БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8933 болып тіркелді, "Казахстанская правда" газетінде 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 69 (27690) болып жарияланды) мынадай өзгерiстер енгiзілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілерін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілері, сондай-ақ оларды беру қағидалары бекітілсін";
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада қағаз және электронды түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 617 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 630 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік және патрульдік
полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері
қызметкерлерінің жетондарының үлгілері, сондай-ақ оларды беру қағидалары 1-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі
1-сурет | 2-сурет |
1. Жол-патрульдік полициясының бөліністері қызметкерінің жетоны (1 және 2-суреттер) диаметрі 90 миллиметр (мм) түсі сары сегіз бұрышты нысанда анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізі және жапсырмалар.
2. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының суреті орналасқан.
3. Негіздің орталық күнді бөлігінің аясы көгілдір эмальмен құйылған.
4. Орталық бөліктің үстінде айналасы көгілдір эмальмен құйылған секторда сары түсті "ЖОЛ-ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯСЫ" және "POLICE" деген жазулар орналасқан.
5. Жетонның төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетондарының үлгілеріне, сондай-ақ оларды беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетондарының қара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады (бұдан әрі – Серия).
6. Жетон визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары патрульдік полициясының
саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының белгісі
3-сурет | 4-сурет |
7. Патрульдік полицияның бөліністері қызметкерінің жетоны (3 және 4-суреттер) диаметрі 90 миллиметр (мм) түсі сары сегіз бұрышты нысанда анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізі және жапсырмалар.
8. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының суреті орналасқан.
9. Негіздің орталық күнді бөлігінің аясы көгілдір эмальмен құйылған.
10. Орталық бөліктің үстінде айналасы көгілдір эмальмен құйылған секторда сары түсті "ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ" және "POLICE" деген жазулар орналасқан.
11. Жетонның төменгі бөлігінде кара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.
12. Жетон визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мамандандырылған күзет
қызметі саптық бөліністері қызметкерлерінің жетонының үлгісі
5-сурет | 6-сурет |
13. Мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністері қызметкерінің жетоны (сурет) диаметрі 90 миллиметр (мм) түсі сұр аударылған таға нысанында анодталған алюминийден жасалған және екі бөлімнен тұрады: негізі және жапсырмалар.
14. Белгінің ортасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының суреті орналасқан.
15. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының үстінде көгілдір эмальмен құйылған секторда қызыл түсті "POLICE" жазуы орналасқан.
16. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары эмблемасының астында көк эмальмен құйылған секторда қызыл түсті "МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ" жазу орналасқан.
17. Жетонның төменгі бөлігінде қара түсті төрт санды код белгісі және екі санды сериясы бар сары түсті жапсырма болады.
18. Жетон визорлы бекіткіші бар түйреуішпен бекітіледі.
4-тарау. Жетондарды беру тәртібі
19. Жетон жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністерінің барлық қызметкерлеріне беріледі, оларды бекіту ішкі істер органының бастығының не оны алмастыратын адамның (бұдан әрі – ІІО) бұйрығымен жүзеге асырылады.
20. Жетон лауазымға тағайындалған, ауысқан (қайта тағайындалған), бұзылған, бұрын берілген жетонды жоғалтқан кезде беріледі.
21. Жетонды беруді және қайтаруды есепке алу жетондарды есепке алу, беру, тапсыру журналында жүзеге асырылады, ол осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөліністерінің жетондарының үлгілеріне, сондай-ақ оларды беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленеді, тігіледі және қол қоюмен және мөрмен куәландырылады.
22. Жетонды берудің, қайтарудың және жұмсаудың есебін материалдық жауапты адам (бұдан әрі – Жауапты адам), ІІО уәкілетті басшылығы болып табылатын полиция қызметкері жүзеге асырады.
23. Жетонды жоғалтқан, бұзған немесе басқа адамдарға берген жағдайда жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөлінісінің қызметкері болған жағдай туралы тікелей командиріне баянатпен баяндайды, ол жиырма төрт сағаттың ішінде бұл туралы жоғары тұрған басшылыққа хабарлайды.
24. Жетон жоғалған бөліністің жауапты адамы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жиырма төрт сағаттың ішінде жоғалған жетонның жарамсыздығы туралы ақпаратты жариялауға жолдайды.
25. Жетонды жоғалтудың, бұзудың, басқа адамдарға берудің, оларды қызметтік жұмыспен байланысты емес пайдакүнемдік немесе өзге де мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі, жоғалған жетонды іздестіруге, болған оқиғаға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылданады.
26. Жоғалған жетон жарамсыз деп есептеледі, бұл туралы журналда белгі жасалады.
27. Жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз жетонның нөмірі қайта қалпына келтірілмейді. Жетонның телнұсқаларын жасауға жол берілмейді.
28. Пайдалануға жарамсыз жетон жетонды берген бөлініске жиырма төрт сағаттың ішінде тапсырылады.
29. Жұмыстан шыққан, ауысқан немесе іссапарға жіберілген, сондай-ақ еңбек демалысына кеткен кезде жол-патрульдік полициясы, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөлінісінің қызметкері жетонды берген бөлініске жетонды тапсырады. Жетонды тапсыру журналда тіркеледі.
30. Одан әрі пайдалануға жарамды тапсырылған жетон жол-патрульдік, патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық бөлінісінің жаңадан келген қызметкеріне беріледі.
31. ІІО бөлінісінің басшысы тоқсан сайын есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 5-і күнінен кешіктірмей қарамағындағы бөліністегі жетондардың бар болуына тексерісті ұйымдастырады. Тексеріс нәтижелері туралы ақпарат ІІО жоғары тұрған бөлінісіне 10-ы күніне ұсынылады.
32. ІІО бөліністерінде жетондарды есепке алу, беру және сақтау тәртібін бақылау дербес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік,
патрульдік полициясы және мамандандырылған күзет қызметі саптық
бөліністері қызметкерінің жетондарының сериялары
р/с | Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары бөлінісінің атауы | Жетон сериясы |
1 | Астана қаласының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 01 |
2 | Алматы қаласының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 02 |
3 | Ақмола облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 03 |
4 | Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 04 |
5 | Алматы облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 05 |
6 | Атырау облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 06 |
7 | Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 07 |
8 | Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 08 |
9 | Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 09 |
10 | Қостанай облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 10 |
11 | Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 11 |
12 | Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 12 |
13 | Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 13 |
14 | Павлодар облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 14 |
15 | Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 15 |
16 | Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | 16 |
17 | Көліктегі Ішкі істер департаменті | К |
18 | Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Метрополитендегі Ішкі істер басқармасы | М |
19 | ІІМ-нің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі | Ү |
20 | ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі | В |
21 | Жезқазған қаласының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы | О |
Ескертпе:
01-16 - (өңір сериялары) жол-патрульдік полициясы, мамандандырылған күзет қызметі;
К - (Көлік) көліктегі патрульдік полиция;
М - (Метро) метрополитендегі патрульдік полиция;
Ү - (Үкіметтік) ІІМ-нің Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі;
В - (Дипломатиялық) ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;
О - (Жезқазған) Жезқазған қаласының мамандандырылған күзет қызметі.
Мұқабаның сыртқы жағы
Жетондарды есепке алу, беру және тапсыру журналы ___________________________________________________ (бөліністің атауы)
Басталды: 20 __ жылғы " ___ " _____
Аяқталды: 20 __ жылғы " ___ " ____
Мұқабаның ішкі жағы
№ р/с | Жетонның нөмірі | Атқаратын лауазымы, атағы және Т.А.Ә (бар болған кезде) | Алғаны туралы күні, қолы | Жетонды ауыстыру және тапсыру туралы белгі | Жетонды жою (актінің нөмірі және күні) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |