"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мырзахметов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 345 бұйрығымен бекітілген |
Үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Үйлестіру кеңесі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерін басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша қабылданатын шешімдердің ашыктығын қамтамасыз ету мақсатында табиғат қорғау мекемелері жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган.
3. Табиғат қорғау мекемелерi - ұйымдық-құқықтық нысанда құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер.
4. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес келетін заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Үйлестіру кеңесінің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
5. Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаттары:
1) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (бұдан әрі – ЕҚТА) туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелері (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемелері) қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
2) табиғат қорғау мекемелерін басқару тиімділігін арттыру болып табылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 28.02.2024 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Үйлестіру кеңесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ЕҚТА-да туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша халықпен өзара іс-қимыл жүргізу;
2) ЕҚТА-да туризм мен рекреацияны дамыту саласындағы табиғат қорғау мекемелері қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;
3) бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы жылына кемінде екі рет үйлестіру кеңесінің қызметі туралы халықты хабардар ету.
7. Үйлестіру кеңесі:
1) ЕҚТА-да туризм және рекреацияны дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) табиғат қорғау мекемелерімен келісім бойынша әртүрлі табиғат қорғау және экологиялық-ағарту іс-шараларына қатысуға;
3) үйлестіру кеңесінің отырысына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін шақыруға;
4) ЕҚТА-да туризм мен рекреацияны дамыту үшін азаматтарды, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді, бизнес-қоғамдастықты, ғалымдар мен ғылыми ұйымдарды тартуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
3-тарау. Үйлестіру кеңесінің құрамы және оның жұмыс тәртібі
8. Үйлестіру кеңесі табиғат қорғау мекемесінің шешімімен құрылады.
9. Үйлестіру кеңесі үйлестіру кеңесінің төрағасы, хатшысы және мүшелері құрамында қалыптасады.
Үйлестіру кеңесінің құрамы үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінен, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен, мемлекеттік қызметкер емес және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген теңестірілген адамдарға жатпайтын қоғам қайраткерлері, жергілікті өзін-өзі басқару органының өкілдерінен, атқарушы және өкілді органдардың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен, кәсіпкерлік субъектілерінің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің (1 (бір) өкілден артық емес) және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлерінен (2 (екі) өкілден артық емес) қалыптасады.
Үйлестіру кеңесінің сандық құрамы 13 өкілден аспайтын тақ санды болады.
Үйлестіру кеңесіндегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 28.02.2024 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады. Үйлестіру кеңесінің төрағасы ашық дауыс беру арқылы үйлестіру кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 28.02.2024 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібі жобаларын қалыптастыру, отырыс хаттамасын жүргізу, үйлестіру кеңесі мүшелерін кезекті отырыс туралы хабардар ету үшін табиғат қорғау мекемесінің қызметкерлері қатарынан хатшы тағайындалады. Хатшы үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылмайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 28.02.2024 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Үйлестіру кеңесінің мүшелері:
1) үйлестіру кеңесі отырыстарында күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау кезінде тең құқыққа ие болуға;
2) үйлестіру кеңесі төрағасына үйлестіру кеңесі қызметінің мәселелері бойынша жүгінуге;
3) үйлестіру кеңесіне келіп түсетін ақпаратты белгіленген тәртіппен пайдалануға;
4) мүшесі болып табылатын үйлестіру кеңесі отырыстарының жұмысына, сондай-ақ үйлестіру кеңесі өткізетін өзге іс-шараларға жеке басы қатысуға құқылы.
13. Үйлестіру кеңесі құрамына кірмейтін басқа адамдарға өз өкілеттіктерін беруге жол берілмейді.
14. Үйлестіру кеңесінің отырысы тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 28.02.2024 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Үйлестіру кеңесі отырысының күні мен күн тәртібі және онда қаралатын мәселелер туралы үйлестіру кеңесі мүшелеріне оны өткізуге дейін 7 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарланады. Үйлестіру кеңесі шешімдерінің жобалары және отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша өзге де материалдар дайындалады және олар қаралғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей, үйлестіру кеңесі мүшелеріне жолданады.
16. Үйлестіру кеңесінің шешімі отырысқа үйлестіру кеңесі мүшелерінің қатысушы көпшілік ашық дауысымен қабылданады.
17. Хаттамаға төраға, үйлестіру кеңесінің мүшелері және хатшы қол қояды және ол қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 28.02.2024 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Үйлестіру кеңесінің отырыстары ашық болып табылады. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 28.02.2024 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.