"Үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 наурызда № 34092 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15713 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережеде:

      5-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (бұдан әрі – ЕҚТА) туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы табиғат қорғау мекемелері (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемелері) қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Үйлестіру кеңесі үйлестіру кеңесінің төрағасы, хатшысы және мүшелері құрамында қалыптасады.

      Үйлестіру кеңесінің құрамы үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінен, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен, мемлекеттік қызметкер емес және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген теңестірілген адамдарға жатпайтын қоғам қайраткерлері, жергілікті өзін-өзі басқару органының өкілдерінен, атқарушы және өкілді органдардың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен, кәсіпкерлік субъектілерінің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің (1 (бір) өкілден артық емес) және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлерінен (2 (екі) өкілден артық емес) қалыптасады.

      Үйлестіру кеңесінің сандық құрамы 13 өкілден аспайтын тақ санды болады.

      Үйлестіру кеңесіндегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады. Үйлестіру кеңесінің төрағасы ашық дауыс беру арқылы үйлестіру кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібі жобаларын қалыптастыру, отырыс хаттамасын жүргізу, үйлестіру кеңесі мүшелерін кезекті отырыс туралы хабардар ету үшін табиғат қорғау мекемесінің қызметкерлері қатарынан хатшы тағайындалады. Хатшы үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылмайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Үйлестіру кеңесінің отырысы тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Хаттамаға төраға, үйлестіру кеңесінің мүшелері және хатшы қол қояды және ол қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Үйлестіру кеңесінің отырыстары ашық болып табылады. Үйлестіру кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады