"Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14549 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық пошта операторының өтініштері бойынша халыкаралық пошта алмасу орындарында:
мынадай мазмұндағы, реттік нөмірлері 7 және 8-жолдармен толықтырылсын:
"
7. | Қарағанды – Әуежай ХПАО | "Аэропорт "Сары-Арқа Әуежайы" акционерлік қоғамы, 100422, Қарағанды облысы, Бұхар-Жырау ауданы, Үштөбе ауылы, есептік квартал 067, 025 жер телімі |
KZKGFA KARAGANDA | "Қазпошта" акционерлік қоғамы |
8. | Еркін экономикалық аймақ "Қорғас – Шығыс Қақпасы" | Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауыл округі, есептік квартал 085, жер телімі 1330 |
KZZRKA KHORGOS PCI-5 – жазбаша хат-хабар үшін; | "Қазпошта" акционерлік қоғамы |
".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (З. Худайбергенова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 24 қазан