"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 38 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 588 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 қарашада № 15981 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында, азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 38 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13266 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

О признании утратившим силу приказа Министра обороны Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 38 "Об утверждении квалификационных характеристик должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц в военных учебных заведениях, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан, за исключением должностей гражданских служащих"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 588. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 ноября 2017 года № 15981

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившим силу приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 38 "Об утверждении квалификационных характеристик должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц в военных учебных заведениях, подведомственных Министерству обороны Республики Казахстан, за исключением должностей гражданских служащих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13266, опубликован в информационно-правовой системе "Әділет" 12 апреля 2016 года).

      2. Департаменту образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в бумажном и электронном видах в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан генерал-лейтенанта Мухтарова Т.С.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
генерал-полковник
С. Жасузаков