Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 599 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 қазанда № 15944 болып тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағының 53) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      ________________ Т. Дүйсенова

      2017 жылғы 4 қазан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 31 тамыздағы
№ 599 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс
уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктері
1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктері (бұдан әрi – Ерекшеліктер) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" (бұдан әрi – Заң) 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 3-тармағының 53) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттейтін ерекшеліктерді айқындайды.

      2. Ерекшеліктер Заңның 3-бабының 1-тармағында көрсетілген теңіз кемелерінің жүзу құрамына және жұмыс берушілеріне таратылады және Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кеден қызметі теңіз бөлімдерінің туы астында жүзіп жүрген кемелерге таратылмайды.

      3. Ерекшеліктерде қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) вахтаны атқару – теңізшілерді дайындау және дипломдау және вахтаны атқару Халықаралық Конвенциясына (Лондон 7 шілде 1978 ж.) сәйкес кемеде теңізшілердің лауазымдық міндеттерін орындау түсініледі;

      2) жүзу құрамының қызметкері (бұдан әрі - теңізші) – теңіз кемесінің бортында немесе "өзен-теңіз" үлгісіндегі кемеде жалданып жұмыс істейтін, экипаж құрамына кіретін тұлға;

      3) кемелік кесте – осы Ережемен немесе ұжымдық шартпен қарастырылған, ең жоғарғы кезекшілік/жұмыс сағат санын ескере отырып, портта және теңізде әр лауазымға қарай жұмыс уақыты (кезекшілік, вахта өтеу), кеме бортында ішкі еңбек күн тәртібі көрсетілетін құжат.

      Осы Ерекшеліктерде пайдаланатын басқа да ұғымдар Заңға және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес қолданылады.

2-Тарау. Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақытын реттеу ерекшеліктері

      4. Жұмыс уақыты кезінде теңізшілер кеменің кемелік кестесіне және еңбек шартының талаптарына сәйкес вахтаны өтейді, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, кемеге қызмет көрсету бойынша және басқада жұмыстарды атқарады және қалыпты пайдалану-техникалық жағдайда сақтайды.

      5. Кемелік кесте кеме иесімен немесе оның тапсырмасы бойынша кеме капитанымен бекітіледі және теңізшілерге жеткізіледі.

      6. Теңізшілермен еңбек шартын жасасу кезінде кеме иесі кемелік кестеге сілтеме жасай отырып, жұмыс уақыты режимін және демалыс уақытын белгілейді.

      7. Теңізшілердің еңбек процесі еңбек заңнамасы, ұжымдық шартты және осы Ерекшеліктерді ескере отырып вахталық әдіспен ұйымдастырылады.

      8. Кемедегі теңізшілердің (вахта) ең жоғарғы жұмыс ұзақтықтығы жағадағы екі демалыс уақыты мезгілі (қосынды еңбек демалысы күндерін қолданған күндер) арасында 120 күнтізбелік күннен аспауы керек.

      9. Кеме капитаны күнделікті жұмыс уақыты ұзақтығын тіркеуді жүргізуді және капитанмен немесе онымен құзыреттелген тұлғамен куәландырылған және жұмыскермен қол қойылған тіркеу жүргізу көшірмесін теңізшілерге (олардың талабы бойынша) беруді қамтамасыз етеді.

      10. Теңізшілер үшін жұмыс уақытының жиынтық есебі жүргізіледі.

      Жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізу тәртібі ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актісімен белгіленеді.

      11. Порттардың тұрағында тұрғанда нақты жағдайларға байланысты (қайта арқандап байлаудың болмауы, жүк қабылдау немесе тапсыру кезінде және басқада жағдайларда командалық құрамның порт тұрағында үш тәуліктік міндетті вахта өтеуді талап еткен жағдайларда) және кемені эксплуатациядан шығарған жағдайда (жөндеу, тұнба және т.б.) кеме капитаны командалық құрамның мүшелеріне үш тәуліктік вахтаның орнына тәуліктік кезекшілік белгілеуі мүмкін, ол аяқталғаннан кейін 48 сағаттан кем емес демалыс беріледі. Тәуліктік кезекшілік біткен соң 48 сағаттық демалыс беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, демалыс уақыты 12 сағатқа дейін азайтылуы мүмкін, пайдаланбаған демалыс жартылары қосындалған демалыс күндеріне қосылады. Тәуліктік кезекшіліктен кейінгі демалыс уақытын 12 сағатқа қысқарту аптасына екі рет қана рұқсат етіледі.

      12. Кемеде сенбі және жексенбіде атқарылатын жұмыстар демалыс күндеріндегі жұмыс болып саналмайды. Теңізшілерді демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және мереке күндері кемедегі жұмысқа тарту үшін олардың жазбаша келісімі қажет емес және кеме иесімен бөлек акт шығаруды талап етпейді. Мереке күндерінде атқарылған жұмыс үшін төлем Кодекстің 109-бабына сәйкес жүргізіледі.

      13. Теңізшілер, тамақ әзірлеу блогы қызметкерлерін қоспағанда вахтадан бос уақытында, олардың жазбаша келісімімен, тікелей орындайтын міндеттерінің құзыретіне жатпайтын (тиеп-түсіру жұмыстары, трюмдар мен танктерді тазалау және жуу, жүктерді бекіту және босату) жұмыстарды істеуге тартылуы мүмкін.

      14. Теңізшілердің белгіленген күнделікті ең жоғарғы жұмыс ұзақтығы, кезек (вахта өтеу), өз міндеттерімен қатар штат бойынша жетіспейтін экипаж мүшелерінің міндеттерін атқару және оның тікелей лауазымы міндеттеріне кірмейтін қосымша жұмыстарды қосқанда кез-келген 24 сағат аралығында 12 сағаттан, ал кез-келген жеті күн аралығында 72 сағаттан аспауы қажет.

      Қазақстан Республикасы қатысушысы болып есептелетін халықаралық конвенцияларда кеме өміршеңдігі үшін күресу, шлюпкалық оқу жаттығулары және басқа да оқулар бойынша іс-қимылдарды орындаумен байланысты іс-шаралар демалыс уақытын бұзу қаупін мейілінше азайту және шаршауды болдырмайтын етіп өткізеді.

      15. Теңізшінің демалыс уақыты жұмысқа шақырылуына байланысты бұзылса, өтемақы түрінде сондай аралықта бос уақыт берілуі қажет.

      16. Осы Ерекшеліктер кеме капитанының кеменің, борттағы адамдардың немесе жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында теңізшіден белгіленген жұмыс уақытынан тыс өздерінің лауазымдық нұсқаулықтарын атқаруды талап ету құқығын кемсітпейді, сондай-ақ теңізде апат жағдайына түскен басқада кемелерге немесе адамдарға көмек көрсету кезінде.

      Кеме капитаны демалыс уақыты кестесінің орындалуын тоқтата алады, және теңізшілерді қалыпты жағдай орналасқанға дейін жұмыс орнына жібереді.

      Қалыпты жағдай орналасқаннан кейін капитан, кестемен белгіленген демалыс уақыты кезінде жұмыс істеген теңізшіге, тиісті демалыс уақыты кезеңі беріледі. Аталған кезеңде атқарылатын жұмыстар кемелік кестеде үстеме жұмыс ретінде есептеледі.

3-Тарау. Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының демалыс уақытын реттеу ерекшеліктері

      17. Жұмыс талаптары бойынша теңізшілерге тамақ ішу үшін үзілісті белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, егер теңізші сол аралықта оған жүктелген міндеттерді орындаудан босатылмаса оған жұмыс уақыты аралығында тамақ ішу үшін мүмкіндік берілуі қажет, бұл ретте тамақтану уақыты жұмыс уақытына қосылады.

      18. Демалыс уақыты біркезеңнің ұзақтығы тәулігіне 6 сағаттан кем болмайтын екі кезеңге бөлінеді, демалыс кезеңдерінің аралығы 12 сағаттан аспауы тиіс.

      19. Демалыс және мереке күндері портта тұру кезінде, вахталық қызметті және кемедегі қауіпсіздікті сақтау үшін, апат салдарын жою және қайта арқандап байлау үшін қажет болған жағдайда капитан өз қалауы бойынша кемеде теңізшілердің ең аз санын қалдырады. Барлық қалған теңізшілерге жазбаша өтініштерінің негізінде капитанның келісімі бойынша, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 73 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеу тізілімінде № 11114 болып тіркелген) теңіз көлігі кемелеріндегі қызмет жарғысымен көзделген тәртіпте жағада демалу күндері беріледі.

Об утверждении Особенностей регулирования рабочего времени и времени отдыха плавательного состава судов морского флота Республики Казахстан

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 августа 2017 года № 599. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 октября 2017 года № 15944.

      В соответствии с подпунктом 53) пункта 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Особенности регулирования рабочего времени и времени отдыха плавательного состава судов морского флота Республики Казахстан.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

      "СОГЛАСОВАН"
Министр труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан
_______ Т. Дуйсенова
4 октября 2017 года

  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 31 августа 2017 года № 599

Особенности регулирования рабочего времени и времени отдыха плавательного состава судов морского флота Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Особенности регулирования рабочего времени и времени отдыха плавательного состава судов морского флота Республики Казахстан (далее - Особенности) разработаны в соответствии с подпунктом 53) пункта 3 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 17 января 2002 года "О торговом мореплавании" (далее - Закон) и определяют особенности регулирования рабочего времени и времени отдыха плавательного состава судов морского флота Республики Казахстан.

      2. Особенности распространяются на работодателей и работников плавательного состава морских судов предусмотренных в пункте 1 статьи 3 Закона и не распространяются на суда, плавающие под флагом Военно-Морских Сил Республики Казахстан и морских частей Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      3. Основные понятия, используемые в настоящих Особенностях:

      1) несение вахты – понимается выполнение должностных обязанностей моряков на судне, в соответствии с Международной Конвенцией о подготовке и дипломировании моряков и несении вахты (Лондон, 7 июля 1978 г.);

      2) работник плавательного состава (далее – моряк) – член экипажа судна, работающий по найму на борту морского судна или судна типа "река-море";

      3) судовой график – документ, содержащий внутренний трудовой распорядок на борту судна, в котором по каждой должности приводятся режимы рабочего времени в море и в порту и максимальное количество часов работы, предусматриваемое настоящими Особенностями или Коллективным договором.

      Иные понятия, используемые в настоящих Особенностях, применяются в соответствии с Законом и Трудовым кодексом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года (далее - Кодекс).

Глава 2. Особенности регулирования рабочего времени плавательного состава судов морского флота Республики Казахстан

      4. В течение рабочего времени моряки, в соответствии с судовым графиком на судне и условиями трудового договора несут вахту, обеспечивают безопасность мореплавания, выполняют другую работу по обслуживанию судна и поддерживают его в нормальном эксплуатационно-техническом состоянии.

      5. Судовой график утверждается работодателем или по его поручению капитаном судна и доводится до сведения моряков.

      6. При заключении трудовых договоров с моряками работодатель указывает режим рабочего времени и времени отдыха со ссылкой на судовой график.

      7. Процесс трудовой деятельности моряков организуется по вахтовому методу с учетом трудового законодательства, коллективного договора, и настоящих Особенностей.

      8. Максимальная продолжительность работы моряков на судах (вахта) между двумя периодами отдыха на берегу (нахождения в отпуске, использования суммированных дней отдыха) не превышает 120 календарных дней.

      9. Капитан судна обеспечивает ведение учета ежедневной продолжительности рабочего времени и выдачу морякам (по их требованию) копий учетных записей, заверенных капитаном судна или уполномоченным им лицом и подписанных моряком.

      10. Для моряков ведется суммированный учет рабочего времени.

      Порядок введения суммированного учета рабочего времени устанавливается коллективным договором или актом работодателя.

      11. При стоянках в портах в зависимости от конкретных условий (отсутствие перешвартовок, приема или сдачи груза и других обстоятельств, требующих обязательного несения на стоянке в порту трехсменной вахты командным составом) и в случае вывода судна из эксплуатации (ремонт, отстой) капитан судна устанавливает для лиц командного состава вместо трехсменной вахты суточное дежурство с предоставлением после его окончания отдыха продолжительностью не менее 48 часов. При невозможности предоставления 48 часового отдыха после окончания суточного дежурства этот отдых уменьшается до 12 часов с присоединением неиспользованной части отдыха к суммированным дням отдыха. Сокращение отдыха после суточного дежурства до 12 часов допускается не более двух раз в неделю.

      12. Работа на судне в субботу и воскресенье не признается работой в выходные дни. Для привлечения моряков к работе на судне в выходные (суббота, воскресенье) и праздничные дни не требуется их письменного согласия и издания отдельного акта работодателя. Оплата за работу в праздничные дни производится согласно статье 109 Кодекса.

      13. Моряки, за исключением работников пищеблока, при необходимости привлекаются с их письменного согласия к выполнению работ, не входящих в их прямые должностные обязанности (погрузо-разгрузочные работы, очистка и мойка трюмов и танков, крепление и раскрепление груза), в свободное от несения вахты время.

      14. Максимально допустимая продолжительность ежедневной работы моряка, включая время несения вахты, выполнения наряду со своими обязанностями работы за недостающего по штату работника и дополнительных работ, не входящих в круг его прямых должностных обязанностей, не превышает 12 часов в течение любого 24 часового периода, и не более 72 часов в течение любого периода в семь дней.

      Мероприятия, связанные с привлечением моряков к отработке действий по борьбе за живучесть судна, к шлюпочным учебным занятиям и другим учебным занятиям, предписываемым международными конвенциями, участником которых является Республика Казахстан, проводятся таким образом, чтобы свести к минимуму нарушения времени отдыха и не вызывать усталость.

      15. Моряку предоставляется в порядке компенсации соответствующий период свободного времени, если нормальная продолжительность времени отдыха нарушается вызовами на рабочее место.

      16. Настоящие Особенности не ущемляют полномочия капитана судна требовать от моряка, выполнять свои функциональные обязанности сверх установленного рабочего времени для обеспечения безопасности судна, лиц, находящихся на борту, или груза, а также для оказания помощи другим судам или лицам, терпящим бедствие на море.

      Капитан судна при необходимости приостанавливает действие графика времени отдыха и направляет моряков на место работы, до восстановления нормальной ситуации.

      После восстановления нормальной ситуации капитан судна предоставляет моряку, работавшему в течение предусмотренного графиком времени отдыха, соответствующий период времени отдыха. Работы, выполняемые в указанный период, учитываются в судовом графике как сверхурочные работы.

Глава 3. Особенности регулирования времени отдыха плавательного состава судов морского флота Республики Казахстан

      17. В тех случаях, когда по условиям работы моряку перерыв для приема пищи установить нельзя, ему предоставляется возможность приема пищи в течение рабочего времени, при этом время для приема пищи включается в рабочее время, если моряк на этот период не освобождается от выполнения возложенных на него обязанностей.

      18. Время отдыха в течение суток разделяется не более чем на два периода, продолжительность одного из которых составляет не менее 6 часов, а интервал между последовательными периодами отдыха не превышает 12 часов.

      19. При стоянке в порту в выходные и праздничные дни капитан судна по своему усмотрению оставляет на судне минимальное число моряков, для несения вахтенной службы и обеспечения безопасности судов, а также, если это необходимо, для приема и сдачи груза, устранения последствий аварии и перешвартовок. Всем остальным морякам по их письменным заявлениям с согласия капитана предоставляются дни отдыха на берегу в порядке, предусмотренных Уставом службы на судах морского транспорта Республики Казахстан, утвержденным приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 73 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11114).