"Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 277 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қарашада № 15985 болып тіркелді

      "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14549 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық пошта операторының өтініштері бойынша халыкаралық пошта алмасу орындарында:

      мынадай мазмұндағы, реттік нөмірлері 7 және 8-жолдармен толықтырылсын:

      "

7.

Қарағанды – Әуежай ХПАО

"Аэропорт "Сары-Арқа Әуежайы" акционерлік қоғамы, 100422, Қарағанды облысы, Бұхар-Жырау ауданы, Үштөбе ауылы, есептік квартал 067, 025 жер телімі

KZKGFA KARAGANDA
PCI-1 – ІОПЖ жазбаша хат-хабар үшін;
KZKGFB KARAGANDA
PCI-3 халықаралық сәлемдемелер үшін;
KZKGFС KARAGANDA
PCI-4 – ІОПЖ сәлемдемелер үшін;
KZKGFD KARAGANDA
PCI-5 – халықаралық жазбаша хат-хабар үшін;
KZKGFЕ KARAGANDA EMS – EMS жөнелтілімдері үшін;
KZKGFF KARAGANDA
PCI-7 – бос ыдыс үшін

"Қазпошта" акционерлік қоғамы

8.

Еркін экономикалық аймақ "Қорғас – Шығыс Қақпасы"

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауыл округі, есептік квартал 085, жер телімі 1330

KZZRKA KHORGOS PCI-5 – жазбаша хат-хабар үшін;
KZZRKB KHORGOS PCI-3 – халықаралық сәлемдемелер үшін;
KZZRKE KHORGOS EMS – EMS жөнелтілімдер үшін;
KZZRKF KHORGOS PCI-7 – бос ыдыс үшін

"Қазпошта" акционерлік қоғамы

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (З. Худайбергенова):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 24 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады