"Поездардың қозғалысы және темір жол көлігінде маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 782 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 желтоқсанда № 16045 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7021 болып тіркелген, 2011 жылғы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министірінің 2015 жылғы 30 ақпандағы № 544 бұйрығымен бекітілген Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларында (бұдан әрі – Техникалық пайдалану қағидалары) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулығында (бұдан әрі – Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық) көзделген негізгі ережелеріне сәйкес Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық).";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Поезда Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі бекіткен Теміржолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасында 1996 жылғы 5 сәуірдегі № 15 хаттама(бұдан әрі – Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесі), аталған 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдар) бар вагондар болған кезде хабарлау кезінде поездың нөміріне "ВМ" әріптері қосылады (мысалы, 2783ВМ). Поездың нөміріне тиісті әріптер мынадай поездар жөнелтілген және жүріп өткен жағдайларда қосылады: бір машинист қызмет көрсететін жолаушылар "М", ауыр салмақты жүк "Т", ұзын құрамды "Д", салмағы арттырылған "ПВ", ұзындығы арттырылған "ПД", біріктірілген "СП". Габаритті емес жүктері бар поездарды жөнелткен кезде поезд нөміріне "Н" әрпі мен "___" белгісінен кейін Жолтабаны 1520 мм теміржолдарда габаритсіз және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес габаритсіздіктің аймағы мен деңгейін сипаттайтын цифрлы индекс (мысалы, 2785Н-0430) қосылады.";

      374-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "374. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына (бұдан әрі - Жүктерді тасымалдау қағидалары) сәйкес жекелеген санаттардың жүктері бар вагондар құжаттары, сондай-ақ Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесіне осы Нұсқаулықтың 81 қосымшасына сәйкес маневрлер жүргізу кезінде қатты отынмен жұмыс істеуші паровоздан, қауіпсіз жүктері бар вагондардан немесе бос вагондардан ықтырмалары болуы тиіс.";

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 19 мая 2011 года № 291 "Об утверждении Инструкции по движению поездов и маневровой работе на железнодорожном транспорте"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 ноября 2017 года № 782. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 декабря 2017 года № 16045

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 19 мая 2011 года № 291 "Об утверждении Инструкции по движению поездов и маневровой работе на жезенодорожном транспорте" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 7021, опубликован в 2011 году в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в заголовок вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в преамбулу вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Инструкции по движению поездов и маневровой работе на железнодорожном транспорте Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Инструкция по движению поездов и маневровой работе на железнодорожном транспорте";

      абзац первый пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Инструкция по движению поездов и маневровой работе на железнодорожном транспорте (далее – Инструкция) в соответствии с основными положениями, установленными Правилами технической эксплуатации железнодорожного транспорта, утвержденными приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 544, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11897, (далее – Правила технической эксплуатации) и Инструкцией по сигнализации на железнодорожном транспорте, утвержденной приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 апреля 2011 года № 209, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6954, (далее – Инструкция по сигнализации), регулирует:";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. При наличии в поезде вагонов с опасными грузами класса 1 (взрывчатыми материалами), перечисленных в Правилах перевозок опасных грузов, утвержденных Советом по железнодорожному транспорту государств-участников Содружества протокол от 5 апреля 1996 года № 15 (далее – Правила перевозок опасных грузов), к номеру поезда при сообщении добавляются буквы "ВМ" (например, 2783ВМ). Соответствующие буквы к номеру поезда добавляются также в случаях отправления и следования поездов: пассажирских, обслуживаемых одним машинистом "М", грузовых тяжеловесных "Т", длинносоставных "Д", повышенного веса "ПВ", повышенной длины "ПД", соединенных "СП". При отправлении поездов с негабаритными грузами к номеру поезда после буквы "Н" и знака "___" добавляется установленный в Инструкции по перевозкам негабаритных и тяжеловесных грузов на железных дорогах колеи 1520 мм цифровой индекс характеризующей зоны и степени негабаритности грузов (например, 2785Н-0430).";

      пункт 374 изложить в следующей редакции:

      "374. Вагоны с грузами отдельных категорий, документах в соответствии с Правилами перевозок пассажиров, багажа, грузов, грузобагажа и почтовых отправлений, утвержденными приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 545, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13714, (далее – Правила перевозок грузов), а также Правилами перевозок опасных грузов, при производстве маневров должны иметь прикрытие от паровоза, работающего на твердом топливе, из вагонов с неопасными грузами или порожних вагонов, согласно Приложению 81 настоящей Инструкции.".

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек