және келісімшарт бойынша әскери қызметшінің демалыс өткізу орнына және кері қарай жол жүруі олардың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте жол жүру үшін шығыс кейіннен төленбейді.";
89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Қарауылдың жол жүруі:
1) теміржол көлігінде – кез келген санаттағы поездың жеке купесінде, әскери қызметші ақшалай жабдықталымда тұрған әскери бөлімде берілген әскери талап бойынша ресімделген жол жүру құжаты (билет) бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте әскери талап әрбір әскери қызметшіге бөлек беріледі, әскери талаптың "жеткізу мақсаты" деген жолында "қарауыл" деп көрсетіледі;
2) автомобиль көлігінде – гарнизон шегінде қызметтік автомобиль көлігінде, гарнизондар арасындағы арақашықтық екі жүз километрден аз болған немесе осы жергілікті жерде теміржол көлігі болмаған кезде;
3) теңіз және ішкі су көлігінде – кеменің жеке каютасында.";
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Әскери талаптарды есепке алуды, сақтауды, беру, жол жүру үшін шығысты мемлекет есебінен төлеу және өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу заңдылығын тексеруді (бұдан әрі – тексеру) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасары бекіткен жылдық тексеру жоспары негізінде әскери қатынастар органы берген нұсқамалар бойынша акті жасаумен әскери қатынастар органының өкілдері жүргізеді.
Ақшалай ризықта жоғары қолбасшылықтың лауазымды адамдары (жоғары командалық құрам) тұратын әскери бөлімдерде және әскери оқу орындарында тексеруді әскери қатынастар органының өкілдері ҚР ҚМ ішкі аудит органының өкілдерімен бірлесіп жүргізеді.
Әскери қатынастар органының қолбасшылығы жоспардан тыс тексеруді мынадай:
1) әскери талаптар бланкілерін жоғалту, ұрлау немесе жетіспеу фактілері туралы ақпарат келіп түскен;
2) әскери бөлімнің, жергілікті әскери басқару органының дербес шотын жапқан;
3) алда болатын әскери бөлімді таратқан, қайта құрған, әскери қатынастар органының өкілдерін тиісті комиссия құрамына қосумен әскери бөлім командирлері, жергілікті әскери басқару органының басшылары істер мен лауазымын қабылдаған, тапсырған жағдайда тағайындайды.
Қаржы жылы аяқталғаннан кейін әскери қатынастар органының қолбасшылығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарының мекенжайына анықталған бұзушылық туралы баяндауды, ал тексеру барысында жоғалту, ұрлау немесе жол жүру үшін шығысты мемлекет есебінен заңсыз төлеу фактісі анықталған жағдайда дереу ұсынады.";
109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"109. Әскери талаптың бланкісімен жабдықтауды әскери бөлімнің, жергілікті әскери басқару органының негізделген өтінімі бойынша жылдық айналым туралы деректерге сәйкес әскери қатынастар басқармасы жүзеге асырады.
Әскери талаптың бланкісімен жабдықтау кезінде әскери қатынастар басқармасы әскери бөлімнің, жергілікті әскери басқару органының өкілімен есептік және бухгалтерлік деректерді салыстырып тексереді.
Әскери талаптың бланкісін әскери бөлім, жергілікті әскери басқару органы арасында ауыстыру әскери қатынастар органының қолбасшылығы берген наряд негізінде жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 120-1-тармақпен толықтырылсын:
"120-1. Әскери талапты дұрыс есепке алуды тексеруді осы Қағидаларға 127-1-тармаққа сәйкес ішкі тексеру комиссиясы жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 127-1-тармақпен толықтырылсын:
"127-1. Алуды, сақтауды, есептен шығару мен жоюды тексеру үшін ішкі тексеру комиссиясы тағайындалады, ол жартыжылда бір реттен сиретпей:
1) әскери талапты алуды, есепке алу мен сақтауды;
2) есепке алу деректері бойынша әскери талаптың және оның түбіртегінің нақты болуын, әскери талапты дұрыс толтыруды және қол қоюды, сондай-ақ оны беру үшін негіздеменің болуын;
3) әскери талапты есептен шығаруды және жоюды тексереді.
Әрбір тексеру осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі тексеру комиссиясының актісімен ресімделеді.";
128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"128. Әскери талапты беру үшін жауапты лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың деректеріне сәйкес әскери жолаушының әскери атағын, тегі мен инициалдарын;
2) станцияның атауын дұрыс және айқын көрсетеді."
137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"137. Берілген әскери талаптың сериясы мен нөмірі әскери қызметшінің нұсқамасында, демалыс билетінде көрсетіледі.";
145, 146 және 147-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"145. "Жеткізу мақсаты" деген 6-жолда "тасымалдаудың мынадай мақсаттарының бірі толтырылады: "әскерге шақыру", "демалыс", "емделу", "жаңа қызмет орнына", "жұбайының (зайыбының) қызмет орнына", "жұмыстан босату", "қарауыл", "оқу орнына", "жұбайының (зайыбының) оқу орнына", "ҚР ҚК жоспары бойынша", "тағылымдама", "далалық жорық", "оқу-жаттығу", "парад", "жүк – 300", "қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшінің отбасы", "тергеу іс-шаралары", "сот отырысына қатысу үшін", "жарыс".
146. "Берілген күн" деген 7-жолда берілген күні көрсетіледі.
147. "... дейін жарамды" деген 8-жолда әскери талаптың қолданылу мерзімінің аяқталған күні жол жүру құжатын (билетті) сатып алған күнге көрсетіледі.";
153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"153. "Жөнелту станциясы" және "Баратын станция" деген жолда жөнелту және баратын станцияның атауы көрсетіледі.";
159 және 160-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"159. "Берілген күні" деген жолда берілген күні көрсетіледі.
160. "... дейін жарамды" деген жолда әскери талаптың қолданылу мерзімінің аяқталған күні көрсетіледі.";
164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"164. "Жөнелту станциясы" және "Баратын станция" деген жолда жөнелту және баратын станцияның атауы көрсетіледі.";
169 және 170-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"169. "Берілген күні" деген жолда берілген күні көрсетіледі.
170. "... дейін жарамды" деген жолда әскери талаптың қолданылу мерзімінің аяқталған күні көрсетіледі.";
4-тараудың 9-параграфы алып тасталсын;
4-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Әскери талапты алмағаны туралы
АНЫҚТАМА
_______________________________________________________ берілді.
(туыстық дәрежесі, тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)
Оған және отбасы мүшелеріне:
____________________________________________________________________
(туыстық дәрежесі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні)
____________________________________________________________________
(туыстық дәрежесі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні)
____________________________________________________________________
(туыстық дәрежесі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні)
____________________________________________________________________
(туыстық дәрежесі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні)
____________________________________________________________________
(туыстық дәрежесі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні)
____________________________________________________________________
(туыстық дәрежесі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), туған күні)
әскери талап берілген жоқ.
Командир (бастық) ____________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалы және тегі)
М.О.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Жоюға рұқсат етемін ____________________________ (лауазымы) ____________________________ (әскери атағы, қолы, инициалы және тегі) 20___ ж. "___" ______________ |
Әскери талапты жою
АКТІСІ
20___ ж. "___" ___________ ______________ қ.
Мынадай құрамдағы комиссия
____________________________________________________________________
(комиссия төрағасы мен мүшелерінің атқаратын лауазымы,
____________________________________________________________________
әскери атағы, тегі мен инициалы)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларының ___-тармағына (тармақшасына) сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15676 болып тіркелген) пайдаланылған және бүлінген әскери талаптың түбіртегін есептен шығару және жою үшін іріктеді:
Р/с № | Әскери талаптың сериясы мен нөмірі | Саны | Пайдаланылған кезең | Тексерілген жыл | Тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы ____________________ атау жойылуға тиіс, актінің жазбалары
(жазбаша)
есептік деректермен салыстырып тексерілді.
Комиссия төрағасы:
____________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалы және тегі)
Комиссия мүшелері:
____________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалы және тегі)
____________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалы және тегі)
Атап көрсетілген құжаттарды жоюға рұқсатты алғаннан кейін есепке алу
кітабындағы жазбалармен салыстырып тексердік және
____________________________________________________________________
(жою тәсілі көрсетілсін)
арқылы толық жойдық.
Комиссия төрағасы:
____________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалы және тегі)
М.О.
Комиссия мүшелері:
____________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалы және тегі)
____________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалы және тегі)
Жойылған құжаттар есепке алу кітабында есептен шығарылды.
____________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, инициалы және тегі)
20___ ж. "___" ______________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша |
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
20 ___ жыл үшін әскери талап бланкісінің қозғалысы жөніндегі
ЕСЕП БЕРУ (дербес шот № _______)
______________________________________________________________
(әскери бөлім (мекеме) атауы)
Ескертпе:
1. Есеп беру жылына бір рет жасалады және әскери бөлім командирі, жергілікті әскери басқару органының басшысы 5 қаңтарға қарай ұсынады.
2. Есептіден кейінгі ____ жылғы 1 қаңтарда бланк қалдығы сериясы мен нөмірі бойынша жеке парақта көрсетіледі және есеп беруге қоса беріледі.
___________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, инициалы және тегі)
М.О.
20 ___ж. "___" _____________