Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 тамызда № 11897 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теміржол көлігінің пайдалану техникалық қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев


      2015 жылғы 8 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов


      2015 жылғы 27 маусым

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 544 бұйрығымен
бекiтiлген

Темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Темір жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Темiр жол көлiгi туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағы 34-12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:

      1) автоматты локомотивтік сигнализация - аралықтағы поездар қозғалысы кезiнде локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылатын, ал бөлектенген пункттер блок-учаскелердiң белгiленген шекаралары болып табылатын жүйе;

      2) аз әрекеттi учаскелер – жолаушылар және жүк поездарының (қосындысында) кесте бойынша қозғалыс мөлшерi тәулiгiне 8 жұптан артық болмайтын учаскелер;

      3) аралық байланыс – темiржол станцияларының кезекшiлерiмен жұмыс жасап жатқан және аралықта жүрген қызметкерлер арасындағы қызметтiк келiссөздер жүргiзуге арналған байланыс;

      4) аралық - темiр жол желiсiнiң шектес станциялармен, разъездермен, озу пункттерiмен немесе жол қосындарымен шектелген бөлiгi;

      5) арнайы жылжымалы құрам (бұдан әрi – АЖҚ) - магистральдық темiр жол желiсiн және кiрме жолдарды күтiп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтiру және жөндеу жұмыстарын жүргiзуге арналған өздiгiнен жүретiн және өздiгiнен жүрмейтiн темiр жол көлiгi құралдары;

      6) арнайы жылжымалы құрамның бригадасы (бұдан әрi – АЖҚ бригадасы) - АЖҚ басқару және оған қызмет көрсету үшiн тағайындалатын қызметкерлер. АЖҚ басқару үшiн бригада - машинист және машинистiң көмекшiсi немесе дрезинаның жүргiзушiсi және жүргiзушiнiң көмекшiсi (тиiстi машинаны пайдалану жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес) тағайындалады;

      7) ауыр салмақты жүк поезы - локомотивтердiң тиiстi сериялары үшiн салмағы қозғалыс кестесiнде белгiленген осы поезд жүретiн учаскедегi салмақ нормасынан 100 т және одан астам жүк поезы;

      8) бағыттама - рамалық рельстерде, үшкiрлерден және бұру механизмiнен тұратын бағыттамалы бұрманың бөлiгi. Жылжымалы өзекшесi бар айқастырмасы болған кезде бағыттама ұғымына айқастырма да кiредi;

      9) бағыттама қосыны - бағыттама қосынының бiр кезекшiсi қызмет көрсететiн орталықтандырылмаған басқарудағы бiр немесе бiрнеше бағыттамалы бұрмалар;

      10) бағыттамалы аудан - бағыттама қосынының бiр аға кезекшiсiнiң бақылауындағы шектес бағыттама қосындар тобы;

      11) бағыттамалы бұрма - жылжымалы құрамды бiр жолдан екiншiсiне бұру үшiн қолданылатын құрылғы. Бағыттамалы бұрмалар бағыттамалардан, айқастырмалардан және олардың арасындағы жалғастырушы жолдардан тұрады. Айқастырмалар жылжымайтын немесе жылжымалы өзекшесiмен болуы мүмкiн. Жылжымайтын элементтерi жоқ айқастырманың негiзгi элементтерi өзекше, екi мұртша, екi контррельс, бекiткiштер мен төсемелер, түйiспелi бекiтпелер және құрастырылған айқастырмалар жағдайында мұртшалар мен өзекшенi бiрыңғай құрылымға бiрiктiруге арналған епелектер мен сомындары бар бұрандамалар;

      12) бағыттамалық байланыс - iргелес темiр жолдарында темiржол жылжымалы құрамын бекiту және бағыттаманы (темiржол жолдары мен бағыттамаларының бос екенiн тексеруiн қоса) дайындау мәселелерiмен айналысатын атқару және орындалушы темiржол станцияларының қосындары мен темiржол станцияларының кезекшiлерiнiң арасындағы қызметтiк келiссөздер жүргiзуге арналған байланыс;

      13) бейтарап ендiрме - екi ауа аралығы (оқшаулағыш түйiндесу) арасындағы электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштары өткен кезде түйiндесетiн учаскелердiң электр оқшаулауын қамтамасыз ететiн қалыпты кернеуi жоқ түйiспелi аспаның учаскесi;

      14) блок учаскесi - сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретiнде қолданылатын, темiр жол станциясының өткiзу бағдаршамдарымен немесе өткiзу бағдаршамымен (блок учаскесiнiң шекарасы), кiрiс бағдаршамымен, сондай-ақ шығыс бағдаршамымен және бiрiншi жолай өткiзу бағдаршамымен (блок учаскесiнiң шекарасымен) шектелген автобұғаттау немесе автоматтық локомотив сигнализациясы кезiндегi станция аралығындағы аралық бөлiгi;

      15) бүйiрлiк жол - жүру кезiнде жылжымалы құрам бағыттамалы бұрма бойынша ауытқитын жол;

      16) ерекше жол белгiлерi - темiр жолға бөлiнген белдеудiң шекаралары, бағыттама нөмiрiнiң көрсеткiшi, жолаушылар ғимараты осiнiң белгiсi, желiлiк жол ғимараттарындағы белгiлер, шеңберлi қисықтардың басы мен соңының, сондай-ақ өтпелi қисықтар басының, ортасы мен соңының, жер төсемiнiң жасырын құрылыстарының, сулардың ең жоғары көкжиегiнiң және толқынның ең жоғары биiктiгiнiң реперлерi;

      17) жол белгiсi - темiр жол желiлерiнiң бейiнi мен ұзындығының тұрақты көрсеткiшi;

      18) жолаушылар поезы - жолаушыларды, багажды, жүк багажды және почтаны тасымалдауға арналған, жолаушылар және багажды вагондарынан құралған поезд;

      19) жолаушылардың аялдама пунктi - жол тарамдары жоқ, бөлектенген пункт болып табылмайтын, тек қана жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған аралықтағы пункт;

      20) жұмыстардың басшысы – темір жолдарды пайдалануға жауапты адам;

      21) жүрдек жолаушылар поезы – сағатына 200 километрге дейiнгi қозғалыс жылдамдығымен жүретiн жолаушылар поезы;

      22) жылжымалы құрамның габаритi - түзу көлденең жолға қойылған, тиелген де, сондай-ақ бос та жылжымалы құрам сыртқа шықпай орналасуы тиiс шектi көлденең (жол осiне перпендикуляр) кескiн;

      23) поездың жүру барысында жылжымалы құрамның техникалық күйiн автоматты бақылау құралдары - автоматты режимде кезекшiге алдағы тұрған станция бойынша, поезд диспетчерiне, машинистке поезда ақаулы жылжымалы құрамның болуы мен орналасуы және ақаудың түрi туралы ақпаратты анықтауға және беруге мүмкiндiк беретiн аппаратура;

      24) итермелегiш локомотив - жекелеген аралықтарда немесе аралықтың бөлiгiнде жетекшi локомотивке көмек көрсету үшiн арналған локомотив (поездың соңында);

      25) кепiлдiк учаске - ұзындығы поездың құрамында вагондардың ақаусыз күйде қауiпсiз жүруi қажеттiлiгiн негiзге ала отырып анықталатын техникалық қызмет көрсету пункттерiмен шектелген учаске;

      26) қосындар арасындағы аралық - жол қосындарымен немесе жол қосын және станциямен шектелген аралық;

      27) көлбеу - көлденең сызыққа (жоғары, төмен) көлбеулiгi бар темiр жол жолының бойлық қапталының элементi;

      28) құрылыстардың жақындау габаритi - соның iшiне құрылыстар мен құрылғылардың ешқандай бөлiгi кiрмейтiн шектi көлденең (жол осiне перпендикуляр) кескiн. Ерекшелiктi тек олардың жылжымалы құраммен өзара әрекеттесуiне арналған құрылғылар ғана (жұмыс күйiндегi вагондық баяулатқыштар, бекiту бөлшектерi бар түйiсу сымдары, бағананың суды алу кезiндегi бұрылатын бөлiгi) құрауы мүмкiн;

      29) қызметтiк тежеу - жылдамдықты азайту немесе поезды көзделген жерде тоқтату үшiн сатылармен тежеу;

      30) локомотив - поездардың немесе бөлек вагондардың темiр жолдармен қозғалысын қамтамасыз ететiн темiржол жылжымалы құрамы;

      31) локомотив бригадасы - локомотивтерге, сондай-ақ моторвагонды поездарға қызмет көрсету үшiн тағайындалатын қызметкерлер;

      32) маневрлiк құрам - өзара және маневрлер жүргiзушi локомотивке тiркелген вагондар тобы. Бiр вагонға тiркелген локомотивте маневрлiк құрам ретiнде қаралады;

      33) моторвагонды жылжымалы құрам - жолаушыларды тасымалдауға арналған моторвагонды поездар (электр поездары, дизель-поездар, рельстiк автобустар) құралатын моторлы және тiркеме вагондар;

      34) озу пунктi - жол тармақтары бар, поездарды басып озуға жол беретiн және қажеттi жағдайларда поезды бiр бас жолдан екiншiсiне ауыстыруға жол беретiн қос жолды желiлердегi бөлектенген пункт;

      35) орталықтандырылған бағыттама - үшкiрлерi (ал жылжымалы өзекшесi бар айқастырмасы болған кезде өзекшесi де) бiр орталық пункттен басқарылатын арнайы құрылғылармен бұрылатын бағыттама;

      36) орталықтандырылмаған бағыттама - үшкiрлерi қолмен тiкелей бағыттаманың жанындағы бұру механизмiнiң көмегiмен бұрылатын бағыттама;

      37) поездардың аса қарқынды қозғалысы - кесте бойынша жолаушылар және жүк поездарының (қосындысында) қос жолды учаскелерде тәулiгiне 100 жұптан артық және дара жолды учаскелерде 48 жұптан артық қозғалу мөлшерлерi;

      38) поездардың қарқынды қозғалысы - кесте бойынша жолаушылар және жүк поездарының (қосындысында) қос жолды учаскелерде тәулiгiне 50 ден 99 жұпқа дейін және дара жолды учаскелерде 24 тен 47 жұпқа дейін қозғалу мөлшерлерi;

      39) поездық диспетчерлiк байланыс - қызмет көрсетiлетiн диспетчерлiк учаскеге кiретiн темiржол станциялары кезекшiлерi мен поезд диспетчерлерiнiң арасындағы қызметтiк келiссөздер жүргiзуге арналған байланыс;

      40) радиобұғаттау - цифрлық радиобайланыс желiсiнiң негiзiндегi поездар қозғалысын интервалды реттеушi жүйе;

      41) разъезд – коммерциялық операцияларды жүзеге асыра алатын, поездардың айырылысуы және озуы үшiн тағайындалған жол тарамдары бар дара жолды желiлердегi бөлектенген пункт;

      42) рефрижераторлы поезд - рефрижераторлық вагондардан құралған поезд;

      43) сақтандырғыш тұйық - жылжымалы құрамның поездардың жүру маршруттарына шығуының алдын алуға арналған жол;

      44) созылмалы еңiс – тіктігі мен ұзындығының осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәндерi болған кездегi еңiс;

      45) темiржол станциясы (бұдан әрі - станция) – поездар қозғалысын реттеудi, өткiзу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту және (немесе) тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жол дамытылымы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;

      46) станция бойынша кезекшi - поездарды қабылдауды, жөнелтудi және өткiзудi, сондай-ақ станцияның бас және қабылдау-жөнелту жолдары бойынша (маневрлiк диспетчер жоқ жерде – басқа да жолдар бойынша) жылжымалы құрамның басқа қозғалыстарын жеке өзi басқаратын станция басшысының ауысымдық көмекшiсi;

      47) станцияаралық поездық байланыс - көршiлес темiржол станцияларының темiржол станциялары кезекшiлерi арасындағы қызметтiк келiссөздер жүргiзуге арналған байланыс;

      48) станциялар арасындағы аралық - станциялармен, разъездермен және озу пункттерiмен шектелген аралық;

      49) станциялық орталықтандыру қосыны - станциядағы орталықтандырылған бағыттамалар мен сигналдар тобын басқару шоғырландырылған қосын;

      50) тежеу жолы - машинист шұғыл тежеу кран тұтқасын тежеу жағдайына аударған сәттен бастап толық тоқтағанға дейiнгi уақыт iшiнде поезд жүрiп өтетiн қашықтық. Тежеу жолдары тежеу түрiне (қызметтiк, толық қызметтiк және шұғыл) қарай бөлiнедi;

      51) темiр жол-құрылыс машиналары - АЖҚ-ның құрылыс, жөндеудiң барлық түрлерi, темiр жол желiсiнiң құрылыстары мен құрылғыларын күтiп ұстау және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындайтын бiр немесе бiрнеше жұмыс органдары бар түрiнiң бiрi;

      52) технологиялық кiдiру - жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн аралық, аралықтың немесе станцияның жекелеген жолдары бойынша поездардың қозғалысы тоқтатылатын уақыт;

      53) тиеу габаритi - жүк (орамасын және бекiтпесiн ескергенде) түзу көлденең жолда тұрған ашық жылжымалы құрамда сыртқа шықпай орналасуы тиiс шектi көлденең (жол осiне перпендикуляр) кескiн;

      54) түйiспе желiсi - электр энергиясының тартымдық қосалқы станциялардан электр жылжымалы құрамның ток қабылдағыштарына берiлуiн қамтамасыз ететiн сымдардың, конструкциялар мен жабдықтардың жиынтығы;

      55) ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін заңды тұлға;

      56) ұстағыш тұйық - басқаруын жоғалтқан поезды немесе қозғалыстағы поездың бiр бөлiгiн тоқтатуға тағайындалған жол;

      57) шаруашылық поезы - жұмыс iстеп тұрған локомотивтен немесе локомотив ретiнде қолданылатын өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамнан, темiржол ұйымының арнайы және техникалық қажеттiлiктерi үшiн бөлiнген вагондардан, магистральдық темiржол желiсiнiң құрылыстары мен құрылғыларын күтiп ұстау, оларға қызмет көрсету және жөндеу үшiн тағайындалған өздiгiнен жүретiн арнайы және өздiгiнен жүрмейтiн жылжымалы құрамнан қалыптастырылған поезд;

      58) шұғыл тежеу - магистральды шұғыл разрядтау және барынша жоғары тежеу күшiн iске асыру арқылы поезды дереу тоқтату үшiн қолданылатын тежеу;

      59) қауіпсіздік құрылғысы - локомотивтердің және моторвагондық жылжымалы құрамдардың жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ авариялық және авария алдындағы жағдайлардын алдын алуды қамтамасыз ететін құрылғысы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2. Жылжымалы құрамды және АЖҚ техникалық пайдалану тәртiбi

      3. Темір жолдарға кіретін жылжымалы құрам, АЖҚ, тиесiлiгiне және меншiк нысанына қарамастан, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы қажет.

      4. Теміржол жылжымалы құрамның әр бірлігінде мынадай анық айыру белгілері мен жазбалары болуы тиіс:

      1) темiржол жылжымалы құрамы иесiнiң атауы;

      2) нөмiрi, жасалған күнi мен орны көрсетiлген жасаушы зауыттың тақтайшасы;

      3) құрама бөлшектерiнде сәйкестендiру нөмiрлерi мен қабылдау таңбалары;

      4) белгiленген жөндеу түрлерi жүргiзiлген күнi мен жерi (локомотивтерден басқа);

      5) ыдыстың салмағы (локомотивтерден басқа).

      Бұдан басқа, мынадай жазбалар жазылуы тиiс:

      6) локомотивтерде, моторвагонды темiржол жылжымалы құрамда және АЖҚ - конструкциялық жылдамдығы, сериясы мен бортының нөмiрi, тiркелген орнының атауы, резервуарлардың, бақылау аспаптарының және куәландырылғаны туралы тақтайшалар мен жазбалар;

      7) жолаушылар вагондарында, қызметкерлердi жұмыстарды жүргiзу орнына және керi қарай жеткiзу көзделiп отырған моторвагонды темiржол жылжымалы құрам мен өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамда – орындар саны;

      8) жүк, почта, багаж вагондарында - жүк көтергiштiгi.

      Әр локомотивке, вагон мен моторвагонды жылжымалы құрамның әр бiрлiгiне және АЖҚ техникалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған дайындаушы-зауыттың техникалық паспорты жүргiзiледi.

      5. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулары бар жылжымалы құрамды, оның ішінде АЖҚ пайдалануға және поездарда жүруге жіберілуге рұқсат етілмейді.

      6. Жылжымалы құрам және АЖҚ белгіленген мерзімде жоспарлы-ескерту жөндеу түрлерінен, техникалық және сервистік қызмет көрсетуден өтуі тиіс.

      Жыл сайынғы метрологиялық тексеруден аппаратурасы өндірушінің пайдалану құжаттарына сәйкес жоспарлы жөндеуден өтпеген: техникалық қызмет көрсету кемінде жылына 1 рет, орташа жөндеу 2 жылда кемінде 1 рет, жаңғырту 4-6 жылда кемінде бір рет болмаса, жолөлшеуіш құралдармен және дефектоскопты аппаратурамен жабдықталған АЖҚ-дар қолданысқа жіберуге рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.11.2017 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Темiр жол жылжымалы құрамының иелерi және оны күтетiн темiржол көлiгi қызметкерлерi дұрыс техникалық жай-күйiн, оған техникалық қызмет көрсетудi, жөндеудi және темiржол жылжымалы құрамының белгiленген қызмет көрсету уақытын сақтауды қамтамасыз етедi.

      Қызмет мерзімі өткен, сондай-ақ өз осьтерінде алып тасталған (есептен шығарылған) теміржол жылжымалы құрамын магистральды теміржол желісінде пайдалануға жол берілмейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.11.2017 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жылжымалы құрамның және АЖҚ техникалық жай-күйін локомотив бригадалары немесе АЖҚ бригадалары техникалық қызмет көрсету орындарында қазіргі заманғы диагностика құралдарымен жабдықталған, жүк және жолаушылар деполарында, заводтарда және жөндеу базаларында, жол машина станцияларында және АЖҚ арналған деполарда кешенді және мамандандырылған бригадалары жүйелі түрде тексеріп отыруы тиіс.

      9. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудi тiкелей жүзеге асыратын қызметкерлер, тиiстi зауыттардың, деполардың, жөндеу кәсiпорындарының, соның iшiнде АЖҚ деполарының, жол машина станцияларының, дистанциялардың, шеберханалардың және техникалық қызмет көрсету пункттерiнiң шеберлерi мен басшылары техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң сапасын және жылжымалы құрам мен АЖҚ қозғалыс қауiпсiздiгiн қадағалайды.

      10. Тартқыш жылжымалы құрам, сондай-ақ жолаушылар вагондары, АЖҚ жылына екi рет (көктемде және күзде) комиссиялық түрде қарап тексерiледi.

      11. Локомотивтiк, сондай-ақ жолаушылар, моторвагонды және АЖҚ орнатылған қауiпсiздiк және поездық радиобайланыс құрылғылары осы құрылғылардың жұмысын тексеру және оларды реттеу арқылы бақылау пунктiнде кезең-кезеңмен қарап тексерiледi.

      Қауiпсiздiк және поездық радиобайланыс құрылғыларын тексеру мерзiмдiлiгi инфрақұрылымның және темiржол жылжымалы құрамның иеленушiлерi белгiлейдi.

      12. Жұмыс iстеп тұрған локомотивтер, моторвагонды және АЖҚ, оларды пайдалану ережесін білетін қызметкердiң, ал станциялық жолдарда - машинистің, АЖҚ жүргізушісінің немесе депо жолдарында және кәсiпорындардың жолдарындағы олардың көмекшілерінің қадағалауында тұрады.

      13. Пайдаланылатын теміржол жылжымалы құрамының құрылғысына пайдалану сипаттамаларына әсерін тигізетін өзгерістер енгізуге, пайдалану құжаттамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.

      14. Жүк және жолаушылар вагондарының, тартқыш жылжымалы құрам мен АЖҚ қызмет ету мерзiмiн ұзарту (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 6845 тіркелген) "Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығына сәйкес белгіленеді.

3. Локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамды техникалық пайдалану тәртiбi

      15. Локомотивтер мен моторвагонды темiржол жылжымалы құрамды (өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамды) поездардың айналым бағыттары бойынша инфрақұрылымның поездық радиобайланыс жүйесiмен үйлесетiн (инфрақұрылымда пайдаланған жағдайда) поездық радиобайланыс құрылғыларымен, белгiленген көрсеткiштердi тiркейтiн жылдамдық өлшегiшпен, автоматты локомотивтiк сигнализацияның локомотивтiк құрылғылармен және қауiпсiздiк құрылғылармен жабдықталады.

      16. Жолаушылар локомотивтерi жоғары вольттi жылыту үшiн қуатты iрiктеу, электрпневматикалық тежегiштердi басқару құрылғыларымен жарақтандырылады. Жүк поездарының локомотивтерi магистральды тежегiш тығыздығын бақылау үшiн құрылғылармен, аспаптармен жабдықталады.

      17. Поездық локомотивтерге және моторвагондық поездарға бiр машинист қызмет көрсеткен кезде мынадай қауiпсiздiк құралдарымен және құрылғыларымен:

      1) поездың тежелуiн автоматты басқару жүйесiмен немесе кешендi локомотивтiк қауiпсiздiк құрылғысымен, сондай-ақ машинистiң серғектiгiн бақылау жүйесiмен;

      2) артқы көрiнiс айналарымен немесе басқа ұқсас құрылғылармен;

      3) автоматты өрт сөндiру жүйесiмен және өртсөндiргiш жүйемен;

      4) тежеу бұғаттамасымен;

      5) автожүргiзу жүйесiмен жарақтандырылады.

      Моторвагонды жылжымалы құрам есiктердiң жабылуын бақылау сигнализациясымен және "жолаушы-машинист" байланысымен жабдықталады.

      18. Бiр машинист қызмет көрсететiн маневрлiк локомотивтер:

      1) оларды вагондардан дистанциялық ағыту құрылғыларымен;

      2) екiншi басқару пультiмен;

      3) артқы көрiнiс айналарымен;

      4) машинист кенеттен локомотив жүргiзу қабiлетiнен айырылған кезде автоматты тоқтату құрылғыларымен жабдықталады.

      Созылмалы еңiстерi мен өрлеулерi бар аз қамтылған учаскелердегi жүк қозғалысының маневрлiк жұмысы кезiнде шығару, тапсыру, диспетчерлiк және басқа жұмыс түрлерiмен айналысатын локомотив, сондай-ақ локомотив тартқыштары жолаушы қозғалысындағы, моторвагонды жылжымалы құрамды қоспағанда поезд локомотивтерiнiң бiр машинисiне қызмет көрсетуге рұқсат етiледi.

      19. Локомотивтерге және моторвагондық поездарға бiр машинистiң қызмет көрсетуi, олардың кезең-кезең бойынша қауiпсiздiк құрылғыларымен қамтамасыз етiлуiне және жабдықталуына қарай жүзеге асырылады.

      20. Жөндеудің мерзімді жоспарлы-алдын алу түрлерінен өтпеген локомотивтер мен моторвагонды жылжымалы құрамды пайдалануға жол берілмейді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.11.2017 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Бiрнеше локомотивтерге немесе қосылған секцияларға бiр кабинадан басқарылатын бiр локомотив бригадасымен қызмет көрсетiледi.

      22. Мынадай ақаулылықтардың ең болмаса біреуі болған жағдайда локомотивтерді, моторвагонды және жылжымалы құрамды пайдалануға шығаруға рұқсат етілмейді:

      1) дыбыс сигналын беруге арналған аспаптың ақаулығы;

      2) пневматикалық, электрпневматикалық, қол тежегiштердiң немесе сығымдағыштың ақаулығы;

      3) ең болмаса бiр тартымдық электр қозғалтқышының ақаулығы немесе өшiп қалуы;

      4) автоматты локомотивтiк сигнализациясының немесе қауiпсiздiк құрылғыларының ақаулығы;

      5) автотоқтатудың немесе машинистiң сергектiгiн тексеру құрылғыларының ақаулығы;

      6) жылдамдық өлшегiштiң және оның құрылғыларының реттеушi жетегiнiң ақаулығы;

      7) поездық және маневрлiк радиобайланыс құрылғыларының ақаулылығы, ал моторвагонды жылжымалы құрамда - "жолаушы-машинист" байланысының ақаулылығы;

      8) гидродемпферлердiң, аккумуляторлық батареяның ақаулығы;

      9) автотiркегiш құрылғылардың ақаулығы, соның iшiнде ағыту тұтқышы шынжырының үзiлуi немесе оның деформациясы;

      10) құм беру жүйесiнiң ақаулығы;

      11) прожектордың, буферлiк шамның, жарықтандырудың, бақылау немесе өлшеу аспабының ақаулығы;

      12) қамыттағы, серiппелi iлiнiстегi немесе серiппенiң түпкi табағындағы жарық, серiппе табағының сынуы;

      13) букс корпусындағы жарық;

      14) букстық немесе моторлы-осьтiк мойынтiректiң ақаулығы;

      15) бөлшектердiң жолға түсiп қалуынан сақтандыратын конструкцияда көзделген құрылғының болмауы немесе оның ақаулығы;

      16) тартқыш тiстi берiлiстiң ең болмағанда бiр ғана тiсiнiң жарығы немесе сызаты;

      17) жаққыш майдың ағып кетуiне әкелетiн тiстi берiлiс қаптамасының жоғары вольтты камераның қорғағыш бұғаттауының ақаулығы; ток қабылдағыштың ақаулығы;

      18) өрт сөндiру құралдарының, автоматты өрт сөндiру сигнализациясының ақаулығы (локомотив конструкциясында көзделген);

      19) қысқа тұйықталу токтарынан, асқын жүктемеден және асқын кернеуден қорғау, дизельдiң авариялық тоқтауынан сақтандыру құрылғыларының ақаулығы;

      20) дизельден тарсылдау, бөтен шуыл дыбыстарының пайда болуы;

      21) электр жабдығының қорғаныш қаптамаларының болмауы;

      22) локомотивтi басқарудың микропроцессорлық жүйесiнiң ақаулығы.

      23. Локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда орнатылған манометрлерге, сақтандырғыш клапандарға, сондай-ақ электр энергиясы мен отынның жұмсалуын тiркейтiн аппараттар мен аспаптарға пломба салынады.

      24. Электр сақтандырғыш құрылғылары, өрт сөндiру құралдары, өрт сигнализациясы және локомотивтердегi және моторвагонды жылжымалы құрамдағы автоматика, манометрлер, сақтандырғыш клапандар, ауа резервуарлары белгiленген мерзiмдерде сынақтан және куәландырудан өткiзiледi.

4. Вагондарды техникалық пайдалану тәртiбi

      25. Вагондардың барлық элементтері беріктігі, орнықтылығы және техникалық жай-күйі бойынша поездардың қауіпсіз және жатық қозғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

      26. Электр жылытуы бар жолаушылар поездарына қосылатын вагондар электр жылытуды автоматты басқару жүйесiмен жабдықталады.

      27. Поездарға мынадай:

      оларды қарап-тексергенге және пайдалануға жарамды деп танығанға дейін рельстен шығып кеткен;

      жай-күйі тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етпейтін теміржол жылжымалы құрамы, сондай-ақ олардың жүккөтергіштігінен артық немесе тиеудің техникалық шарттарын бұза отырып тиелген вагондар тіркелмейді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.11.2017 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Поездарға электрпневматикалық тежегішінің, электр жабдықтарының, өрт сөндіру сигнализациясының, тасымалдау жағдайларын бұзатын ауаны баптау, желдету, жылыту жүйесінің ақаулықтары және жолаушыларды, жолаушылар вагондарын, сондай-ақ жолаушылар поезы бастығының (механик-бригадирінің) локомотив машинисімен радиобайланысы жұмыс істемейтін радиокупесі (штабтық) бар жолаушылар вагондарын қосуға рұқсат етілмейді.

      29. Жүк тиеуге және адамдарды отырғызуға техникалық қызмет көрсетуге ұсынылмаған вагондарды беруге рұқсат етілмейді. Оларды жарамды деп тану туралы жазба ВУ-14 жүк паркінің жылжымалы құрамдарын техникалық қызмет көрсетуге ұсыну журналында жазылады.

      Техникалық қызмет көрсету пункттерi жоқ станцияда жүк тиеуге берiлетiн бос вагондар, сондай-ақ осындай станцияларда қосарланған операцияларда қолдану көзделiп отырған жүк тиелген вагондар қарап тексерiлуi, ал олардың ақаулықтары болған жағдайларда жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету пунктiнде жөнделуi тиiс.

      30. Қалыптастыру және тарату станцияларында, жол жүрiп келе жатқанда – поездардың қозғалысы кестесiнде көзделген станцияларда поездың әр вагоны техникалық қызмет көрсетуден өтедi, ал ақаулықтары анықталған кезде – жөнделедi.

      31. Техникалық қызмет көрсету кезiнде мыналар тексерiледi:

      1) жабдықтардың, тораптардың және бөлшектердiң жай-күйi және тозуы және олардың белгiленген мөлшерлерге сәйкестiгi;

      2) қауiпсiздiк және радиобайланыс құрылғыларының, тежегiш жабдықтарының және автотiркегiш құрылғыларының бақылау, өлшеу, және сигнал беру құрылғыларының, электр тiзбектерi жұмысының дұрыстығы;

      3) қозғалғыш бөлiгiнiң жай-күйi және жарамдылығы. Арбашаның екi жағындағы сырғақтар арасындағы қосынды саңылау барлық үлгiдегi төрт осьтi жүк вагондарында, ЦНИИ үлгiсiндегi хоппер-дозаторларды қоса алғанда, 20 миллиметрден артық болмайтын және кем дегенде 4 миллиметр, саңылауы 12 миллиметрден артық болмайтын және кем дегенде 6 миллиметр болатын көмiрдi, ыстық агломератты, апатиттердi тасымалдауға арналған хопперлерден және ЦНИИ-2, ЦНИИ-3 үлгiсiндегi хоппер дозаторларынан, ВС-50 үлгiсiндегi думпкарларынан басқа, ал ВС-80, ВС-82, ВС-85 үлгiсiндегi думпкарларында 20 миллиметрден артық болмайтын және кем дегенде 12 миллиметр болуы тиiс;

      4) сегiз осьтi цистернаның бiр шетiнiң екi жағында жалғағыш және шүберiн арқалықтарының сырғақтары арасындағы саңылаулар қосындысында 4-тен 15 миллиметрге дейiн;

      5) тасымалданатын жүктiң сақталуына кепiлдiк беретiн шанақтың және цистерналар қазандығының жарамдылығы;

      6) өту алаңдарының, арнайы баспалдақтардың және тұтқалардың жарамдылығы;

      7) жылжымалы құрам бөлшектерi мен жабдықтарының жолға түсiп қалуынан сақтандыратын құрылғылардың болуы және олардың жарамдылығы.

      32. Вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиялық процеске және поездардың қозғалыс кестесiне сәйкес жүргiзiледi.

      Техникалық қызмет көрсету пунктерiнiң қызметкерлерi кепiлдiк учаске шегiнде қозғалыс қауiпсiздiгi және вагондардың поезд құрамында жарамды күйде жүруiн қадағалайды.

      Жүк поездары үшiн кепiлдiк учаскелерi локомотивтердiң айналым учаскелерiнiң ұзақтығын, автотежегiштердi толық байқау, вагондарға сапалы техникалық қызмет көрсету және коммерциялық қарап тексеру қажеттiлiгiн негiзге ала отырып белгiленедi.

      33. Жолаушылар поездарының құрамдарын қалыптастыру станцияларының және құрамдардың айналым станцияларының қызметкерлерi жолаушылар вагондарының поездың құрамында қалыптастыру және айналым пунктiнен поезды таратудың (тағайындалу) соңғы пунктiне дейiн қауiпсiз жүрiп өтуiн қамтамасыз етедi.

      34. Жолаушылар вагондарындағы электр қорғау құрылғылары, өрт сөндiру құралдары, өрт сигнализациясы және автоматика кезеңдiк сынақтан өткiзiледi.

5. Қалпына келтiру және өрт сөндiру поездарын техникалық пайдалану

      35. Қалпына келтiру пойызы Ұлттық инфрақұрылым операторының арнайы құрылымы болып табылады және жылжымалы құрамның рельстерден шығып кетуi мен соқтығысуының салдарларын жоюға арналады.

      36. Өрт пойызы Ұлттық инфрақұрылым операторының арнайы құрылымы болып табылады және объектiлер мен жылжымалы құрамда өрт сөндiру-профилактика жұмыстарын өткiзуге және өрттердi сөндiруге арналады.

      Кiрме темiр жолдарындағы және басқа ұйымдардың объектiлерiнде өрттi сөндiру, рельстен шығып кеткен және соғысып қалған жылжымалы құрамның салдарларын жоюды өрт сөндiру және қалпына келтiру поездары шарт бойынша жүзеге асырады.

      37. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары жөндеудің жоспарлы-ескерту түрлерінен, техникалық қызмет көрсетуді уақытылы өткізу және пайдалану процесінде техникалық жарамды күйде ұсталуы тиіс.

      38. Қалпына келтiру поездары орналасқан пункттер арасындағы қашықтық кемiнде 300 километр, аз әрекеттi учаскелерде кемiнде 400 километр қашықтыққа белгіленеді. Өрт сөндiру поездарының шығатын учаскелерi өрт сөндiру поезының шығу радиусы 100 километрден артық болмайтын шектелген учаскелердiң соңғы пунктiне жеткiзу үшiн қажеттi уақыттың есебiнен (1,5 сағаттан артық болмайтын) белгiленедi.

      39. Қалпына келтiру және өрт сөндiру поездары тұратын жерлерi екi жаққа шығуы бар жолдарда болады және қалпына келтiру және өрт сөндiру поездарының АЖҚ тұруына ғана арналған.

      40. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.11.2017 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы пайдалану тәртiбi

      41. Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттар бойынша темiржол иесi тиiсiнше пойыздардың үзiлiссiз қозғалысын ұйымдастыруға арналған жағдайларды қамтамасыз етедi.

      42. Қар жинағыш және қар тазалағыш техника (қар жинағыш пойыздар, соқалы қар тазалағыштар, қар тазалағыш жоңғылар, роторлы қар тазалағыштар) қысқы кезеңдегi жұмысқа Ұлттық инфрақұрылым операторы белгiлеген мерзiмдерде дайындалады. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканың қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiгiн Ұлттық инфрақұрылым операторы белгiлейдi.

      Барлық қар жинағыш және қар тазалағыш техникаға жұмыстардың басшылары, машинистер және олардың көмекшiлерi тәулiк бойына жұмыс iстеумен қамтамасыз ету есебiнен бекiтiледi.

      43. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы орналастыру жоспарын, қармен күресудiң жедел жоспарын тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттары бойынша темiржол иесi бекiтедi.

      44. Қар жинағыш және қар тазалағыш техникасы бар поездар жұмыс басшысының локомотив машинисiмен, поезд диспетчерiмен, станция бойынша кезекшiмен және маневр ауданының операторымен байланысуы үшiн радиоаппаратурамен жабдықталады.

      45. Соқалы қар тазалағыштар электрлендiрiлген учаскелерде жұмыс iстеген кезде түйiспе сымының кернеуi алынбайды. Учаскеде жол осiнен тiректердiң iшкi шетiне дейiнгi қашықтық кемiнде 3,1 метр болатын түйiспе желiсiнiң тiректерi болған кезде қанаттары ашық соқалы қар тазалағыштармен жұмыс рұқсат етілмейді.

      46. Роторлы қар тазалағыштар электрлендiрiлген учаскелерде жұмыс iстеген кезде түйiспе сымының кернеуi өшiрiледi.

      47. Қызмет көрсету иiнi бiр соқалы қар тазалағыш үшiн қар қатты басатын және қар басатын учаскелерде бас жолдың жазылмалы ұзындығының кем дегенде 100-150 километр, қар орташа басатын және қар аз басатын учаскелерде кем дегенде 200-300 километрін құрайды.

      48. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.11.2017 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7. АЖҚ ұстау тәртiбi

      49. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.11.2017 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. АЖҚ-ның бригадасының құрамы оның үлгiсiне және осы арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамды басқаруға және көлiктiк тәртiбiнде қызмет көрсетуге тағайындалған жұмысшыларды бөлген жағдайда белгiленедi.

      51. Комиссиялық қарап тексерудiң нәтижелерi, жөндеудiң, кезеңдiк қызмет көрсетудiң түрлерi АЖҚ жұмысы, оған кезеңдiк техникалық қызмет көрсету және жөндеу журналына жазылады.

      52. АЖҚ-ның негiзгi тораптары мен жүйелерi (электржабдықтары, жылыту, автотежегiш және автотiркеу жабдықтары, жүрiс бөлiктерi) жарамды жай-күйде ұсталады.

      53. АЖҚ-ның жұмысқа жарамсыз күйi қозғалыс қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн, қызмет көрсетушi персоналдың денсаулығына қауiп туғызатын, АЖҚ көрiнiсiнiң габаритiн бұзатын ақаулықтардың болуымен сипатталады.

      54. АЖҚ-ның консервацияда тұру уақытын темiр жол көлiгi ұйымдары, сондай-ақ олардың меншiк иелерi АЖҚ-ның қызмет ету мерзiмiне енгiзбейдi.

      55. АЖҚ-ны пайдалану кезiнде жоспарлы-ескерту жөндеу жүйесiне сәйкес жөндеу ұйымдары деполық жөндеудi, күрделi жөндеудi және қызмет ету мерзiмiн ұзартатын күрделi жөндеудi орындайды.

      56. Қызмет ету мерзiмi аяқталған АЖҚ-ның техникалық жай-күйiн тексерудi тораптар мен бөлшектердiң бар зақымдануларын, ақаулықтарын, сондай-ақ конструкциясының негiзгi элементтерiнiң тозу деңгейiн анықтау мақсатында қызмет ету мерзiмiн ұзарту мақсатында техникалық диагностикалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу құқығы бар ұйымдар жүргiзедi.

      57. АЖҚ иелерi техникалық пайдалану, жоспарлы жөндеулердiң қауiпсiздiгi талаптарының және техникалық куәландыру көлемдерiн және пайдалану құқығын беретiн құжаттарды ресiмдеу тәртiбiн сақтайды.

8. Тежегiш жабдық және автотiркегiш құрылғыларды ұстау тәртiбi

      58. Жылжымалы құрам, соның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрам автоматты тежегiштермен, ал жолаушылар вагондары, моторвагонды жылжымалы құрам және жолаушылар поездарын жүргiзуге арналған локомотивтер, бұдан басқа, электрпневматикалық тежегiштермен жабдықталады. Автоматты тежегiштер вагондардың тиелуiне, құрамның ұзындығына және жол профилiне байланысты тежеудiң түрлi режимдерiн қолдану мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

      Жылжымалы құрамның, соның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегiштер, әр түрлi пайдаланған жағдайда басқару және жұмысына сенiмдi болуы, жатық тежеудi қамтамасыз ету мүмкiндiгi бар, сондай-ақ ауа құбыржолының магистралi ажыраған немесе үзiлген кезде және тоқтату кранын (шұғыл тежеу кранын) ашқан кезде поезды тоқтатады.

      Жылжымалы құрамның, соның iшiнде өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамның автоматты және электрпневматикалық тежегiштерi есептiк деректер бойынша айқындалған тежеу жолынан артық болмайтын қашықтықта шұғыл тежеген кезде поездың тоқтауына кепiлдiк беретiн тежегiштiң басылуын қамтамасыз етедi.

      Шаруашылық, қала маңындағы поездардың құрамына адамдарды тасымалдау үшiн енгiзiлетiн жүк вагондары тоқтату кранымен жабдықталады.

      Жолаушылар вагондарында және моторвагонды жылжымалы құрамда тоқтату крандары тамбурларда, вагондардың iшiнде орнатылады және пломбыланады.

      59. Локомотивтер, жолаушылар, жүк вагондары, моторвагонды және АЖҚ қол тежегіштерімен жабдықталады. Жүк вагондарының бір бөлігінде құрылымына сәйкес тоқтату краны және қол тежегіші бар өту алаңы болуы тиіс. Теміржол жылжымалы құрамындағы қолмен тежегіштер жарамды жай-күйде ұсталуы қажет және есептік тежегіш қысымын қамтамасыз етуі тиіс.

      60. Иiнтiректiк тежегiш берiлiстiң ажырауы немесе омырылуы габариттен шығып кетуге немесе жолға түсiп қалуға алып келуi мүмкiн барлық бөлiктерiнiң сақтандырғыш құрылғылары болуы тиiс.

      61. Жылжымалы құрам және АЖҚ темiржол жылжымалы құрам бiрлiктерiнiң өздiгiнен ажырауына жол бермейтiн тiркеу құрылғысымен жабдықталады.

      62. Автотiркегiш осiнiң рельс бастиектерiнiң үстi деңгейiнiң үстiндегi биiктiгi:

      1) локомотивтерде, жолаушылар және бос жүк вагондарында - 1080 миллиметрден артық болмайтын;

      2) локомотивтерде және адамдары бар жолаушылар вагондарында – кем дегенде 980 миллиметр;

      3) жүк вагондарында (жүк тиелген) - кем дегенде 950 миллиметр;

      4) АЖҚ-та бос күйiнде - 1080 миллиметрден артық болмайтын, тиелген күйiнде – кем дегенде 980 миллиметр.

      63. Автотiркегiштердiң бойлық осьтерiнiң арасында биiктiгi бойынша:

      1) жүк поезында - 100 миллиметрден артық болмайтын;

      2) локомотив пен жүк поезының жүк тиелген бiрiншi вагоны арасында - 110 миллиметрден артық болмайтын;

      3) локомотив пен жолаушылар поезының бiрiншi вагоны арасында - 110 миллиметрден артық болмайтын;

      4) сағатына 120 километр жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезында - 70 миллиметрден артық болмайтын;

      5) сондай сағатына 121-140 километр жылдамдықпен - 50 миллиметрден артық болмайтын;

      6) локомотив пен АЖҚ-тың жылжымалы бiрлiктерi арасында – 100 миллиметрден артық болмайтын айырмашылық белгіленеді.

      Сағатына 161 километр және одан артық жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар поезы вагондар арасындағы саңылаусыз автотiркегiшпен жабдықталады.

      64. Жолаушылар вагондарының автотiркегiшiнде тiгiнен ауыстырулардың шектегiштерi болуы тиiс.

      Технология бойынша жолаушылар поезымен тiркелiп жұмыс iстейтiн АЖҚ-тың, локомотивтiң автотiркегiшiнде тiгiнен ауыстырулардың шектегiшi болуы тиiс.

      65. Автотiркегiш құрылғыларының техникалық жай-күйi және поезд құрамындағы вагондардың дұрыс тiркелуiн тексерудi жөнелту алдында поезға техникалық қызмет көрсетудi орындаған вагондарды қарап тексерушi жүзеге асырады.

      Вагондарды қарап тексерушiлерi жоқ станцияларда вагондарды поезға тiркеген кезде, сондай-ақ маневрлiк жұмыс кезiнде вагондардың дұрыс тiркелуi үшiн маневрлердiң басшысы жауапты болады.

      Локомотивтiң немесе локомотив ретiнде қолданылатын өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамның тиiсiнше поездың бiрiншi вагонына немесе басқа өздiгiнен жүретiн арнайы жылжымалы құрамға дұрыс тiркелуiн локомотивтiң немесе локомотив ретiнде қолданылатын өздiгiнен жүретiн АЖҚ-тың машинисi жүзеге асырады.

      66. Поездық локомотивтiң құрамнан ағытылуын және құрамға тiркелуiн (соның iшiнде тежегiш жеңдерiн ажыратуды, жалғастыруды және асуды, шеткi крандарды ашуды және жабуды) локомотив бригадасының қызметкерлерi жүргiзуi тиiс.

      Поезд локомотивiн электрлiк жылытумен жабдықталған жолаушылар құрамнан ағытуды локомотив бригадасының қызметкерi, ал локомотивке вагондарды қарап тексерушi-машинист жалғыз қызмет көрсеткен кезде поездық электр механик жоғары вольтты вагондық электр жалғағыштарын ажыратқан соң ғана жүргiзедi. Жылыту электр тiзбектерiн ажырату ток қабылдағыш түсiрiлiп тұрғанда жүргiзiледi.

      Локомотивке жалғыз машинист қызмет көрсеткен кезде поездық локомотивтi жүк және жолаушылар поезының құрамына тiркеу және оны осы құрамнан ағыту жөнiндегi операцияларды вагондарды қарап тексерушiге, ал вагондарды қарап тексерушiлер көзделмеген станцияларда және аралықтарда: жолаушылар поезында - жолаушылар поезының бастығына (механик-бригадирiне), жүк поезында – локомотив машинисiне жүктеледi.

9. Доңғалақ жұбының техникалық пайдалану тәртiбi

      67. Әр доңғалақ жұбының осiнде доңғалақ жұбының қалыптастырылу және толық куәландырылу уақыты мен жерi туралы белгiлер, сондай-ақ қалыптастыру кезiнде оны қабылдау туралы таңбалар қойылады.

      Доңғалақ жұптары жылжымалы құрам астында қарап тексерiлу мен толық куәландырудан өтуi тиiс, сондай-ақ әрбiр домалатып қою кезiнде тиiстi журналдарда немесе паспорттарда тiркелуi тиiс.

      68. Жүктелмеген доңғалақ жұбы доңғалақтарының ішкі қырлары арасындағы қашықтық 1440 миллиметр болуы тиіс. Жылдамдығы сағатына 120 километрден жоғары және сағатына 140 километрге дейінгі поездарда айналатын локомотивтерде және вагондарда, сондай-ақ өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамда ауытқулары ұлғаю жағына қарай 3 миллиметрден артық болмайтын және кему жағына қарай 1 миллиметрден артық болмайтын ауытқуларға рұқсат етіледі, жылдамдығы сағатына 120 километрге дейін болғанда 3 миллиметрден артық болмайтын ауытқуларға рұқсат етіледі.

      69. Жылжымалы құрамды, сонымен қоса АЖҚ егер оның доңғалақ жұбы осінің кез келген бөлігінде немесе оның құрсауында, дискісінде және доңғалақ күпшегінде жарығы, доңғалақ жұбының жалында сүйірленген қажағы болса, сондай-ақ жол мен жылжымалы құрамның қалыпты өзара байланысын бұзатын доңғалақ жұбының келесі тозулары мен зақымданулары кезінде, пайдалануға беруге және поездармен жүруіне рұқсат етілмейді:

      1) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 километрден жоғары және сағатына 140 километрге дейін:

      локомотивтердiң, моторвагонды жылжымалы құрамның, жолаушы вагондарының домалау шеңберi бойынша 5 миллиметрден артық сырғанау;

      жолдың биiктiгi 30 миллиметр болғанда жотаның шыңынан 20 миллиметр қашықтықта өлшегенде локомотивтерде жотаның қалыңдығы 33 миллиметрден артық немесе 28 миллиметрден кем, ал моторвогонды жылжымалы құрамда, жолаушылар вагондарында жалдың биiктiгi 28 миллиметр - жотаның шыңынан 18 миллиметр қашықтықта өлшегенде;

      2) қозғалыс жылдамдықтары сағатына 120 километр дейiн:

      Жүрiп өту шеңберi бойынша локомотивтерде, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамда және алыс сапардағы қатынастағы поездардың жолаушы вагондарында - 7 миллиметрден астам, моторвагондық және арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамда, жергiлiктi және қала маңы қатынасы поездарының жолаушы вагондарында - 8 миллиметрден астам, рефрижераторлық парк вагондарында және жүк вагондарында - 9 миллиметрден астам болғанда;

      жотаның биiктiгi 30 миллиметр кезiнде жотаның басынан 20 миллиметр қашықтықта өлшеген кезде локомотивтерде, ал жотаның биiктiгi 28 мм жылжымалы құрамда - жотаның басынан 18 миллиметр қашықтықта өлшегенде жалдың қалыңдығы 33 миллиметрден астам немесе 25 миллиметрден кем болса;

      3) арнайы шаблонмен өлшенетiн жотаның тiгiнен қиылысуының биiктiгi 18 миллиметрден астам болғанда;

      4) локомотивтерде, моторвагонды және АЖҚ, сондай-ақ роликтiк букс мойынтiректерi және кассеталық үлгiдегi мойынтiректерi бар вагондарда тереңдiгi 1 миллиметрден астам, ал тендерлерде 2 миллиметрден астам сырғанау сырғақ (ойық) бетiнде болғанда.

      70. Моторвагонды жылжымалы құрамнан немесе аунақшалы букс мойынтiректерi бар тендерден басқа, вагонда жол жүрiп келе жатқанда тереңдiгi 1 миллиметрден артық, бiрақ 2 миллиметрден көп болмайтын сырғақ (ойық), анықталған кезде мұндай вагонды (тендердi) поездан ағытпастан (жылдамдығы сағатына 100 километрден артық болмайтын жолаушылар поезы, сағатына 70 километрден артық болмайтын жүк поезы) таяу жердегi, доңғалақ жұбын ауыстыруға арналған құралдары бар техникалық қызмет көрсету пунктiне дейiн апаруға рұқсат етiледi.

      Сырғақтың көлемi моторвагонды жылжымалы құрамның вагонынан басқа вагондарда 2-ден 6-миллиметрге дейiн, локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамда, сондай-ақ арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамда 1-ден 2-миллиметрге дейiн болғанда, поездың ең жақын станцияға дейiн сағатына 15 километр жылдамдықпен жылжуына, ал сырғақтың көлемi тиiсiнше 6-дан жоғары 12 миллиметрге дейiн және 2-ден жоғары 4-миллиметрге дейiн болғанда сағатына 10 километрге дейiнгi жылдамдықпен, доңғалақ жұбы ауыстырылуы тиiс ең жақын станцияға жету рұқсат берiледi. Сырғақтың көлемi вагон мен тендерде 12 миллиметрден астам, локомотивте және моторвагонды жылжымалы құрамның моторлы вагонында 4 миллиметрден астам болғанда доңғалақ жұбының көтерiлуi немесе доңғалақ жұбының айналуына мүмкiндiк бермеу шарты орындалған жағдайда сағатына 10 километр жылдамдықпен жылжуына рұқсат берiледi. Бұл ретте локомотив поездан ағытылуы, ал зақымдалған доңғалақ жұбының тежегiш цилиндрлерi және тартымдық электрқозғалтқышы (электрқозғалтқыштарының тобы) iстен ажыратылуы тиiс.

      71. "Patentes Talgo S.L." компаниясы шығарған жолаушы вагондарының доңғалақтары жасаушы зауыттың технологиялық нұсқаулығының талаптарын және төмендегi қосымша талаптарды қанағаттандыруы тиiс:

      1) доңғалақтардың iшкi қырларының арасындағы қашықтық 1440 миллиметр болуы тиiс, "Patentes Talgo S.L." компаниясы шығарған, жылдамдығы сағатына 160 километрге дейiнгi поездарда айналадағы ауытқулары ұлғаюы жағына 3-миллиметрден және азаю жағына да 1 миллиметрден аспауы тиiс;

      2) жотаның қалыңдығы 28 миллиметрден кем болмауы, доңғалақ құрсамасының қалыңдығы – кем дегенде 40 миллиметр, домалау шеңберi бойынша сырғанауы 3 миллиметрден артық болмауы тиiс;

      3) сырғанау шеңберi бойынша доңғалақтар диаметрлерiнiң айырмашылығы доңғалақ жұбын шығарып қайрау кезiнде – 0,5 миллиметрден артық болмайды, шығарусыз – 1 миллиметрден артық болмайды;

      4) шектес вагондар арбашаларының арасындағы доңғалақ диаметрлерiнiң айырмашылығы – 5 миллиметрден артық болмайды;

      5) сырғанау бетiнде тереңдiгi 0,5 миллиметрге дейiнгi сырғақ (ойық) бар болған жағдайда, қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 километрден артық болмауы тиiс;

      6) сырғанау бетiнде тереңдiгi 0,5 миллиметрден 1 миллиметрге дейiнгi сырғақ (ойық) бар болған жағдайда, қозғалыс жылдамдығы сағатына 120 километрден артық болмауы тиiс;

      7) тереңдiгi 1 миллиметрден артық сырғақты байқаған жағдайда осы Қағидалардың талаптарын басшылыққа алу қажет.

10. Темiр жол желiсiнiң инфрақұрылымын техникалық пайдалану тәртiбi

      72. Магистральдық темір жол желісінің құрылыстары мен құрылғылары ақаусыз күйде ұсталуы тиіс.

      Құрылыстар мен құрылғылар ақаулықтарының алдын алу және олардың ұзақ қызмет ету мерзiмiн қамтамасыз ету оларды күтiп ұстау үшiн жауапты адамдардың жұмысында ең бастысы болып табылады.

      73. Құрылыстар, құрылғылар, механизмдер мен жабдықтар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Құрылыстардың, құрылғылардың, негiзгi механизмдер мен жабдықтардың техникалық және пайдалану сипаттамалары қамтылған техникалық паспорттары болуы тиiс.

      74. Магистральдық темiр жол желiсiнiң құрылыстары мен құрылғылары поездардың белгiленген жылдамдықтарымен өтуiн қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес болуы тиiс:

      1) мынадай поездардың қозғалысы кезiнде: жолаушылар – сағатына 140 километр, рефрижераторлық – сағатына 140 километр, жүк – сағатына 120 километр.

      2) жолаушылар поездарының жүрдек қозғалысы кезiнде – сағатына 141 – 200 километр.

      3) жолаушылар поездарының жоғары жүрдек қозғалысы кезiнде – сағатына 201 километр және одан артық.

      75. Жаңадан шығарылған және қайта жаңғыртылған құрылыстар мен құрылғылар олардың жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейтiн техникалық құжаттама бекiтiлген соң ғана қолданысқа енгiзiледi.

      76. Құрылыстарды жақындату габариттерi (бұдан әрi – С және Сп) магистральдық темiр жол желiсiн, темiржолдық кiрме жолдарды, олардағы құрылыстар мен құрылғыларды жобалаған, салған, қайта жаңғыртқан кезде, екiншi жолдарды электрлендiрген және салған кезде, сондай-ақ пайдаланымдағы барлық құрылыстар мен құрылғыларда сақталады.

      С мен Сп габариттерiнiң талаптарына жауап бермейтiн қолда бар құрылыстар мен құрылғыларды қайта орналастыруды жоспарлаған кезде, бiрiншi кезекте, жылжымалы құрам габариттерiнiң перспективалық жылжымалы құрамын (бұдан әрi – Тпр және Тц), сондай-ақ аймақтық габарит бойынша тиелген жүктердi өткiзудi қамтамасыз етпейтiн объектiлер ескерiледi.

      77. Кез келген жөндеу, құрылыс және басқа жұмыстарды жүргізген кезде құрылыстар мен құрылғылардың габариттерін бұзуға рұқсат етілмейді.

      78. Қос жолды желiлердiң аралықтарындағы түзу учаскелердiң жолдар осьтерiнiң арасындағы қашықтық 4100 миллиметрден кем болмауы тиiс.

      Үш және төрт жолды желiлерде екiншi және үшiншi жолдар осьтерiнiң арасындағы қашықтық 5000 миллиметрден кем болмауы тиiс.

      Темiр жол станцияларында (бұдан әрi - станциялар) түзу учаскелерде шектес жолдар осьтерiнiң арасындағы қашықтық 4800 миллиметрден кем болмайды, екiншi дәрежелi жолдар мен жүк аудандарының жолдарында 4500 миллиметрден кем болмайды. Станцияларда бас жолдар шетте орналасқан болса олардың арасындағы қашықтық 4100 миллиметр болып белгіленеді. Жүкті тікелей вагоннан вагонға қайта тиеуге арналған жолдардың осьтері арасындағы қашықтықты 3600 миллиметр етуге рұқсат етіледі.

      Аралықтар мен станцияларда қисық учаскелердегi шектес жолдар осьтерiнiң арасындағы және жол осi мен құрылыстардың жақындау габаритi арасындағы горизонтальдық қашықтықтар белгiленедi.

      79. Көрсетiлген габарит шектерiнде жүктiң дұрыс орналастырылуын тексеру үшiн жаппай тиеу орындарында (темiр жол кiрме жолдарында, теңiз және өзен порттарында, қайта тиеу станцияларында) габарит қақпалары орнатылады. Жолдың жанына түсiрiлген немесе тиеуге дайындалған жүк құрылыстардың жақындау габаритi бұзылмайтындай етiп қойылуы және бекiтiлуi тиiс.

      Жүктiң (жол жұмыстарына арналып түсiрiлген балластан басқа) биiктiгi 1200 миллиметрге дейiн болғанда ол шеткi рельс бастиегiнiң сыртқы қырынан 2.0 метрден жақын, ал биiктiгi жоғары болғанда 2.5 метрден жақын тұрмауы тиiс.

      80. Темiр жолдың барлық элементтерi (жер төсемi, жоғарғы құрылысы және жасанды құрылыстар) пайдаланған кезде поездың осы учаскеде белгiленген жылдамдықтармен қауiпсiз және жатық қозғалысын қамтамасыз етуi тиiс.

      81. Жол шаруашылығы кәсiпорындарын орналастыру және техникалық жарақтандыру поездар қозғалысының берiлген мөлшерлерiн белгiленген жылдамдықтармен орындау үшiн темiр жолдарды, құрылыстар мен құрылғыларды күтiп ұстау мен жөндеу бойынша қажет жұмыстарды орындауды қамтамасыз етуi тиiс.

      82. Темiр жол қисықтардың радиустары, түзулер мен қисықтардың жанасуы, еңiстердiң қия беткейлiгiне қатысты желiнiң жоспарына және профилiне сәйкес болуы тиiс.

      83. Станциялар, разъездер мен озу пункттерi алаңда 0,0015-тен тiк емес орналасады.

      Локомотивтiң немесе вагондардың маневр және құрамнан ағытылуы және құрастырылған поездардың ажыратылуы, сондай-ақ бойлық немесе жартылай бойлық үлгiдегi аралық станциялар көзделмеген станциялар, разъездер мен озу пункттерi 0,0025-тен тік емес еңiспен орналастырылады.

      Пайдаланудағы станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарын ұзартқан жағдайда және вагондардың немесе құрамдардың (локомотивсiз) өздiгiнен жүрiп кетуiнiң жол бермейтін құрылғылардың барында еңiстер 0,0025-тен, бiрақ 0,010-нан тiк емес еңiстерге рұқсат етiледi.

      84. Вагондардың немесе құрамдардың (локомотивсiз) өздiгiнен жүрiп кетуiне жол бермеу үшiн станцияларда, разъездер мен озу пункттерiнде вагондарды локомотивтен ағытып алу және маневрлiк операциялар жүргiзу көзделетiн жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған қабылдау-жөнелту жолдарының шектегiш бағыттамалар жағына қарай еңiске қарсы құрылғылары бар бойлық профилi болуы және оны жобалау нормативтерiне сәйкес болуы тиiс.

      85. Вагондардың өздiгiнен басқа жолдарға, поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына шығып кетуiнiң алдын алу үшiн сақтандыру тұйықтарын, қорғағыш бағыттамаларын, лақтырғыш табаншалардың, лақтырғыш үшкiрлердi, лақтырғыш бағыттамаларды орналастырылуы, сондай-ақ вагондарды бекiтуге арналған стационарлық құрылғыларды қолдану көзделедi.

      86. Станциялар, разъездер мен озу пункттерi, сондай-ақ жекелеген парктер мен тартымдық жолдар түзу учаскелерде орналасады.

      Кесіп өту жағдайда орналасқан станциялар, разъездер мен озу пункттерi радиусы кем дегенде 1500 метр қисықтарда орналастырылады, ал таулы жағдайда радиусы 600 метрге дейiн азайтумен орналастырылады.

      87. Магистральдық және станциялық жолдардың, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторына және концессия шарттары бойынша темiржол иесiне тиесiлi темiржол кiрме жолдарының жоспары мен бейiнi кезең-кезеңiмен аспап арқылы тексерiлiп отырады.

      Жолдардың жоспары мен бейiнiн аспап арқылы тексеру, тиiстi техникалық құжаттаманы дайындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ станциялардың масштабтық және схемалық жоспарларын жасау тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторына және концессия шарттары бойынша темiржол иесiне жүктеледi.

      88. Ұлттық инфрақұрылым операторында мыналар болуы тиiс:

      1) дистанцияда бар жол шаруашылығының барлық құрылыстары мен құрылғылардың сызбалары мен сипаттамалары;

      2) станциялардың масштабтық және схемалық жоспарлары, барлық бас және станциялық жолдардың, сұрыптау дөңестерiнiң, сондай-ақ локомотивтер айналатын темiр жол кiрме жолдарының бойлық бейiндерi болады.

      89. Сұрыптау, учаскелiк және жүк станцияларындағы сұрыптау дөңестерiнiң, дөңесасты және пiшiнделген тартымдық жолдардың бойлық бейiндерiн үш жылда кемiнде бiр рет тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттары бойынша темiржол иесi тексередi. Барлық станциялардың станциялық жолдарының қалған ұзындығында бейiн он жылда кемiнде бiр рет тексерiледi.

      Басты жолдардың бойлық бейiн аспап арқылы тексеру жолдарды күрделi және орташа жөндеу кезеңiнде жүргiзiледi. Жолдың жоспары мен бейiнiнiң өзгеруiне алып келетiн қайта құру жүргiзiлетiн магистральдық және станциялық жолдардың учаскелерiн жұмысты орындаушылар жұмысты аяқтаған соң тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесiне тиiстi құжаттаманы ұсына отырып, тексередi.

      Станция аумағында жаңа объектiлер салған, қолда барларын кеңейткен немесе басқа орынға ауыстырған кезде осындай жұмыстарды орындайтын кез келген ұйым қолданыстағы станцияның дамуына объектiнiң байланыстырылуын белгiлейтiн орындаушылық құжаттаманы дереу Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесiне бередi.

11. Жолдың жоғарғы құрылысы, жер төсемi және жасанды құрылыстарды пайдалану тәртiбi

      90. Жер төсемiнiң үстiңгi жағындағы енi жолдың түзу учаскелерiнде жолдың үстiңгi құрылысына сәйкес болуы тиiс. Қолданыстағы желiлерде олардың қайта құрылуына дейiн жер төсемiнiң енi кем дегенде: дара жолды желiлерде - 5,5 метр, қосжолды желiлерде - 9,6 метр, ал жеке жолды желiлердегi жартастық және құрғатқыш топырақтарда кем дегенде - 5,0 метр, қосжолды желiлерде 9,1 метр болуына рұқсат етiледi.

      Жер жиегiнiң үстiңгi бетiндегi ең аз енi жолдың әр жағынан 0,4 метр болуы тиiс.

      91. Жолдың түзу учаскелерiнде және радиусы 350 метр және одан үлкен, қисықтардағы рельстердiң бастиектерiнiң iшкi шеттерi арасындағы жолтабан енiнiң номиналдық көлемi - 1520 миллиметр.

      92. Едәуiр тiк келетiн учаскелердегi жолтабанның енi:

      1) радиусы 349-дан 300 метрге дейiн ағаш шпалдарда - 1530 миллиметр;

      2) радиусы 349-дан 300 метрге дейiн темiрбетон шпалдарда - 1520 миллиметр;

      3) радиусы 299 метр және одан кем барлық шпалдар түрiнде - 1535 миллиметр.

      93. Темір жол желілерінің учаскелері мен жолдарында радиусы 650 метрден артық учаскелерде жолтабан енінің номиналдық көлемі 1524 миллиметрге пайдалануға рұқсат етіледі.

      94. Бұл ретте, едәуiр тiктеу келетiн қисықтарда қабылданатын жолтабан:

      1) радиусы 650-ден 450 метрге дейiн - 1530 миллиметр;

      2) радиусы 449-дан 350 метрге дейiн - 1535 миллиметр;

      3) радиусы 349 метрден және одан кем - 1540 миллиметр.

      Жолдың түзу және қисық учаскелерiнде жолтабан енiнiң номиналдық өлшемдерден ауытқуының шамасы тарылымы бойынша - 4 миллиметрден, кеңеюi бойынша +8 миллиметрден, ал қозғалыс жылдамдықтары сағатына 50 километр және одан төмен учаскелерде таралымы бойынша - 4 миллиметрден, ал кеңеюi бойынша - +10 миллиметрден аспауына рұқсат етiледi.

      95. Номиналдық мөлшерiнен ауытқу шамасы жолтабан енiнiң 1512 миллиметрден кем және 1548 миллиметрден артық болуына рұқсат етiлмейдi.

      Жолдардың түзу учаскелерiнде жолды пайдалану бiр рельстiк жіктің екiншiсiнен 6 миллиметрге биiк қатынаста деңгейде ауытқу шамасы бойынша жүзеге асырылады.

      Қисық учаскелерде сыртқы рельс жігінің жоғары тұруы 150 миллиметрден артық болуына жол берілмейді.

      96. Көпiрлер мен тоннельдер бақылау-габариттiк құрылғыларымен қоршалады, хабарлау сигнализациясымен және бөгегiш бағдаршамдарымен жабдықталады.

      Жасанды құрылыстар өртке қарсы құралдармен және қарап тексеруге арналған құралдарымен жабдықталады.

      97. Жолдың және құрылыстардың жай-күйiн бақылау магистральдық темiр жол желiсiнде жол өлшегiш вагондар мен арбашалар, ақаутапқыш вагондар, ақаутапқыш автомотрисалар, ақаутапқыш арбашалар, ақаутабу жөнiндегi зертханалар, көпiрлiк, тоннельдiк, жолды тексерушiлiк, габарит-тексерушiлiк, сынау, жөндеу-тексеру-сүңгуiр станциялары қолданылады.

      98. Темір жолдармен поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін станцияларда және елді мекендерге, мал бағу орындарына жақын орналасқан жерлерде қоршау құрылғылары орнатылады.

12. Рельстердi, бағыттамалы бұрмаларды, жол және сигнал белгiлерiн, темiр жолдардың
қиылусыларын және өтпелерiн пайдалану тәртiбi

      99. Басты және станциялық жолдардағы рельстер мен бағыттамалық бұрмалар қуаты мен жай-күйi бойынша пайдалану жағдайларына (жүктасымалдылығы, осьтiк жүктемелер және поездардың қозғалыс жылдамдықтары) сәйкес болуы тиiс.

      100. Бағыттамалық бұрмалар айқастырмаларының маркалары мынадай: бас және қабылдау-жөнелту жолаушы тасушы жолдарда - 1/11-ден тiк емес, ал айқаспалы және айқаспалы бұрмалардың жалғасы болып табылатын жеке бұрмалар - 1/9-дан тiк емес, жолаушылар поездары бұрманың түзу жолы бойынша ғана өтетiн бағыттамалы бұрмалар айқастырмаларының маркасы 1/9 болуы тиiс.

      Мынадай ауытқуларға рұқсат етіледі:

      1) 1/9 маркалы бағыттамалы бұрмаларды 1/11 маркасымен ауыстыру бағыттама алқымдарын қайта орнатуға себепшi болса, жолаушылар поездарын қаптал жолға бұруға;

      2) жүк қозғалысының қабылдау-жөнелту жолдарында - 1/9-дан тiк емес, ал симметриялы - 1/6-дан тiк емес;

      3) басқа жолдарда - 1/8-ден тiк емес, ал симметриялы - 1/4,5-тен тiк емес.

      101. Бас жолдардағы барлық қарсы бағыттамалық бұрмалардың үшкiрлерi алдынан бастап тепкiш бiлеулер орнатылады.

      Жолдарды пайдалану рельстің табаны төсемелер ребордынан жоғары және 5 шпалдан немесе қатар төселген білеулерден асып түсетін рельс пен төсемдер арасындағы саңылаулардың бунақ жолдарында анықталған жағдайлардан басқа жағдайларда жол беріледі.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.11.2017 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      102. Қисық учаскелерде басты жолдарға жаңадан бағыттамалық бұрмаларды орнатуға рұқсат етiлмейдi.

      Орталықтандырылған бағыттамалар климаттық және басқа жағдайларға байланысты механикаландырылған тазарту немесе қар ерiту құрылғыларымен жабдықталады.

      103. Мына ақаулықтардың ең болмағанда біреуі орын алған бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат етілмейді:

      1) бағыттамалық үшкiрлердiң және тартқыштары бар айқастырмалардың жылжымалы өзекшелерiнiң ажырауы;

      2) үшкiрде бiрiншi тартымның қарсы тұсында, үшкiр айқастырманың өзегiнiң ұшында стрелканың жабық күшiнде өлшенетiн үшкiрдiң рамалық рельстен айқастырмалық жылжымалы өзегiнiң жақтаудан 4 миллиметр және одан да артық кейiн қалуы;

      3) үшкiрдiң немесе жылжымалы өзекшенi үгiтiлуi, бұл кезде жотаның төну қаупi туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы:

      басты жолда 200 миллиметр және одан көп;

      қабылдау-жөнелту жолдарында 300 миллиметр;

      өзге станциялық жолдарда 400 миллиметр.

      4) үшкiр басының немесе жылжымалы өзекшенiң енi үстiңгi бетiнде 50 миллиметр және одан астам болып келетiн қимасында өлшенетiн үшкiрдiң рамалық рельсiнiң қарсысында және жылжымалы өзекшенiң жақтаудың қарсысында 2 миллиметрге және одан астамға төмендеуi;

      5) айқастырма өзекшесiнiң жұмыстың қыры мен жанама рельс тiк қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 миллиметрден кем;

      6) жанама рельс пен жақтаудың жұмыс қырлары арасындағы қашықтық 1435 миллиметрден артық;

      7) үшкiрдiң немесе рамалық рельстiң омырылуы, айқастырманың (өзекшенiң, жақтаудың немесе жанама рельстiң) омырылуы;

      8) бiр бұрандамалы iшпекте контррельстiк бұрандаманың немесе қос болтты iшпекте екеуiнiң де ажырауы.

      104. Басты жолдардағы және қабылдау-жөнелту жолдардағы рельстер мен бұрмалық бағыттамалар ақаутапқыш арбашалармен тексерiледi.

      105. Бақылау бағыттама құлыптарымен:

      1) поездарды қабылдау және жөнелту жүргiзiлетiн жолдарда орналасқан, сондай-ақ қорғалатын;

      2) 1-класты қауiптi жүктерi (жарылғыш материалдары) бар вагондардың тұруына бөлiнген жолдарға апаратын;

      3) қалпына келтiру және өрт сөндiру поездарының тұруына бөлiнген жолдарға апаратын;

      4) сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарға апаратын;

      5) ақаутапқыш вагондардың, жол өлшегiш вагондардың, темiржол құрылыс машиналарын тоқтатып қоюға бөлiнген жолдарға апаратын орталықтандырылмаған бағыттамалар жабдықталуы тиiс.

      106. Бағыттамалар және айқастырмалардың жылжымалы өзекшелерi (дөңестiк және сұрыптау жолдарында орналасқандардан басқа), соның iшiнде орталықтандырылған және бақылау құлыптары барлары, оларды iлiнбелi құлыппен жабудың мүмкiндiгi болу үшiн үлгi құралдармен жабдықталады. Бұл құралдар үшкiрдiң рамалық рельске, айқастырманың жылжымалы өзекшесiн жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз етуi тиiс.

      107. Орталықтандырылмаған бағыттамалар бас және қабылдау-жөнелту жолдарында орналасқан жарық берiлетiн немесе жарық берiлмейтiн бағыттамалы нұсқағыштармен жабдықталады, бұл станциялардың техникалық-басқару актiлерiнде (бұдан әрi - ТБА) көрсетiледi.

      Электрлiк орталықтандыруға қосылған бағыттамалар және сұрыптау парктерiнiң бағыттағыш бұрманың алқымы нұсқағыштармен жабдықталмайды.

      108. Бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды жөндеудi және ағымдағы ұстауды бағыттамалық нұсқағыштарды, лақтырғыш табандықтарды, лақтырғыш үшкiрлердi, лақтырғыш бағыттамаларды, вагондарды бекiтуге арналған стационарлық құрылғыларды, бұрылмалы бiлеулердi, топсалық-иiндi тұйықтағыштарды орнатуды, жөндеудi және күтiп ұстауды жол шаруашылығы кәсiпорындары жүргiзедi.

      Бұл құрылғылардағы қолданылатын автоматика және телемеханика құралдарын жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi сигнализация және байланыс шаруашылығы кәсiпорындары жүргiзедi.

      109. Темір жолдар арқылы олардың белгіленбеген жерлері арқылы көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың, сондай-ақ мал айдап өтуге рұқсат етілмейді.

      110. Инженерлiк коммуникация, құбыржолдар, өтпе, байланыс желiсi, электр берудi, мұнай құбыржолдары, газ құбыржолдарын, сондай-ақ олардың темiржолмен қиылысатын объектiлердi немесе олардың өте жақын орналасқан жолақ бұрамасының шегiнде орналасқан құрылыстарды орналастыру, салу және пайдалану шарттары оған тапсырыс берушi мен тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылымның операторы немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесi арасындағы шарт бойынша анықталады.

      111. Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессионердiң келiсiмiмен жүзеге асырылады.

      Жаңадан салынып жатқан кірме жолдардың бұрыннан бар кірме жолдарға жанасуына Заңның 57-бабы 2-тармағына сәйкес тарам жолдарды иеленушінің келiсiмiмен жүзеге асырылады.

      112. Магистральдық темiр жол желiсiнiң бiр деңгейде қиылысатын, сондай-ақ желiлердiң, темiр жол кiрме және қосылу жолдарының басты жолдарға қосылатын жерлерiнде аралықтар мен станцияларда сақтандырғыш тұйықтары немесе қорғағыш бағыттамалар орналасады.

      Темiр жолдардың кiрме және қосылу жолдарының қабылдау-жөнелту жолдарына және басқа станциялық жолдарға қосылу жерлерiнде жылжымалы құрамның өздiгiнен станцияға немесе аралыққа қарай шығып кетуiне жол бермеу үшiн сақтандырғыш тұйықтары, қорғағыш бағыттамалар, лақтырғыш табандықтар, лақтырғыш үшкiрлер немесе түсiргiш бағыттамалар болуы тиiс.

      Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы кем дегенде 50 метр болуы тиiс.

      113. Созылмалы еңiстерi бар аралықтарда, сондай-ақ осындай аралықтарды шектейтiн станцияларда сақтандырғыш тұйықтар көзделедi.

      114. Бас жолдардың жанында жол және сигнал белгiлерi орнатылады. Бағыттамалық бұрмалардың жанында және жолдар қосылатын басқа жерлерде шектiк бағаншалар орнатылады.

      Темiр жолға бөлiнген белдеу шекарасын көрсету үшiн, сондай-ақ жер төсемiнiң көрiнбейтiн құрылыстарын жер бетiнде белгiлеу үшiн ерекше жол белгiлерi орнатылады.

      115. Сигнал белгiлерi қозғалыс бағыты бойынша оң жақтан, ал жол белгiлерi оң жағынан километрлер саны бойынша шеткi жол осiнен кем дегенде 3100 миллиметр қашықтықта қойылады.

      Ойықтарда (жартастықтан басқа) және олардан шыға берiстерде жол және сигнал белгiлерi кюветтер мен науалардың шектерiнен тысқары дала жағынан орнатылады. Қатты қар басып қалатын ойықтар мен олардан шыға берiстерде (100 метрге дейiнгi шекте) аталған белгiлер шеткi жол осiнен кем дегенде 5700 миллиметр қашықтықта орнатылады. Сигнал және жол белгiлерi бағдаршам қалпақшалары, жинақтық трансформаторлық қосалқы станциялар, түйiспе желiсiнiң ажыратқыштары мен разрядтауыштары орнатылған тiректерiн қоспағанда, электрленген учаскелерде түйiспелi тораптың тiректерiнде орнатылады.

      116. Шектiк бағаншалар жолтабандар аралығының ортасында қосылатын жолдардың осьтерiнiң арасындағы қашықтық 4100 миллиметрге тең тұсында орнатылады. Т габаритi бойынша салынған жылжымалы құрам айналмайтын пайдаланудағы станциялық жолдарда 3810 миллиметр қашықтықты қалдыруға рұқсат етiледi. Жолтабан аралығының енi азайтылған жүктi аударып тиеу жолдарында шектiк бағаншалар жолтабан аралығының енi 3600 миллиметрге дейiн жететiн жерiнде орнатылады.

13. Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялардың
техникалық құралдарын пайдалану тәртiбi

      117. Сигнал команда болып табылады және темiр жол көлiгi қызметкерлерiнiң сөзсiз орындауына жатады.

      118. Поездар қозғалысы және маневрлiк жұмыспен байланысты сигнализацияда мынадай негiзгi сигналдық түстер қолданылады:

      1) жасыл - белгiленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беретiн;

      2) сары - қозғалуға рұқсат беретiн және жылдамдықты төмендетудi талап ететiн;

      3) қызыл - тоқтауды талап ететiн;

      4) айдай ақ – маневрлерге рұқсат беретiн;

      5) көк – маневрлерге тыйым салатын.

      119. Бағдаршамның тыйым салатын көрсеткішінде жүру жүзеге асырылмайды.

      Бағдаршамдардың сөнген сигналдық жарықтары (автоматтық бұғаттаумен жарақтандырылмаған учаскелердегi ескерту белгiлерiнен, бөгегiш және қайталағыштарынан басқа), олардың түсiнiксiз көрсетуi, сондай-ақ басқа сигнал аспаптардың түсiнiксiз сигнал беруi тоқтатуды талап етедi.

      Жабық бағдаршаммен (түсiнiксiз көрсету немесе сөнiп қалған) жүрiп өту "Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығына (бұдан әрі - Поездар қозғалысы жөніндегі нұсқаулық) (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 7021 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      120. Сигналдық түстер және сингалдық көрсетулердiң өту жылдамдығын қолдану тәртiбi (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 6954 болып тіркелген) "Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығына сәйкес белгіленеді.

      Сигналдарды қабылдауға кедергi жасайтын және сигналдық көрсетулердi бұрмалайтын қызыл, сары және жасыл түстi әшекейлiк жаймаларды, плакаттар және шамдар орнатылмайды.

      121. Сигналдық шынылар мен линзалардың түсi белгiленген стандарттарға сәйкес болады.

      Магистральдық темiр жол желiсiнде тұрақты сигнал аспаптары ретiнде бағдаршамдар қолданылады.

      122. Кiру, ескертпелiк, өтпелi, бөгегiш және қоршау бағдаршамдардың қызыл, сары және жасыл сигналдық жарықтары жолдың түзу учаскелерiнде жақындап келе жатқан поездың локомотивiнiң басқару кабинасынан күндiз және түнде кем дегенде 1000 метр қашықтықта анық көрiнедi.

      Жолдың қисық учаскелерiнде бұл бағдаршамдардың, сондай-ақ бағдаршамдардағы сигналдық жолақтардың көрсетулерi кем дегенде 400 метр қашықтықта анық көрiнуi тиiс. Қатты ойлы-қырлы жерде (таулар, терең ойықтар) аталған бағдаршамдар көрсетулерiнiң 400 метрден кем, бiрақ 200 метр қашықтық көрiну белгіленеді.

      Басты жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдардың көрсетулерi кем дегенде көрсетулерi 400 метрге дейiн, бүйiр жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдарының, сондай-ақ шақыру сигналдарының және маневрлiк бағдаршамдардың көрсетулерi кем дегенде 200 метр қашықтықта анық көрiнуi тиiс.

      123. Барлық кiру және өту бағдаршамдардың және қорғау бағдаршамдарының алдында ескертпелiк бағдаршамдар орнатылады. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде әрбiр өту бағдаршамы келесi бағдаршамға қатысты ескертпелiк бағдаршамы болып табылады.

      Автоматты локомотив сигнализациясы сигнализация және байланыстың жеке құралы ретiнде қолданылатын учаскелерде ескертпелiк бағдаршамдары кiру бағдаршамдары алдында орнатылмайды.

      124. Үш таңбалы сигнаизациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған желiлерде толық қызметтiк тежеу және барынша қолданған жылдамдық кезiнде берiлген орын үшiн белгiленген тежеу жолынан кем болмауы тиiс, алайда ол жолаушы поездары үшiн сағатына 80 километр ден астам емес кезiнде және сонымен қатар автоматты локомотивтiк сигнализация мен автоматты құрылғыларының поездың тежегiш жүйесiне әсер етуi үшiн қажет уақыт iшiнде поезд өтiп үлгеретiн жолды есепке алғанда iргелес бағдаршамдар арасындағы қашықтық шұғыл тежеу жолынан кем болмауы тиiс. Бұл ретте, сигналдардың көрiнуi 400 метрден кем учаскелерде, сондай-ақ автобұғаттаумен жаңадан жарақтандырылған желiлерден бұл қашықтық кемiнде 1000 метр болуы тиiс.

      Үш таңбалы сигнализациясы бар автобұғаттаумен бұрын жабдықталған желiлерде жекелеген бағдаршамдар қажеттi тежеу жолынан кем қашықтықта орнатылады. Мұндай бағдаршамда, сондай-ақ оның ескертпелiк бағдаршамында жарықтық нұсқағыштар орнатылуы тиiс. Станцияларда жарық нұсқағыштар бас жолдың шектес (кiру, маршруттық, шығу) бағдаршамдары арасындағы қашықтық қажеттi тежеу жолынан кем болғанда қолданылады.

      125. Үш таңбалы сигнализация үшiн белгiленген ең аз ұзындықтан қысқа блок-учаскелерi болуы талап етiлетiн қала маңындағы поездардың қозғалысы ерекше қарқынды желiлер төрт таңбалы сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталады.

      Үш таңбалы сигнализациямен жарақтандырылған желiлерде, олар арқылы жолаушы поездары сағатына 120 километр жылдамдықпен немесе жүк поездары сағатына 80 километр жоғары жылдамдықпен айналғанда, егер қызметтiк тежеудi қолдануы барысында локомотивтiк бағдаршамның жасыл жарығы сары жарыққа ауысқанда поездардың жол бағдаршамының алдында тоқтауы қамтамасыз етiлсе, олардың белгiленген барынша жылдамдықпен қозғалысы локомотивтiк бағдаршамның жасыл жарығы кезiнде рұқсат етiледi.

      Жартылай автоматты бұғаттауы бар учаскелерде кiру, маршруттық, шығу бағдаршамдары арасындағы қашықтық толық қызметтiк тежеу және барынша iске асырылатын жылдамдық кезiнде белгiлi бiр орын үшiн белгiленген тежеу жолынан кем болмауы, ал автоматты локомотивтiк сигнализациясының жол құрылғылары бар кезiнде, сонымен қатар бұл қашықтық автоматты локомотивтiк сигнализациясы мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесiне ықпал етуi үшiн қажет уақыт iшiнде поезд өтiп үлгеретiн жолды ескергенде жедел тежеу кезiнде тежеу жолынан кем болмауы тиiс.

      126. Автобұғаттаумен жабдықталмаған учаскелерде ескертпелiк бағдаршамдары негiзгi бағдаршамдардан жедел тежеу кезiнде және барынша iске асырылатын жылдамдық барысында осы орын үшiн белгiленген тежеу жолынан кем емес қашықтықта, ал учаскелерде автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғылары болған кезде автоматты локомотив сигнализациясы мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесiне ықпал етуi үшiн қажет уақыт iшiнде поезд өтетiн жолды ескергенде шұғыл тежеу кезiнде тежеу жолынан кем болмайтын қашықтықта орнатылады.

      Автоматты локомотив сигнализациясы сигнализация және байланыстың жеке құралы ретiнде қолданылатын учаскелерде екi шектес блок-учаскенiң ұзындығы барынша iске асырылатын жылдамдықта автоматты локомотив сигнализациясы мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесiне әсер етуi үшiн қажет уақыт iшiнде поезд өтетiн жолды есепке алғанда жедел тежеу кезiнде тежеу жолынан кем болмауы тиiс.

      127. Бағдаршамдар қозғалыс бағыты бойынша оң жақта немесе олар қоршаған жол осiнiң үстiне орнатылады. Қоршау және жолмен дұрыс жүрiп келе жатпаған поездар үшiн өтпелердiң алдындағы аралықтарда орнатылатын оларды ескерту бағдаршамдары қозғалыс бағыты бойынша сол жақта орналасады.

      128. Бағдаршамдарды оң жақта орнату үшін габариттер болмаған жағдайларда:

      1) терiс жолмен келе жатқан поездарды, сондай-ақ терiс жолмен аралықтан қайтып келе жатқан итермелеу локомотивтер мен шаруашылық поездарын станцияға қабылдау үшiн орнатылатын кiру бағдаршамдары мен олардың ескертпелiк бағдаршамдарды;

      2) екiншi жолдарды салу мерзiмiне уақытша орнатылатын кiру және өту бағдаршамдарын сол жаққа орнату жүзеге асырылады.

      129. Дөңестiк бағдаршамдарды сол жақта орнату олар темір жолдың бұрылысының оң жағында болған жағдайда жүзеге асырылады.

      130. Жарамды жанатын сигналдық жарықтары бар бағдаршамдар қолданылады.

      Автобұғаттауы бар желiлерде олардың алдындағы блок-учаскеге поезд кiрген кезде жанатын өту бағдаршамдарында қалыпты жанбайтын сигналдық жарықтарды қолдану жүзеге асырылады.

      131. Басқару құрылғыларының ақаулылығы пайда болған кезде бағдаршамдар автоматты түрде тыйым салатын көрсетуге ауысуы, ал ескертпелiк бағдаршамдар - оларға қатысы бар негiзгi бағдаршамдардың тыйым салатын көрсетуiне сәйкес ауысуы тиiс.

      132. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде өту бағдаршамдарының қалыпты көрсетуi ретiнде - рұқсаттық көрсетуi, ал кiру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының - тыйым салатын көрсетуi болып табылады.

      Станция арқылы поездардың тоқтамай өтуi үшiн кiру, маршруттық және шығу бағдаршамдары автоматты қимылға ауыса алатын магистральдық темiр жол желiсiнiң учаскелерiнде рұқсаттық көрсетулерi, оларды автоматты жұмысқа ауыстырған кезде жарамды болып табылады.

      Автобұғаттаумен жабдықталмаған учаскелерде кiру, шығу, өту және маршруттық бағдаршамдарының жарамды көрсетуi ретiнде тыйым салу көрсетуi болып табылады.

      133. Кiру бағдаршамдары қарсы бағытты үшкiрден немесе оң бағыттамалық бұрманың шектiк бағаншасынан бастап есептегенде, бiрiншi кiру бағыттамалық бұрмасынан 50 метрден кем емес қашықтықта орнатылуы тиiс.

      Бұрын бағыттамалық бұрмадан 50 метрден кем, бiрақ 15 метрден жақын емес қашықтықта орнатылған кiру бағдаршамдары тұрған орындарынан ауыстырылмайды.

      Электрлендiрiлген учаскелерде кiру бағдаршамдары, сондай-ақ "Станция шегi" деген сигналдық белгiлер аралықтардың түйiспелi торабын станциялардың түйiспелi торабынан бөлiп тұрған ауалық аралықтардың алдына (аралық жағынан) орнатылады.

      134. Шығу бағдаршамдары әр жөнелту жолдары үшiн кеткелi жатқан поезд локомотивiнiң тұрақтауына арналған орынның алдына орнатылады.

      Станцияларда поездарды ұзындығы жеткiлiксiз жолдардан жөнелткен кезде, поездың басы шығу бағдаршамының сыртына шығып кеткен жағдайда оның сырт жағынан бағдаршамның қайталағыш қалпақшасын орнатуға рұқсат етiледi.

      Поездардың тоқтаусыз өтуi өткiзiлетiн жолдардан басқа жолдар тобы үшiн топтық шығу және маршруттық бағдаршамдарды орнатуға рұқсат етiледi. Топтық кiру және маршруттық бағдаршамдары поезды жөнелту рұқсат етiлетiн жолдың нөмiрi көрсетiлетiн маршруттық нұсқағыштармен толықтырылуы тиiс.

      135. Автоматтық бұғаттаудың өтпелi бағдаршамдары блок-учаскелер арасындағы шектерде, ал жартылай автоматтық бұғаттаудың өту бағдаршамдары қосынаралық аралығындағы шектерде орнатылады.

      Автоматты локомотивтiк сигнализациясы сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретiнде қолданылатын учаскелерде блок-учаскелердiң шекарасында "Блок-учаскесiнiң шегi" деген сигналдық белгiлер орнатылады.

      Қосжолды аралықтарда локомотивтiк бағдаршамның сигналдары бойынша терiс жолмен қозғалған кезде, дұрыс жолмен қозғалу үшiн орнатылған автобұғаттау бағдаршамы блок-учаскенiң шегi болып табылады.

      136. Станцияларда поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына кiретiн бағыттамалардың кiру, шығу және маршруттық бағдаршамдарымен өзара тәуелдiлiгi болуы тиiс.

      137. Аралықтарда басты жолдан тарайтын тармақтардың жол бұғаттауының немесе электрлiк жезлдi жүйенiң құрылғылары бар болған жағдайда осы құрылғылармен ең жақын тұрған өтпелi немесе шығу бағдаршамын ашуды немесе жезлдi алуды басты жол бойынша бағыттамалардың қалыпты жағдайында ғана мүмкiн ететiндей байланыста болады.

      138. Бiр деңгейдегi қиылысулар және желiлердiң қосылыстары, сондай-ақ ажыратылмалы көпiрлер тиiсiнше шектiк бағаншалардан немесе көпiрдiң басынан 50 метрден жақын болмайтын қашықтықта екi жағынан орнатылған паналағыш бағдаршаммен қоршалады.

      Бiр деңгейдегi қиылысулар және желiлердiң қосылыстары кезiнде қоршау бағдаршамдарының олардың бiреуiн ашылуы қайшы маршруттар тыйым салушы көрсетулерi кезiнде ғана мүмкiн болатындай өзара тәуелдiлiлiгi болады.

      139. Автоматты немесе жартылай автоматты бұғаттауы бар учаскелерде орналасқан, басты және қабылдау-жөнелту жолдары бойынша поездарды тоқтатусыз өткiзу көзделетiн станцияларда кiру және маршруттық бағдаршамдарда бос жолдар бойынша поездарды тоқтаусыз өткiзудiң сигнализациясы қолданылуы тиiс.

      140. Аралықтар жол бұғаттауымен, ал жекелеген учаскелерде аралықтағы екi бағыт бойынша локомотивтiк бағдаршамдардың сигналдары бойынша жүргiзiлетiн дербес сигнализация және байланыс құралы ретiнде қолданылатын автоматты локомотивтiк сигнализациямен жабдықталады.

      141. Автоматты және жартылай автоматты бұғаттау және радиобұғаттаудың құрылғылары олар қоршап тұрған блок-учаскенi (станцияаралық немесе қосынаралық аралықты) жылжымалы құрам босатқанға дейiн шығу немесе өтпелi бағдаршамның ашылуына, сондай-ақ негiзгi электрмен жабдықтаудан резервтегi немесе керiсiнше ауысу нәтижесiнде бағдаршамның өздiгiнен жабылуына жол бермеуi тиiс.

      142. Автоматтық немесе жартылай автоматты бұғаттаумен және радиобұғаттаумен жабдықталған бiржолды аралықтарда станцияда шығу бағдаршамын ашқаннан соң дәл осы аралыққа қарсы бағытпен поездарды жөнелту үшiн шығу және өтпелi бағдаршамдарын ашу мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

      Сигналдардың осындай өзара тәуелдiлiгi әр жол бойынша екiжақты қозғалысты жүзеге асыру үшiн автоматтық және жартылай автоматтық бұғаттаумен жарақтандырылған қосжолды және көпжолды аралықтарда болуы тиiс.

      Автобұғаттаумен жарақтандырылған қосжолды ендiрмелерi бар бiржолды учаскелерде, сондай-ақ қозғалысы автобұғаттау бағдаршамдарының көрсетулерi бойынша бiр бағытта жүзеге асырылатын жүктасымалдылығы қарқынды желiлердiң қосжолды және көпжолды аралықтарында локомотивтiк бағдаршамдарының сигналдары бойынша қарсы бағытта (терiс жол бойынша) қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн құрылғылар көзделедi. Қолданылатын техникалық шешiмдерiне байланысты бұл құрылғылар тұрақты жұмыс iстейдi немесе жөндеу, құрылыстық және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде iске қосылады.

      Автоматты бұғаттау кезiнде барлық бағдаршамдар олар қоршап тұрған блок-учаскелерге поезд кiрген кезде, сондай-ақ осы учаскелердiң рельс тiзбектерiнiң бүтiндiгi бұзылған жағдайда автоматты түрде тыйым салу көрсетуiн қабылдайды.

      143. Жол бұғаттауымен жарақтандырылған учаскелерде орналасқан станцияларда бұл құрылғылардың шаруашылықтық поездарға арналған жезл-кiлттерi, ал поездарды итермейтiн локомотивтi қайтарып алып, итермелеу қолданылатын жартылай автоматтық бұғаттауы бар учаскелердiң станцияларда - итергiш локомотивтерге де арналатын жезл-кiлттерi болуы тиiс.

      Автоматты бұғаттаумен жарақтандырылған бiржолды желiлерде, сондай-ақ әр жол бойынша екi жақты автобұғаттаумен жарақтандырылған қос жолды аралықтарда, маневрлiк жұмыс маневр жасаушы құрамның станция шегiнен шығуы арқылы жүргiзiлетiн станцияларда автоматтық бұғаттаудың құрылғылары қажет болғанда оларға қатысы бар маневрлiк бағдаршамдармен толықтырылады.

      144. Автоматты және жартылай автоматты бұғаттаумен және радиобұғаттаумен жарақтандырылған желiлерде орналасқан станцияларда:

      1) бос емес жолға қойылған маршрут кезiнде кiру бағдаршамының ашылуына жол бермейтiн;

      2) басқару аппараттарында жолдар мен бағыттамалардың бос еместiгiн бақылауын қамтамасыз ететiн құрылғылар болуы тиiс.

      145. Жартылай автоматтық бұғаттау кезiнде станцияларда:

      1) жөнелту маршрутында оқшауланған бағыттамалық учаскелердiң бостығын бақылауды олардың ақаулылығына байланысты ажырататын;

      2) жабылып қалған шығу бағдаршамын, егер поезд одан нақты түрде өтпеген болса қайтадан ашатын;

      3) поездың толық құрамымен келiп жеткенiнiң автоматты бақылауын қамтамасыз ететiн құрылғылар болуы тиiс.

      146. Автоматты бұғаттау автоматты локомотивтiк сигнализациямен және диспетчерлiк бақылау құрылғыларымен, ал жартылай автоматты бұғаттау - жолдың белгiленген учаскелерiнде автоматты локомотивтiк сигнализациямен толықтырылуы тиiс.

      147. Автобұғаттаумен жарақтандырылған учаскелерде поездар қозғалысына диспетчерлiк бақылау жүргiзу құрылғылары белгiленген қозғалыс бағытының (бiржолды аралықтарда) бақылануын, блок-учаскелердiң, аралық станциялардағы басты және қабылдау-жөнелту жолдарының бос еместiгiн, кiру және шығу бағдаршамдарының көрсетулерiнiң бақылауын қамтамасыз етуi тиiс.

      Жаңадан енгiзiлетiн диспетчерлiк бақылау жүйелерi, осы тармақта аталған талаптарға қоса, автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық жай-күйiнiң бақылауын қамтамасыз етуi тиiс.

      148. Электрлiк орталықтандыру құрылғылары:

      1) бағыттамалар мен бағдаршамдардың өзара тұйықталуын;

      2) берiлген маршрутты қоршайтын бағдаршамды бiр мезгiлде жаба отырып, бағыттаманың кесiп өтiлуiн бақылау;

      3) бағыттамалардың қалпын және жолдар мен бағыттамалы секциялардың бос еместiгiн басқару аппаратында бақылауды;

      4) бағыттамалар мен бағдаршамдарды маршруттық немесе бөлек басқару мүмкiндiгiн;

      5) маневрлiк бағдаршамдардың көрсетулерi бойынша маневрлiк қозғалыстарды жүргiзудi және бағыттамалардың жергiлiктi басқаруға берiлуiн қамтамасыз етедi.

      Жаңадан енгiзiлетiн бағыттамалар мен бағдаршамдардың электрлiк орталықтандырылу жүйелерi, осы тармақта аталған талаптарға қоса, автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық күйiн бақылауды, диагностикалауды және мониторингiлеудi қамтамасыз етедi.

      149. Электрлiк орталықтандыру құрылғылары:

      1) бос емес жолға маршрут қойылған кезiнде кiру бағдаршамының ашылуына;

      2) жылжымалы құрамның астындағы бағыттаманың ауыстырылуына;

      3) егер бағыттамалар тиiстi қалыпқа қойылмаса, осы маршрут бойынша тиiстi бағдаршамдардың ашылуына;

      4) маршрутқа кiретiн бағыттаманың ауыстырылуына немесе қойылған маршрутты шектейтiн ашық бағдаршам кезiнде қарсы маршрут бағдаршамының ашылуына жол бермейдi.

      150. Орталықтандырылған бағыттамалардың жетектерi мен тұйықтағыштары:

      1) бағыттамалардың шеткi жағдайларында қысылған үшкiрдiң рамалық рельске және айқастырманың жылжымалы өзекшесiнiң жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз етуi;

      2) қысылған үшкiр мен рамалық рельс немесе жылжымалы өзекшемен жақтаудың арасындағы саңылау 4 миллиметр және одан астам болған кезде бағыттама үшкiрлерiнiң немесе айқастырманың жылжымалы өзекшесiнiң тұйықталуына жол бермеуi;

      3) басқа үшкiрдi рамалық рельстен кем дегенде 125 миллиметрге бұруы тиiс.

      151. Кiлттiк тәуелдiлiк құрылғылары бақылау құлыптарының көмегiмен бағыттамалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын қамтамасыз етуi тиiс.

      152. Бағыттамалардың бақылау құлыптары:

      1) кiлттiң тек бағыттаманың жабық күйiнде ғана алынуына жол бередi;

      2) бағыттамаларды тек құлыптан суырып алынған кiлтте көрсетiлген қалпында, үшкiрдiң рамалық рельске тығыз жанасқан жағдайында ғана жабады;

      3) қыстырылған үшкiр мен рамалық рельс арасындағы саңылау 4 миллиметр және одан астам болғанда бағыттаманың жабылуына жол бермейдi.

      153. Сериясы бiрдей бағыттамалық бақылау құлыптарды бiр станцияның шегiнде, ал iрi станцияларда – бiр бағыттамалық ауданның және басқа аудандардың онымен iргелес орналасқан бағыттамалық қосындардың шегiнде қолданылмайды.

      154. Диспетчерлiк орталықтандыру құрылғылары:

      1) бiр орыннан бағыттамалар мен бағдаршамдар арқылы бiрқатар станциялар мен аралықтарды басқаруды;

      2) басқару аппараттарынан бағыттамалардың жағдайы мен бос еместiгiн, аралықтың, станциялардағы жолдардың бос еместiгiн бақылау, сондай-ақ кiру, маршруттық және шығу бағдаршамдары көрсетулерiн қайталау және өтпелiк сигнализация жұмысын бақылау;

      3) поездарды қабылдау, жөнелту және маневрлердi орындау бойынша резервтiк басқаруға берудiң немесе маневрлердi орындау үшiн бағыттамаларды жергiлiктi басқаруға беру;

      4) поездардың орындалған қозғалысы кестесiнiң автоматтық жазбасын;

      5) сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретiнде қолданылатын электрлiк орталықтандыруға, автоматтық бұғаттауға және автоматты локомотивтiк сигнализациясына және поездың толық құрамымен келiп жеткенiн жартылай автоматтық бұғаттауына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етуi тиiс.

      155. Диспетчерлiк орталықтандырудың жаңа жүйелерi блок-учаскелердiң жалған бос еместiгi кезiнде поезд диспетчерiнiң қозғалыс бағытын өзгерту мүмкiндiгiн, сондай-ақ автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық күйiн бақылауды, диагностикалауды және мониторингiлеудi қамтамасыз етедi.

      156. Станциялық бұғаттау:

      1) қосындардың поездарды және станция iшiндегi маршруттардың қабылдау және жөнелту маршруттарын әзiрлеуiнiң дұрыстығына станция бойынша кезекшi жағынан бақылау;

      2) әр түрлi қосындардан басқарылатын бағыттамалар мен сигналдардың өзара тұйықталуын;

      3) жаңадан енгiзiлетiн жүйелерде автоматика және телемеханика құрылғылары жай-күйiнiң диагностикасын және мониторингiн қамтамасыз етедi.

      157. Автоматты өтпелiк сигнализациясы тоқтау сигналын беруiн автомобиль жолының жағына қарай бастауы тиiс, ал автоматты тоспалар және қоршау құрылғылары поездың темiр жол өтпесiне келiп жетуiне дейiн көлiк құралдарының өтпесiн алдын ала босатуы үшiн қажеттi уақыт iшiнде өздерiнiң жабық қалыпқа келуi тиiс.

      Поезд темiр жол өтпесiнен толық өтiп болғанға дейiн автоматты өтпе сигнализациясы жұмыс iстеудi жалғастыруы, ал автоматты шлагбаумдар жабық қалпына келiп үлгеруi тиiс.

      158. Автобұғаттауы бар аралықтар және бағыттамалардың электрлiк орталықтандыруы бар станциялар жол бойында жұмыс iстеп жүрген қызметкерлердi поездың жақындауы туралы хабарландырудың автоматты жүйесiмен жоспарларға сәйкес жабдықталады.

      159. Автоматты локомотив сигнализациясы кезiнде локомотивтiк бағдаршамдар поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамдарының көрсетулерiне сәйкес көрсетулердi бередi.

      Тек қана локомотивтiк бағдаршамдардың көрсетулерi бойынша қозғалыс кезiнде бұл бағдаршамдар алдағы жатқан блок-учаскелердiң бос еместiгiне немесе бос болуына қарай көрсетулердi бередi.

      Локомотивтiк бағдаршамдар локомотивтi, моторвагондық поезды, арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамды басқару кабинасында орнатылады және сигналдық көрсетулердi тiкелей машинистiң өзiне және оның көмекшiсiне немесе дрезина жүргiзушiсiне және оның көмекшiсiне бередi.

      160. Локомотивтердегi, моторвагондық поездардағы, АЖҚ-та автоматты локомотив сигнализациясы белгiленген қозғалыс жылдамдықтарын, поездың өзiнен-өзi жылжып кетуiн және машинист қырағылығын мерзiмдi түрде тексерiлуiн бақылауды қамтамасыз ететiн қауiпсiздiк құрылғыларымен толықтырылуы тиiс. Машинист локомотивтi, моторвагонды поезды, АЖҚ-ты, ал дрезина жүргiзушiсi дрезинаны басқару қабiлетiнен айырылған жағдайларда, аталған құрылғылар тыйым салушы көрсетуi бар жол бағдаршамының алдында поездың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз етуi тиiс.

      161. Автобұғаттаумен немесе сигнализация мен байланыстың жеке құралы ретiнде қолданылатын автоматты локомотив сигнализациямен жабдықталған учаскелерде орналасқан станцияларда басты жолдар, жолаушылар поездарын қабылдау және жөнелту жолдары, сондай-ақ поездарды тоқтатусыз өткiзуге арналған қабылдау-жөнелту жолдары автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғыларымен жабдықталуы тиiс.

      Жартылай автоматты бұғаттау кезiнде жақындау учаскелерi және станциялардың басты жолдары автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғыларымен жабдықталады.

      162. Сұрыптау дөңестерiнiң механикаландыру және автоматтандыру құрылғылары құрамдардың есептiк (жобалық) тарқатылу жылдамдығымен үздiксiз, үзiлiссiз және қауiпсiз тарқатылуын қамтамасыз етуi тиiс, бұл ретте әр тежеулiк ұстанымдағы тежеу құралдарының қуаты осы жылдамдықта iске асыруға мүмкiндiк беруi және вагондарды сұрыптаудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi тиiс.

      163. Механикаландырылған сұрыптау дөңестерiндегi сұрыптау жолдары бойынша ағытпаларды таратудағы құрамдарды тарқатуға қатысатын бағыттамалық бұрмалар дөңестiк электрлiк немесе дөңестiк автоматтандырылған орталықтандыруға қосылуы тиiс.

      164. Дөңестiк орталықтандыру:

      1) бағыттамаларды жеке басқаруға;

      2) құрамның тарқатылуы жүргiзiлетiн барлық бағыттас бағыттамалардың, сондай-ақ жылжымалы құрамның тарқату аймағына шығып кетуiне жол бермейтiн күзеттiк бағыттамалардың электрлiк тұйықталуын;

      3) басқару пультiнде бағыттамалардың қалпының және бағыттамалық секциялардың бос еместiгiнiң бақылауын қамтамасыз етедi.

      165. Дөңестiк орталықтандыру жылжымалы құрамның астындағы бағыттаманың бұрылмауына жол бермеуi тиiс.

      166. Сонымен қоса, бағыттамаларды дөңестiк автоматты орталықтандыру:

      1) бағдарламалық немесе маршруттық жұмыс режимдерi кезiнде ағытпалардың тарқауы дөңесiнiң тарату аймағының бағыттамаларын автоматты басқаруын;

      2) бұру сәтiнде үшкiр және рамалық рельс арасында кедергi туындаған жағдайда ағытпаның бағыттамалық секцияға енуiне дейiн бағыттаманың бақыланатын қалыпқа автоматты қайтарылуын;

      3) тарату процесiнде бағыттамаларды жеке басқаруға ауысу көшiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.

      167. Автоматтандырылған дөңестiк орталықтандыруы бар механикаландырылған дөңестерге қойылатын талаптарды орындауымен қатар автоматтандырылған сұрыптау дөңесiнiң құрылғылары:

      1) құрамды жақындатудың және тарқатудың басқаруын және бақылауын;

      2) ағытпалардың тарқау жылдамдығын автоматтық реттеудi;

      3) құрамдарды тарқату нәтижелерiн бақылап отыруды;

      4) сұрыптау станциясының ақпараттық-жоспарлау жүйесiмен ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етедi.

      Жаңа жүйелер, осы тармақта аталған талаптармен қоса, автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық жай-күйiн бақылауды, диагностикалауды және мониторингiлеудi қамтамасыз етедi.

      168. Поездың жүрiсi кезiнде жылжымалы құрамның техникалық жай-күйiн автоматты бақылау құралдары:

      1) алдағы орналасқан станцияның кезекшiсiне, ал диспетчерлiк орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде - поезд диспетчерiне поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар-жоғы және орналасуы және ақаулылықтың түрi жөнiнде ақпарат жiберiлуiн;

      2) локомотив машинисiне поездарда ақаулы вагондардың бар-жоғы жөнiндегi немесе дауыстық хабарлағыштың поезда ақаулы жылжымалы құрамның бар-жоғы жөнiндегi ақпараттың жiберiлуiн;

      3) алдағы орналасқан станцияның кезекшiсiне, ал диспетчерлiк орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде - поезд диспетчерiне ақаулы жылжымалы құрамның болуы және орналасуы және ақаулықтың түрi жөнiндегi ақпараттың тiркелуiн қамтамасыз етуi тиiс.

      169. Поездар мен вагондарда коммерциялық ақауларды автоматтық анықтау құрылғылары (поездар мен вагондарды коммерциялық тексерудiң автоматтандырылған жүйесi немесе оның жекелеген элементтерi - электрондық габариттiк қақпалары, электронды вагон таразылары, телевизиялық бейнебақылау жүйесi):

      1) ақпараттың еденүстi құрылғылардан коммерциялық тексеру пунктi операторының терминалына поезда ақаулығы бар вагондардың (тиеу габаритi, ашық жылжымалы құрамда жүктердi орналастыру мен бекiтудiң техникалық шарттары бұзылған, асыра жүктелген және т.б.) болуы және орналасуы жөнiнде ақпарат жiберудi;

      2) жiберiлген ақпаратты қағаздағы және басқа тасығыштарға (дискеталарда, бейнетаспаларда) пайдалану және сақтау үшiн бере отырып, оператордың терминалдық жабдығында тiркелуiн;

      3) тиiстi құжаттаманың ресiмделуiн қамтамасыз етуi тиiс.

      170. Поездар жүретiн маршруттарға жылжымалы құрамның өз бетiмен шығып кетуiнiң алдын алуға арналған құрылғылар: сақтандырушы тұйықтар, қорғағыш бағыттамалары, лақтыру табандықтары, лақтыру үшкiрлерi немесе лақтыру бағыттамалары оларды орталықтандыруға қосу жөнiндегi осы Қағидалардың 10 және 12 тарауларындағы талаптарына (сақтандырғыш тұйықтар үшiн – тұйыққа апаратын бағыттама) сәйкес болуы тиiс, қоршау жағдайын бақылауының болуы және жылжымалы құрам мен поездардың басқа жолдар мен қабылдау, жүру және жөнелту маршруттарына өздiгiмен шығып кетуiн болдырмауы тиiс.

      171. Магистральдық темiр жол желiсiнiң барлық учаскелерiнде поездық диспетчерлiк, поездық станцияаралық, станциялық, желiлiк-жол, бағыттамалы байланыс бар.

      Автобұғаттаумен, диспетчерлiк орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде және барлық электрлендiрiлген учаскелерде энергодиспетчерлiк және аралықтық байланыс бар.

      172. Кәбiлдiк байланыс желiлерi бар учаскелерде автоматика, телемеханика және байланыс электр механиктерiнiң қызметтiк байланысы болады.

      Магистральдық темiр жол желiсiнде байланыс үшiн поездар қозғалысын, билет сатуды және желiлiк бөлiмшелердiң жұмысын басқару үшiн магистральдық, жол, жолдық басқару, билеттiк-диспетчерлiк, вагондық-диспетчерлiк, маневрлiк диспетчерлiк, ақпараттық-есептеу, жергiлiктi байланыс орнатылады.

      173. Магистральдық темiр жол желiсiнiң барлық учаскелерi поездық радиобайланыспен жабдықталады. Поездық радиобайланыс поезд локомотивтерi, моторвагонды поездар, АЖҚ машинистерiнiң:

      1) бүкiл диспетчерлiк учаске шектерiнде поезд диспетчерiмен;

      2) аралықты шектейтiн станциялар бойынша кезекшiлерiмен;

      3) бiр аралықта жүрген қарсы бағытта және iзiмен келе жатқан локомотивтердiң, моторвагонды поездардың, арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрам машинистерiмен;

      4) өтпелер және деполар бойынша кезекшiлермен;

      5) жөндеу жұмыстарының басшылары және сигналшылармен;

      6) поездар мен объектiлердегi әскерилендiрiлген күзет атқыштарымен;

      7) кабинадан шыққан кезде машинистiң көмекшiсiмен;

      8) жолаушы поезының бастығымен (механик-бригадирiмен);

      9) вагондарды қарап тексерушi-жөндеушiлермен екi жақты сенiмдi байланысын қамтамасыз етуi тиiс.

      174. Станциялардың жабылуы салдарынан немесе станциялар бойынша кезекшiлерiнiң кезекшiлiктi тоқтатуы себебiнен аралықтар ұзындығының 15 км-ден астам ұзаруы кезiнде радиобайланыстың жаңа жүйелерi енгiзiлгенге дейiн поездық локомотивтердiң, мотровагонды поездардың және өздiгiнен жүретiн АЖҚ машинистерiнiң аралықпен жүруi кезiнде поезд диспетчерiмен тұрақты радиобайланысын қамтамасыз етуге рұқсат етiледi.

      Магистральдық темiр жол желiсiнiң поездар қозғалысы қарқынды және диспетчерлiк орталықтандыруы бар учаскелерiнде енгiзiлетiн поездық радиобайланыстың жаңа жүйелерi аралықтың ұзақтығына қарамастан, осы тармақта аталған қызметкерлердiң сенiмдi екi жақтылық байланысын қамтамасыз етедi.

      175. Станцияларда технологиялық қажеттiлiгiне байланысты станциялық радиобайланыс, екiжақты парктiк байланыс құрылғылары және жолаушыларға ақпарат беруге арналған байланыс қолданылады.

      Станциялық радиобайланыс маневрлiк және дөңестiк радиобайланыс, станциялық технологиялық орталықтардың, вагондар мен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерi радиобайланысының, жүк аудандарының вагондарын коммерциялық қарап тексеру пункттерi, контейнерлiк алаңшалар, техникалық құралдарға (автоматика мен телемеханика, ақпараттандыру, байланыс, жол, түйiспе желiсi) қызмет көрсету және жөндеу бойынша бригадалардың, әскерилендiрiлген ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң радиобайланысы желiлерiнде екi жақты байланысты қамтамасыз етедi.

      Бiр станция шегiнде әр түрлi маневрлiк аудандар үшiн бiрдей радиожиiлiктер қолданылмайды.

      176. Станцияның әр маневрлiк ауданы және оған қызмет көрсететiн локомотивтер үшiн жеке радиожиiлiк бөлiнедi.

      Екi жақты парктiк байланыс құрылғылары парк шегiнде жақсы естiлудi қамтамасыз етуi тиiс. Бұл құрылғылар магистральдық темiр жол желiсi аумағының сыртындағы шуылды азайту үшiн бағытты түрде iстеуi тиiс.

      Поездық және маневрлiк жұмыс жөнiнде нұсқауларды беруге, сондай-ақ жолаушыларға ақпарат беру үшiн арналған екiжақты парктiк байланыс құрылғылары үнемi iске қосулы күйiнде болуы, байланыс арналарының үздiксiз жұмысын қамтамасыз етуi, iске қосылған күйiнiң бақылауы болуы тиiс.

      177. Жүктасымалдылығы қарқынды желiлердiң учаскелерi мен станцияларындағы жөндеу жұмыстарын басқару үшiн жөндеушi бөлiмшелерiнiң iшiнде жұмыстарды басқарушымен, жұмыстарды басқарушының локомотивтер машинистерiмен, арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамның машинистерiмен және тиiстi қызметтiң кезекшi аппаратымен сенiмдi екiжақты байланысты қамтамасыз етуге арналған жөндеу-жедел радиобайланысы қолданылуы тиiс.

      178. Поездық диспетчерлік және бағыттамалы байланысты поездар қозғалысымен байланысты емес мәселелер бойынша сөйлесуге рұқсат етілмейді.

      Бағыттамалы байланыс желісіне, орындаушы орталықтандыру қосындарын, бағыттамалы қосындарды және станция бойынша кезекшіні қоспағанда, басқа телефондарды қосуға рұқсат етілмейді.

      179. Поездық диспетчерлiк байланысқа тек станциялар бойынша кезекшiлердiң, маневрлiк диспетчерлердiң, операторлардың, локомотив деполары, ауыстыру пункттерi бойынша кезекшiлердiң, энергодиспетчерлердiң және локомотив диспетчерлерiнiң, сигнализация және байланыс дистанциялары кезекшi инженерлерiнiң ғана телефондары қосылады. Диспетчерлiк орталықтандыруы бар учаскелерде поездық диспетчерлiк байланысқа өтпелер бойынша кезекшiлердiң телефондары қосылады.

      Штатында тасымалдар қызметiнiң кезекшi қызметкерлерi жоқ немесе штатында болғанымен олардың тәулiк бойына кезекшiлiгi көзделмеген станцияларда поездық диспетчерлiк байланысқа станциялар бастықтарының, автоматика мен телемеханика электр механиктерi мен электр монтерлерiнiң пәтерлерiнде орнатылған телефондарды қосуға рұқсат берiледi.

      Пәтерлерде орнатылған телефондарды қосуды поезд диспетчерi арнайы аспаппен және сөйлесу кезiне ғана жүргiзедi.

      180. Аралықтарда поездық диспетчерлiк байланыс сымдарына дрезиналар жүргiзушiлерiнiң (амалсыз тоқтаған кезде), қалпына келтiру және өрт сөндiргiш поездары бастықтарының, автоматика мен телемеханика электр механиктерiнiң және қалпына келтiру, жол жұмыстарының және электрмен жабдықтау құрылғылары жөнiндегi жұмыстар басшыларының алып жүретiн телефондарын уақытша қосу жүзеге асырылады.

      Поездық станцияаралық байланысқа станциялар бойынша кезекшiлердiң телефондарын, ал автобұғаттауы бар учаскелерде, сонымен қоса аралықтық байланыстың және өтпелер бойынша кезекшiлердiң телефондары қосылады.

      181. Станциялар мен диспетчерлiк учаскелердегi пойыздық және станциялық радиобайланыс құрылғылары сөйлесудi құжатталған тiркеу жүйесiмен жабдықталады.

      182. Аралықтардағы байланыс, автоматика мен телемеханиканың кәбiлдiк желiлерi жер төсемi шектерiнен тыс магистральдық темiр жол желiсiнiң бөлiнген алқабында салынуы тиiс. Жекелеген жағдайларда кәбiлдiк желiлердi қолданыстағы ережелердi сақтай отырып, жер төсемiнде салуға рұқсат етiледi. Талшықты-оптикалық кәбiлдер негiзiндегi байланыс желiлерi аспалық әдiспен түйiспелi тораптың немесе автобұғаттау желiлерiнiң тiректерiнде орналастырылады немесе қолданыстағы Қағидаларды сақтаумен бұру белдеуiнде төселедi.

      183. Аспалық әдiспен тартылған кәбiлдiк байланыс желiлерi иiлiс жебесi барынша төмен түсiңкiреген жағдайда кем дегенде мынадай биiктiкте болуы тиiс:

      1) халық қоныстанбайтын жерлерде жер бетiнен - 5,0 метр;

      2) халық қоныстанатын жерлерде жер бетiнен - 6,0 метр;

      3) жолаушылар платформаларының бетiнен - 4,5 метр;

      4) темiр жол өтпелерiндегi автомобиль жолдарының бетiнен - 7,0 метр.

      Автоматика мен телемеханика және байланыс әуе желiлерi сымдарының төменгi нүктесiнен жерге дейiнгi қашықтық иiлiс жебесiнiң барынша түсiңкiреуi кем дегенде:

      5) аралықтарда - 2,5 метр;

      6) станцияларда - 3,0 метр;

      7) автомобиль жолдарымен қиылыстарда - 5,5 метр (қолданыстағы желiлерде, олардың қайта құрылуына дейiн 4,5 метр қашықтықты сақтауға рұқсат етiледi).

      184. Темiр жол жолдарымен қиылыстарында автоматика мен телемеханика және байланыс әуе желiлерi сымдарының төменгi нүктесiнен рельс бастиегiнiң үстiне дейiнгi қашықтық кем дегенде 7,5 метр болып белгілінеді. Электрлендірілген темір жол жолдарының автоматика мен телемеханика және байланыс әуе желілерімен қиылысуына рұқсат етілмейді. Мұндай қиылыстар жерасты кәбельдік ендiрмелермен орындалады.

      185. Автоматика мен телемеханика және байланыс желiлерi бұзылған кезде оларды қалпына келтiру мынадай кезектiлiкпен жүргiзiледi:

      1) поездық диспетчерлiк байланыс сымдары;

      2) жолдық бұғаттамасы, энергодиспетчерлiк байланыс сымдары;

      3) электр асатаяқ жүйесiнiң, поездық станцияаралық және бағыттамалы байланыстың сымдары; электрмен жабдықтау құрылғыларын телебасқару сымдары; магистральдық байланыс сымдары;

      4) автоматика мен телемеханиканың және байланыстың қалған сымдары.

      186. Учаскеде қолданылатын екi және одан артық байланыс пен автоматика мен телемеханика желiлерi бiр мезгiлде бұзылған кезде қалпына келтiру басымдылығы желiлердiң қуатымен және төмендегi параметрлермен белгiленедi:

      1) талшықты-оптикалық байланыс желiлерi;

      2) металды кәбiлдер негiзiндегi байланыс желiлерi;

      3) байланыс және автоматика мен телемеханиканың әуе желiлерi.

      187. Автоматика мен телемеханика және байланыс құрылыстары мен құрылғылары тартымдық тоғының, электрберiлiсi желiлерiнiң және найзағай разрядтарының кедергi келтiретiн және қауiптi ықпалынан қорғалған.

      188. Ақпараттық-есептеу жүйесi:

      1) деректердiң енгiзiлуiн, берiлуiн, өңделуiн және сақталуын;

      2) есептеу нәтижелерiнiң белгiленген мерзiмде тұтынушыларға берiлуiн;

      3) темiр жол көлiгiнiң iшкi салаларындағы жоспарлау, жедел басқару, есепке алу, статистика мiндеттерiнiң шешiлуi мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

      189. Техникалық және бағдарламалық құралдар жұмысқа қабiлеттi және белсендi күйде тұрақты ұсталуын, талап етiлетiн сенiмдiлiк пен нақтылықты қамтамасыз етуi тиiс.

14. Жүрдек жолаушылар поездарының айналымы учаскелерiнде
автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар құрылғыларын
пайдалану тәртiбi

      190. Темiр жолдың жүрдек жолаушылар поездарының айналымы учаскелерде орналасқан аралықтар мен станциялар автоматты автобұғаттаумен немесе радиобұғаттаумен, автоматты локомотивтi сигнализацияның автотоқтағышы бар автоматты локомотивтiк сигнализациясымен (бұдан әрi - АЛСН), көпмәндi АЛСН немесе борттық қауiпсiздiк жүйесiмен, сигналдар мен бағыттамалардың электрлiк орталықтандыруымен, диспетчерлiк орталықтандырудың немесе диспетчерлiк бақылаудың микропроцессорлық құрылғыларымен, ақаулы вагондарды автоматты анықтау құрылғыларымен, осы Қағидаларға сәйкес байланыс және радиобайланыс түрлерiмен жабдықталады, бұл ретте поездық радиобайланыс дуплекстi болуы тиiс.

      Поездар қозғалысын автоматты басқару, автоматтандырылған жұмыс орындары жүйелерi жоспарлы тәртiппен енгiзiледi.

      191. Электрлiк орталықтандыру құрылғыларында маршруттарды бекiту жақындаудың екi немесе үш блок-учаскесi алдында жүзеге асырылады, олардың жиынтық ұзындығы сағатына 200 километр жылдамдық кезiнде шұғыл жылдамдығының тежеу жолынан кем болмауы тиiс.

      192. Бағыттамалы бұрмалар ауыспалы ток электржетектерiмен жабдықталады.

      193. Жүрдек поездарды өткiзу жолдарына жанасатын бағыттамалы бұрмалар сыртқы бекiтулермен жабдықталады.

      194. Сырғанаудың үздiксiз бетi бар бағыттамалық бұрмаларды қолдану ауыспалардың ажырауын талап етедi.

      195. Үш таңбалы АЛСН-мен жабдықталған учаскелерде жылдамдығы сағатына 160 километрге дейiнгi жүрдек жолаушылар поездарының қозғалысы локомотив бағдаршамының жасыл жарығы сарыға ауысқаннан кейiн қызметтiк тежеудi қолдану кезiнде жабық бағдаршам алдында тоқтау арқылы жол және локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылады. Сағатына 160 километрден артық жылдамдық көп таңбалы АЛСН-ның жол және локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша жүзеге асырылады.

      196. Жылдамдығы сағатына 140 километрден артық поездар қозғалысы маршруттары бойынша аралықтар мен станцияларда бөгеттен қорғалған тоннельдiк жиiлiктегi қосарлы түйiсу жалғамалары бар электрлiк рельс тiзбектерi қолданылады.

      197. Жылдамдығы сағатына 140 километрден артық поездар қозғалысының маршруттарының басты жолдарының бағыттамалық учаскелерiнiң тармақталулары (ауыспалардың жұпталған бағыттамаларын қоспағанда) қосымша жол релелерiмен және қосарлы түйiсу жалғамаларымен жабдықталады.

      198. Автоматты локомотив сигнализациясы мен поездық радиобайланыс әрекеттерiнiң жырамдылығын тоқсанына кем дегенде бiр рет вагон-зертхана тексеруi тиiс.

      199. Жоспарлы тәртiппен жаяу жүргiншi өтпелерi темiр жолдармен бiр деңгейде жаяу жүргiншi тоннельдерi немесе жаяу жүргiншi көпiрлерiмен алмастырылады не болмаса, жақын жердегi жасанды құрылыстың (құбырдың, кiшi көпiрдiң) астына жiберiледi, бұл ретте осы құрылыстардың көлемдерi "1520 миллиметр жолтабан темiр жолдары" құрылыс-техникалық нормаларының талаптарына жауап беруi тиiс. Құрылыс кезеңіне қолданыстағы жолдар арқылы өтетін жаяу жүргінші жолдарының, оларды, поездың жақындауы туралы ескертетін сигнализациямен, сақтандырғыш тосқауылдармен, ескерту қалқандарымен жабдықтай отырып, сақталуына рұқсат етіледі.

      Қажет болғанда, қызмет көрсететiн персоналға қоршауда жапқыш қақпа жасалады.

      200. Темiр жолдардың автомобиль жолдарымен бiр деңгейде қиылысуының жүрдек учаскелерiнде (өтпелер) жоспарлы тәртiппен түрлi деңгейдегi қиылысулармен алмастырылады.

      201. Жүрдек қозғалыстың басталуына дейiн алмастырылмаған өтпелердiң құрылғысы мен жабдықтары "Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 168 бұйрығының талаптарына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 6899 тіркелген) сәйкес болады.

      202. Жолаушылар поездарының жүрдек жылдамдығы жүзеге асырылатын барлық өтпелерге кезекшi қызметкерлер қызмет көрсетуi тиiс. Бұрын кезекшi персонал болмаған өтпелерде, оларды орналастыруға арналған үй-жайлар дайындалуы (күрделi жөнделген немесе үлгi жоба бойынша жаңадан салынған) тиiс.

      203. Өтпе бойынша кезекшi немесе оның мiндеттерiн орындайтын қызметкер жүрдек жолаушылар поезының өтуiне 5 минут қалғанда өтпе бойынша көлiк құралдарының қозғалысын тоқтатады және тоспаны жабады.

      204. Темiр жол өтпесi бойынша жүгi бар немесе жүксiз iрi габариттi және ауыр салмақты көлiк құралдарын, баяу жүрiстi машиналар мен автопоездарды жүрдек поездың өтуiне 1 сағат қалғанда өткiзуге тыйым салынады.

      Жүрдек жолаушылар поезының өтуiне кемiнде 20 минут қалғанда малды айдап өтуге тыйым салынады.

      205. Жүрдек жолаушылар поезын өтпе бойынша өткiзген кезде өтпе бойынша кезекшi шеткi рельстен кем дегенде 5 метр арақашықтықта болуы тиiс.

      206. Қажет болғанда, жекелеген өтпе жолдарда жүрдек жолаушылар пойызын өткiзу кезiнде бекетінен қауiпсiздiк шарасы ретiнде өтпе жолдар бойынша кезекшi қосынына қарама-қарсы орналасқан көлденең бұрылатын қосалқы тоспалар жабылып, құлыпқа бекiтiлуi тиiс.

15. Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар
құрылғыларына техникалық қызмет көрсету тәртiбi

      207. Солардың көмегiмен түрлi тәуелдiлiктер жүзеге асырылатын автоматика және телемеханика аппараттары, сондай-ақ поездық және станциялық радиобайланыс аппараттары жабық болады және пломбыланады, оларды ашуды бұл құрылғыларды қарап тексеру журналына алдын ала жаза отырып, сигнализация және байланыс дистанциясының қызметкерi жүргiзеді.

      208. Автоматика және телемеханика құрылғылары бойынша үлгiлiк техникалық шешiмдердi тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессия шарттары бойынша темiр жол иесi бекiтедi. Автоматика және телемеханика құрылғыларында үлгiлік емес техникалық шешiмдердi қолдануға рұқсат етiлмейдi.

      209. Белгiленген тәуелдiлiктердiң бұзылуына немесе олардың жұмысын уақытша тоқтауына алып келетiн автоматика және телемеханика құрылғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, оның орнын ауыстыру, жөндеу, сынау және ауыстыру жөнiндегi жоспарлық жұмыстар оларды орындаудың ең аз мерзiмдерiн көздейтiн кестелерге сәйкес жүргiзiледi. Станцияларда мұндай жұмыстарды станция бойынша кезекшiнiң келiсiмiмен және бұл туралы жұмыс басшысының жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, автоматика және телемеханика, байланыс және түйiспе желiсi құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазбастан жүргiзіледі. Диспетчерлiк орталықтандыруы бар учаскелерде осындай жұмыстар поезд диспетчерiнiң келiсiмiмен жүргiзiледi.

      Құрылғылар станция бойынша кезекшiнiң үй-жайынан айтарлықтай қашықтықта орналасқан жағдайда, бұл құрылғыларды iске қосу туралы жазба, сондай-ақ ақаулықтарды жою жөнiндегi алдын ала көзделмеген жұмыстарды жүргiзу үшiн бұл құрылғыларды уақытша ажырату туралы жазба кейiннен жұмыс басшысы автоматика және телемеханика, байланыс және түйiспе желiсi құрылғыларын қарап тексеру журналына жеке қолын қоюы арқылы, сол журналда тiркелетiн, станция бойынша кезекшiге берiлетiн телефонхатпен ауыстырылады.

      210. Белгiленген тәуелдiлiктердi бұзбай жекелеген автоматика және телемеханика құрылғылары мен аспаптарын ауыстыру және ажырату станция бойынша кезекшiнiң (диспетчерлiк орталықтандыруы бар учаскелерде поезд диспетчерiнiң) келiсiмi бойынша ғана автоматика және телемеханика, байланыс және түйiспе желiсi құрылғыларын қарап тексеру журналына жазбастан жүргiзiледi.

      Қолданыстағы автоматика және телемеханика құрылғыларын сынау барлық жағдайларда станция бойынша кезекшiнiң, ал диспетчерлiк орталықтандыруы бар учаскелерде – поезд диспетчерiнiң келiсiмi бойынша және соның қадағалуымен жүргiзiледi.

      211. Сигналдық аспаптарды жарықтандыру сигналдар көрсетулерiнiң айқын көрiнуiн қамтамасыз етуi тиiс.

      212. Уақтылы және толассыз жарықтандыруды қамтамасыз ету:

      1) бағдаршамдарды және маршруттық нұсқағыштарды – сигнализация және байланыс шаруашылық кәсiпорындарының бiрiншi басшыларына;

      2) бағыттамалы нұсқағыштарды, жол қоршауларын түсiру құрылғыларының және гидравликалық бағандардың станциялардағы нұсқағыштарын – станциялар басшыларына;

      3) локомотив, вагон, жол және басқа шаруашылықтардың жолдарындағы сигнал аспаптарын – тиiстi бөлiмшелердiң бастықтарына жүктеледi.

      213. Станциялық жолдардағы сигналдық аспаптарды жарықтандыру құрылғыларын электрмен жабдықтауды электрмен жабдықтау шаруашылық кәсiпорындары қамтамасыз етедi.

      214. Сигнализация және байланыс құрылғыларына қызмет көрсететiн қызметкерлер бағдаршамдардың және маршруттық нұсқағыштардың сигналдық көрсетулерiнiң тұрақты қалыпты көрiнуiн қамтамасыз етедi.

      Бағдаршамдар көрсетулерiнiң көрiнуiн электр механик бағдаршамдық шамдарды ауыстырған сайын жолдан тексередi.

      Аралықтар мен станциялардың басты жолдары бойынша сигналдардың көрiнуiн аға электр механик локомотивтен айына кемiнде бiр рет және сигнализация және байланыс шаруашылық кәсiпорындарының басшылары тоқсанына кемiнде бiр рет тексередi.

      215. Автоматты локомотив сигнализациясы, радиобайланыстың және қауiпсiздiк құрылғыларының жұмысы тоқсанына кемiнде бiр рет тексеріледi.

      Автоматты локомотив сигнализациясы мен поездық радиобайланыс әрекеттері тоқсанына кем дегенде бір рет вагон-зертхана тексеріледі.

      216. Жол, автоматика және телемеханика, электрмен жабдықтау құрылғылары және жылжымалы құрам, соның iшiнде арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрам электрлiк рельстiк тiзбектерiнiң тұрақты сенiмдi жұмысын қамтамасыз етеді.

      217. Автоматика және телемеханика және байланыс құрылғыларын қолданатын қызметкерлер оларды қолдану тәртiбiне оқытылады.

16. Темiр жол көлiгiнiң электрмен жабдықтау техникалық
құралдарын пайдалану тәртiбi

      218. Электрмен жабдықтау құрылғылары тасымалдау процесінің қажеттіліктеріне сәйкес келуі, поездар қозғалысының талап етілетін мөлшерлерін (белгіленген салмақ нормалары, жылдамдығы және жиілігі) қамтамасыз етуі тиіс.

      Автоматика, телемеханика, телекоммуникация және есептеу техникасының құрылғылары электрмен жабдықтау сенiмдiлiгiнiң 1-санатты электр қабылдағыштарына жатады.

      Автоматты және жартылай автоматты бұғаттау электрмен жабдықтау көзiнiң аккумуляторлық резервi болған кезде оның тұрақты әзiрлiгi және оның алдындағы автоматика мен телемеханика құрылғыларының және өтпе сигнализациясы кемiнде 36 сағатта ток көзiн беру өшiрiлмеуi шартымен 8 сағат iшiнде толассыз жұмыс iстеуi қамтамасыз етiледi.

      Автоматты және жартылай автоматты бұғаттауды электрмен жабдықтаудың негiзгi жүйесiнен резервтi жүйесiне немесе керiсiнше ауысу уақыты 1,3 секундтан аспауы тиiс.

      Электрмен сенiмдi жабдықтауды қамтамасыз ету үшiн электрмен жабдықтау құрылыстары мен құрылғыларының күйiне мерзiмдi бақылау, олардың параметрлерiн зертхана-вагондармен, диагностика аспаптарымен өлшеу жүргiзiлуi және жоспарлы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылады.

      219. Электрлi жылжымалы құрамның токқабылдағышындағы кернеудiң деңгейi кем дегенде 21 киловатт, тұрақты ток кезiнде 2,7 киловатт және ауыспалы ток кезiнде 29 киловаттан артық болмайтын және тұрақты ток кезiнде 4 киловатт болуы тиiс.

      Жекелеген учаскелерде уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша кернеу деңгейiнiң ауыспалы ток кезiнде кем дегенде 19 киловатт және тұрақты ток кезiнде 2,4 киловатт болуына рұқсат етiледi.

      Автоматика мен телемеханика құрылғыларындағы айнымалы токтың номиналдық кернеуi 115, 230 немесе 380 Вольт болуы тиiс. Номиналдық кернеудiң көрсетiлген шамаларынан ауытқу азаю жағына қарай 10%-дан артық болмайтындай, ұлғаю жағына қарай 5%-дан артық болмайтындай рұқсат етiледi.

      220. Электрмен жабдықтау құрылғылары қысқа тұйықталу токтарынан, белгiленген нормалардан артық асқан кернеулер мен асқын жүктемеден қорғалады.

      Тұрақты токпен электрлендiрiлген желiлер аумағында орналасқан металды жерасты құрылыстары (құбыржолдар, кабельдер және т.б.), сондай-ақ металл және темiрбетон көпiрлер, жолөткелдер, түйiспе желiсiнiң тiректерi, бағдаршамдар, гидробағандар және т.б. электрлiк коррозиядан қорғалған.

      Тұрақты токтағы электрлендiрiлген желiлердiң тартымдық қосалқы станциялары, сондай-ақ электрлi жылжымалы құрамның автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларының қалыпты жұмысын бұзатын түйiспе желiсi токтарының өтуiнен қорғалған.

      221. Түйiспелiк сым аспасының рельс бастиегiнiң биiктiгi үстiңгi бетiнiң деңгейiнен аралықтарда және станцияларда 5750 миллиметрден төмен емес, ал өтпелерде 6000 миллиметрден төмен болмай белгіленеді.

      Қолданыстағы желiлерде бұл қашықтық жылжымалы құрамның тұруы көзделмеген станцияларда орналасқан жолдардағы, сондай-ақ аралықтардағы жасанды құрылыстар шектерiнде, ауыспалы токтағы электрлендiрiлген желiлерде 5675 миллиметрге дейiн және тұрақты токтағы электрлендiрiлген желiлерде 5550 миллиметрге дейiн кемiтіледі.

      Түйiспелiк сым аспасының биiктiгi 6800 миллиметрден аспауы тиiс.

      222. Жасанды құрылыстар шегiнде кернеуде тұрған токқабылдағыштың токтасымалдауыш элементтерiн және түйiспелiк торап бөлiктерiнен құрылыстардың және жылжымалы құрамның жерге тұйықталған бөлiктерiне дейiнгi қашықтық тұрақты токпен электрлендiрiлген желiлерде кемiнде 200 миллиметр және айнымалы токпен электрлендiрiлген желiлерде кемiнде 350 метр болады.

      223. Аралықтарда және станцияларда шеткi жолдың осiнен түйiспе желiсi тiрегiнiң iшкi шетiне дейiнгi қашықтық кем дегенде 3100 миллиметр болуы тиiс.

      Ойықтардағы тiректер кюветтердiң шегiнен тыс жерлерде орнатылуы тиiс.

      Қар тым қатты басатын ойықтарда (жартастысынан басқа) және олардан шыға берiстерде (100 метр ұзындықта) шеткi жолдың осiнен түйiспе желiсi тiрегiнiң iшкi шетiне дейiнгi қашықтық кем дегенде 5700 миллиметр болуы тиiс.

      Мұндай жерлердiң тiзбесiн тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесi белгiлейдi.

      224. Қолданыстағы желiлерде олар жаңартылғанға дейiн, сондай-ақ жаңадан электрлендiрiлiп жатқан желiлерде аса қиын жағдайларда шеткi жолдың осiнен түйiспе желiсi тiрегiнiң iшкi шетiне дейiнгi қашықтық кем дегенде станцияларда 2450 миллиметр және аралықтарда 2750 миллиметр болуына рұқсат етiледi.

      Барлық белгiленген мөлшерлер жолдың түзу учаскелерi үшiн белгiленген. Поездардың жылдамдығы сағатына 140 километрден астам айналу жол учаскелерiнде, сондай-ақ жолдың қисық учаскелерiнде бұл қашықтықтар түйiспе желiсi тiректерi үшiн белгiленген габариттiк кеңеюге сәйкес ұлғайтылуы тиiс.

      Түйiспелi торабы, әуе желiлерi мен бағдаршамдар, сондай-ақ сигналдық белгiлер тiректерiнiң өзара орналасуы сигналдар мен белгiлердiң жақсы көрiнуiн қамтамасыз етуi тиiс.

      225. Түйiспелi торабының элементтерi, темiрбетон тiректердегi, темiрбетон және металл емес жасанды құрылыстардағы түйiспелi тораптың бекiту бөлшектерi бекiтiлетiн барлық металлды құрылыстар (көпiрлер, жолөтпелер, тiректер), сондай-ақ кернеуде тұрған түйiспе желiсiнiң бөлiктерiнен кем дегенде 5 метр қашықтықта орналасқан, жеке тұрған металды конструкциялар (гидробағандар, бағдаршамдар, көпiрлер мен жолөтпелердiң элементтерi және басқалары) жерге тұйықталуы немесе құрылыстар мен конструкцияларға жоғары кернеу түскенде қорғанышты ажыратылу құрылғыларымен жабдықталуы тиiс.

      Түйiспелi тораптың және айнымалы ток әуе желiлерiнiң әсерi аймағында орналасқан, қауiптi кернеулер пайда болатын барлық металды құрылыстар да жерге тұйықталуға жатады.

      Электрлендiрiлген жолдардың үстiнде орналасқан жолөтпелер мен жаяу жүргiншiлер көпiрлерiнде сақтандырғыш қалқандар және кернеуде тұрған түйiспе желiсiнiң бөлiктерiнен сақтау үшiн адамдар өтетiн жерлерде жаппай төсем орнатылады.

      226. Кернеуi 1000 вольттан астам түйiспе желiсi, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтау желiлерi әуелiк аралықтардың (оқшаулағыш түйiндесулердiң), бейтарап ендiрмелердiң, секциялық және ойылып салынатын оқшаулағыштардың, ажыратқыштардың көмегiмен жекелеген учаскелерге (секцияларға) бөлiнедi.

      Әуелiк аралықтардың шекарасында орнатылған түйiспелi желi тiректерiнiң немесе қалқандардың өзгеше бояуы болуы тиiс. Бұл тіректердің немесе қалқандардың арасында токқабылдағыштары көтеріліп тұрған электр жылжымалы құрамның тоқтауына рұқсат етілмейді.

      227. Жылжымалы құрамның төбесiндегi жабдықтар қарап тексерiлетiн жолдардағы түйiспелiк желiсiнiң және жарақтау құрылғыларының ажыратқыштарын ауыстырып қосуды техникалық байқау пунктiнiң жауапты қызметкерлерi жүргiзедi.

      Магистральдық және станциялық жолдарда айырғыштарды, ажыратқыштарды ауыстырып қосу тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының (энергодиспетчердiң) немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесiнiң жауапты қызметкерiнiң бұйрығы негiзiнде ғана жүргiзiледi.

      228. Кернеуi 1000 вольттан астам электр берiлiсi әуе желiлерi сымдарының төменгi нүктесiнен жер бетiне дейiнгi қашықтық барынша ұзын асу жебесi болғанда кем дегенде:

      6,0 метр – аралықтарда;

      5,0 метр - соның iшiнде жетуi қиын жерлерде;

      7,0 метр - автомобиль жолдарымен қиылысқанда, станцияларда және елдi мекендерде болуы тиiс темiр жол жолдары қиылысқан кезде кернеуi 1000 вольттан астам электр берiлiсi әуе желiлерi сымдарының төменгi нүктесiнен электрлендiрiлмеген жолдардың рельс бастиегiнiң жоғарғы жағының деңгейiне дейiн кем дегенде 7,5 метр болуы тиiс.

      229. Түйiспелi тораптың, автобұғаттау және бойлық электрмен жабдықтаудың электр қоректену және секциялау схемасын тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылымдық операторы немесе концессия бойынша темiржол иесi бекiтедi.

17. Қалпына келтiру құралдарын пайдалану тәртiбi

      230. Локомотив деполарының, локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерiнiң, шеберханалардың, жарақтау құрылғыларының және локомотив шаруашылығының басқа құрылыстары мен құрылғыларының орналасуы және техникалық жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгiленген мөлшерлерiн, локомотивтердiң тиiмдi қолданылуын, сапалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудi, материалдық ресурстардың оңтайлы қолданылуын және қауiпсiз еңбек жағдайын қамтамасыз етуi тиiс.

      АЖҚ-қа арналған деполардың, АЖҚ-қа техникалық қызмет көрсету пункттерiнiң, шеберханалардың, жарақтау құрылғыларының және АЖҚ-қа қызмет көрсетуге арналған басқа құрылыстар мен құрылғылардың орналасуы және техникалық жарақтандырылуы АЖҚ-қа сапалы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудi, материалдық ресурстардың оңтайлы қолданылуын, еңбектiң қауiпсiз жағдайын, АЖҚ-тың тиiмдi қолданылуын қамтамасыз етедi.

      231. Жүк және жолаушылар вагон деполарының, жүк және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету пункттерiнiң, жуу-булау станцияларының, вагон және жолаушы шаруашылықтарының басқа құрылыстары мен құрылғыларының орналасуы және техникалық жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгiленген мөлшерлерiн, сапалы жөнделуi мен техникалық қызмет көрсетудi, материалдық ресурстардың оңтайлы қолданылуын және қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етедi.

      Жолаушылар поездарын қалыптастыру және олардың айналымы станцияларының, жолаушылар техникалық станцияларының және жөндеу-жарақтау деполарының жолаушылар поездарын сапарға сапалы дайындау үшiн қажеттi технологиялық жарағы болуы тиiс.

      232. Сумен жабдықтау және суды өңдеу құрылғылары локомотивтердiң, поездардың, станциялардың және темiр жол көлiгiнiң құрылымдық кәсiпорындарының тиiстi сападағы және қажеттi мөлшерде сумен толассыз жабдықталуын қамтамасыз етуi тиiс.

      Кәрiздiк құрылыстар темiр жол пунктерін және тұрғын кенттерiнiң ағынды суларының тазартылуын қамтамасыз етуi тиiс.

      233. Пункттерде:

      1) қалыпты қозғалысты қалпына келтiру және жылжымалы құрамның соқтығысуы мен рельстен шығып кетуi салдарларын жоюға арналған қалпына келтiру поездары, арнайы автомотрисалар, дрезиналар және жолдар мен электрмен жабдықтау құрылғыларын қалпына келтiруге арналған автомобильдер мен байланыстың жөндеу-қалпына келтiру вагондары мен автомобильдерi, авариялық-дала командалары;

      2) өрттердiң алдын алуға және оларды сөндiруге арналған өрт сөндiру поездары мен өрт сөндiру командалары тұрақты әзiрлiкте тұруы тиiс.

      234. Қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы автомотрисалар мен дрезиналар тұрақты тұратын жолдарға жылжымалы құрамды қоюға рұқсат етілмейді.

18. Темiр жол көлiгi техникалық құралдарын, құрылыс және
станциялық шаруашылығының құрылғыларын пайдалану тәртiбi

      235. Станциялардың жол тарамдары және техникалық жарақтандырылуы поездар қозғалысының белгiленген мөлшерлерiн, поездарды қабылдау және жөнелту, жүктi, багажды, жүк-багажды тиеу, түсiру, құрамдар мен вагондарды өңдеу операцияларына арналған уақыт нормаларының орындалуын, техникалық құралдардың тиiмдi қолданылуын, поездардың қозғалыс қауiпсiздiгiн және қауiпсiз еңбек жағдайын қамтамасыз етуi тиiс.

      236. Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимараттардың, платформалардың сырты сәулеттi, көркем болуын, жолаушылар тасымалдаумен байланысты операциялардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз етедi. Жолаушылар платформаларына өту үшiн жаяу жүргiншiлер тоннельдерi немесе көпiрлерi орнатылуы тиiс.

      Станцияларда темiр жол жолдарымен бiр деңгейдегi өтулер сақталған кезде бұл өтулер жаяу жүргiншiлер төсемдерiмен, нұсқағыштармен және ескерту жазбалармен, ал қажет болған кезде автоматты сигнализациямен жабдықталады.

      237. Жолаушылар станциялары орындарды резервтеудiң және билет сатудың автоматты жүйесiмен, билет басу машиналары мен автоматтары жүйесiмен, өзiне-өзi қызмет көрсететiн сақтау камераларымен, поездар жөнелтiлуiнiң автоматты нұсқағыштарымен, анықтамалық қондырғылармен жабдықталады.

      Аралықтардағы жолаушылардың аялдау пункттерiнiң аспалы шатырлары немесе павильондары бар жолаушылар платформалары, қызмет көрсетiлетiн жолаушылар санына қарай - билет кассалары болады.

      Жүк және тоңазытқыш құрылғылары жүктердiң сақталуын және жүк операцияларының қолайлы орындалуын қамтамасыз етеді.

      238. Поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлерге (станциялар бойынша кезекшiлерге, маневрлiк диспетчерлерге, сигнализация және байланыс дистанциялары қызметкерлерiне және т.б.) тағайындалған қызметтiк ғимараттар мен үй-жайларда жұмыс iстеу үшiн қажеттi жағдайлар қамтамасыз етiледі.

      Станциялар бойынша кезекшiлердiң қызметтiк үй-жайларында басқару және бақылау аспаптары, соның iшiнде автоматтандырылған жұмыс орнының станция бойынша кезекшiнiң жұмысына тiкелей қатысы бар аппаратурасы, сондай-ақ жарық берудi орталықтандырып басқару және секциялық ажыратқыштарды қашықтан басқару пульттерi, поезд жүрiп келе жатқанда жылжымалы құрамның техникалық күйiн автоматты бақылау құралдарының тiркеушi аппаратурасы орнатылады.

      Жолаушыларға, жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған үй-жайлар, операцияларды тез орындау үшін қолайлы қолжетімді болуы тиіс. Жолаушыларға қызмет көрсетуге тағайындалған үй-жайларды басқа мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілмейді.

      239. Жолаушылар және жүк поездарының қозғалысы аралас желiлерде орналасқан жолаушылар және жүк платформалары түзу учаскелерде биiктiгi және жол осiнен қашықтығы бойынша мына нормаларға сәйкес болуы тиiс:

      1) 1100 миллиметр – рельстер қалпақшаларының үстiңгi деңгейiнен биiк платформаларлар үшiн;

      2) 200 миллиметр - рельстер қалпақшаларының үстiңгi деңгейiнен төмен платформаларлар үшiн;

      3) 1920 миллиметр – жол осiнен биiк платформаларлар үшiн;

      4) 1745 миллиметр - жол осiнен төмен платформаларлар үшiн.

      Пайдалану барысында осы тармақта көрсетiлген нормалардың мынадай шекте өзгеруiне рұқсат етiледi: биiктiгi бойынша ұлғаю жағына қарай 20 миллиметрге дейiн және азаю жағына қарай 50 миллиметрге дейiн; жол осiнен қашықтық бойынша ұлғаюы жағына қарай 30 миллиметрге дейiн және азаю жағына қарай 25 миллиметрге дейiн.

      240. Бағыттамалар мен сигналдарды басқару тiкелей жүзеге асырылатын станциялық қосындар тиiстi бағыттамалар мен жолдар анық көрiнетiн жерде орнатылады. Станциялардың жергілікті жағдайларына қарай электрлік орталықтандыру қосындары үшін (дөңестік қосындардан басқа) ерекшелік ретінде рұқсат етіледі.

      241. Орталықтандырудың станциялық қосындарының және бағыттамалық қосындарының үй-жайларында қажеттi сигнал аспаптары, мүкәммал, құрал-саймандар мен материалдар болады. Бағыттамалық қосындар, бұдан басқа, телефон байланысының сыртқы шақырту құрылғыларымен жабдықталады.

      242. Сұрыптау дөңестерi бағдаршамдық сигнализациямен, радиобайланыспен, сөйлесу және дөңестiк локомотивтер машинистерiне, құрастыру бригадалары мен басқа қызметкерлерге қажеттi нұсқаулар беру үшiн екi жақты парктiк байланыс құрылғыларымен жабдықталған.

      Сұрыптау дөңестерi жұмыс көлемiне қарай вагондарды таратуды механикаландыру және автоматтандыру құрылғыларымен, бағыттамалардың дөңестiк орталықтандыруымен, дөңестiк автоматты локомотив сигнализациямен және қажеттi құжаттарды беруге және таратуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Дөңестiк орталықтандыруға енгiзiлетiн барлық бағыттамалар механикаландырылған тазарту немесе қарды ерiту құрылғылармен жабдықталған.

      Автоматтық және механикаландырылған дөңестерi бар станцияларда дөңестiк жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шеберханалар мен механикаландырылған алаңдар болады.

      243. Барлық сұрыптау станциялары, сондай-ақ жолаушылар, учаскелiк және жүк станциялары, жұмыс көлемiне байланысты, станцияiшiлiк диспетчерлiк байланыспен, маневрлiк және станциялық радиобайланыстың басқа түрлерiмен және маневрлiк қозғалыстар туралы нұсқауларды беру үшiн, сондай-ақ маневрлiк диспетчерлердiң, станциялар бойынша кезекшiлердiң, поезд құрастырушылардың, маневрлiк локомотивтер машинистерiнiң, станциялық технологиялық орталықтар, техникалық қызмет көрсету пункттерi, коммерциялық қарап тексеру пункттерiнiң, жүк аудандары мен контейнерлiк алаңдар және арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрам қызметкерлерiнiң маневрлiк жұмысты ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету, коммерциялық қарап тексеру және поездардағы вагондарды жөндеу мәселелерi бойынша сөйлесуi үшiн екiжақты парктiк байланыс құрылғыларымен жабдықталған.

      Сұрыптау, учаскелiк және жүк станциялары жұмыс көлемiне қарай, бұдан басқа, автоматты басқару жүйелерiмен, ақпараттық-есептеу желiсi бар байланыс құралдарымен, тасымалдау құжаттарын қабылдау және тасымалдауға арналған және тексерiлiп және жөнделiп жатқан құрамдарды қоршауға арналған құрылғылармен, ал станциялардың вокзалдары жолаушыларға ақпарат беруге арналған байланыс құрылғыларымен жабдықталады.

      244. Станцияларда жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылыстарға, поездарды қабылдау және жөнелту, тиеу-түсiру және маневрлiк жұмысты жүргiзу, жылжымалы құрамды жарақтандыру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жолдары мен парктерiне, жүк аудандарына, контейнерлiк алаңдарға, сұрыптау платформаларына, вагондық таразыларға, қарап тексеру мұнараларына, габариттiк қақпаларға, поездар мен вагондардағы коммерциялық ақаулықтарды автоматты анықтау құрылғыларына, сондай-ақ қызметкерлер поездарды қарсы алатын жерлерге, бағыттамалы алқымдарға, қоймаларға, өтпелерге, жолдар мен пункттерге жарық берiлуi тиiс. Жарық беру белгiлеген нормаларға сәйкес болады және поездар қозғалысының және маневрлiк қозғалу қауiпсiздiгiн, вагонға отырғызған және вагоннан түскен кезде жолаушылардың қауiпсiздiгiн және қызмет көрсетушi персоналдың толассыз және қауiпсiз жұмысын және жүктiң, багаждың және жүк-багаждың күзетiлуiн қамтамасыз етедi.

      245. Жүк жұмысының көлемi аз аралық станцияларда тиеу-түсiру және өзге станциялық жолдардың сыртқы жарығын бұл жолдарда жүк және маневрлiк жұмыстары жүргiзiлмей жатқан кезде секциялап ажырату құрылғылары орнатылады.

      Жолаушылардың аялдама пункттерiнде жолаушылар отыратын және түсетiн жерлерде жарық болуы тиiстi.

      Сыртқы жарық сигналдық оттардың анық көрiнуiне кедергi келтiрмей орнатылады.

19. Темiр жол көлiгi инфрақұрылымын қарап тексеру және жөндеу тәртiбi

      246. Құрылыстарды, құрылғыларды және қызметтiк-техникалық ғимараттарды қарап тексерудi оларға тiкелей қызмет көрсететiн қызметкерлер, сондай-ақ осы құрылыстар мен құрылғылар қарауында болатын кәсiпорын басшылары жүргiзедi.

      Қарап тексеру нәтижелерi және анықталған кемшiлiктердi жою үшiн қажеттi iс-шаралар ақаулықтарды жою және межеленген iс-шараларды орындау мерзiмдерi белгiленетiн арнайы журналға енгiзiледi.

      247. Жолды, түйiспе желiсiн және автоматика мен телемеханика және байланыс құрылғыларын және басқа құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жөнiндегi, поездардың қозғалыс кестесiнде көзделмеген уақыт кезiнде орындалатын жұмыстар аралықты жабусыз жүргiзiледi.

      248. Жұмыстардың басшысы қозғалысты тоқтатуға әкелетiн жұмыстарды, сондай-ақ оларды жүргiзу үшiн қозғалыс кестесiнде толаскездер көзделген жұмыстарды жүргiзу уақытына поезд диспетчерiмен тұрақты байланыс (телефондық немесе радио арқылы) орнатады.

      Поездардың қозғалыс кестесiндегi толаскездер тәулiктiң қараңғы кезiнде көзделетiн учаскелерде жұмыс басшысы жұмыстар жүргiзiлетiн жерге жарық берiлуiн қамтамасыз етедi.

      249. Механикаландырылған және автоматты сұрыптау дөңестерiнiң құрылғыларына, жолдарға және дөңестердегi басқа құрылыстар мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшiн ұзақтығы 0,7-1,5 сағат технологиялық толаскездер берiледi.

      250. Аралықта және станцияда қозғалыс үшiн кез келген кедергi (тоқтауды талап ететiн жер), сондай-ақ қозғалыс үшiн қауiптi, тоқтауды немесе жылдамдықты азайтуды талап ететiн, жұмыстар жүргiзiлетiн жер поездың (маневрлiк құрамның) келуiне қарамастан екi жақтан да сигналдармен қоршалуы тиiс.

      251. Мыналарға:

      1) қозғалыс үшiн қауiптi, жұмыстар жүргiзiлетiн жер сигналдармен қоршалғанға дейiн жұмыстарға кiрiсуге;

      2) кедергi жойылғанға, жұмыстар толық аяқталғанға, жолдың, түйiспе желiсiнiң күйi, габариттiң сақталуы тексерiлгенге дейiн, кедергiнi немесе жұмыстар жүргiзiлетiн жердi қоршап тұрған сигналдарды алуға рұқсат етiлмейдi.

      252. Жолдағы жұмыстар жүргiзiлетiн жердi қоршап тұрған алып жүрiлетiн сигналдарды орнату және күзету үшiн жұмыстар басшысы тиiстi сынақтарды тапсырған қызметкерлер iшiнен сигналшыларды бөледi. Сигналшыларда темiр жол көлiгiнiң басқа қызметкерлерi үшiн жалпыға бiрдей қабылданғандардан ерекшеленетiн бас киiмдерi болады және олар сигналдық кеудешелер киедi.

      Жолдағы жұмысты кеңейтiлген шеппен жүргiзген кезде, сондай-ақ радиусы аз қисық учаскелерде, ойықтарда және сигналдар нашар көрiнетiн басқа жерлерде және поездар қозғалысы қарқынды учаскелерде жұмыс басшысы жұмыс орнын қоршайтын сигналдар жанындағы қызметкерлермен байланыс (телефон немесе радио арқылы) орнатады. Сигналшыларда және жұмыс басшыларында алып жүретiн радиостанциялар болады.

      253. Станциялық жолдарда станция бойынша кезекшiнiң келiсiмiмен және жұмыс басшысы Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, автоматика мен телемеханика, байланыс және түйiспе желiсi құрылғыларын қарап тексеру журналына алдын ала жазумен тоқтау немесе жылдамдықты кемiту сигналдарымен қоршауды талап ететiн жұмыстар жүргiзіледі. Диспетчерлiк орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде мұндай жұмыстар көрсетiлген тәртiппен, бiрақ поезд диспетчерiнiң келiсiмi бойынша ғана орындалады. Мұндай жұмыстарды түйiспе желiсiнде кернеудi ажыратып, бiрақ жол мен жасанды құрылыстардың тұтастығын бұзбастан жүргiзгенде, сондай-ақ кенеттен пайда болған ақаулықтарды жою жөнiндегi жұмыстарды орындаған кезде жұмыстардың басталуы және аяқталуы туралы жазба жұмыстар басшысы станция бойынша кезекшiге (диспетчерлiк орталықтандыруы бар учаскелерде - поезд диспетчерiне) беретiн, сол журналда тiркелетiн телефонхатпен ауыстырылады.

      Жұмыстар аяқталғаннан кейiн құрылғыларды iске қосуды жұмыс басшысының Жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, автоматика мен телемеханика, байланыс және түйiспе желiсi құрылғыларын қарап тексеру журналындағы жазбасы немесе станция бойынша кезекшiге берiлген, кейiннен жұмыс басшысы жеке қолын қоятын, сол журналда тiркелетiн телефонхаттың негiзiнде станция бойынша кезекшi жүргiзедi.

      254. Бiр жолды учаскеде жұмыс жүргiзу үшiн аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бiр немесе бiрнеше жолды жабу егер ол көршiлес темiржол ұйымдарымен белгiленген қозғалыс мөлшерлерiнiң өзгеруiне алып келмесе, тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия бойынша темiржол иесiнiң рұқсатымен жүргiзiледi. Егер мұндай жабу ТМД елдерiнiң көршiлес темiр жолдарына белгiленген пойыздар қозғалысы мөлшерлерiнiң өзгеруiне алып келсе, оған басқа темiр жол әкiмшiлiктерiмен келiсу рұқсат берiледi.

      255. Жеке жолды учаскеде аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бiр немесе бiрнеше жолды жабу туралы кем дегенде бiр тәулiк бұрын жұмыстардың тиiстi басшылары хабардар етiледi. Аралықты немесе жолдарды жабу және ашу жұмыстарды бастау алдында және жұмыстар аяқталғаннан кейiн поезд диспетчерiнiң бұйрығымен жүргiзiледi.

      Жұмыстар жұмыс басшысы аралықтың немесе жолдардың жабылғаны туралы жауапты қызметкердiң (пойыз диспетчерiнiң) тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессия бойынша темiржол иесiнiң ақпаратын (жазбаша хабарлама, телефонхат немесе жеделхат нысанында) алған соң және жұмыс орындары сигналмен қоршалғанға дейiн жүргізіледі.

      256. Аралықты немесе жолдарды ашу жол жұмыстарының немесе жасанды құрылыстардағы жұмыстардың аяқталғандығы және поездардың толассыз және қауiпсiз қозғалуы үшiн кедергiлердiң жоқ екендiгi туралы телефонхатты немесе жеделхатты бұл жұмыстарды қандай ұйымның орындағанына қарамастан жол шаруашылығы кәсiпорыны басшысының немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымы жол шеберiнен төмен емес қызметкердiң жазбаша хабарламасынан, телефонхат немесе жеделхатынан кейiн ғана жүргiзiледi.

      Қолданыстағы автоматика, телемеханика және телекоммуникация немесе электрмен жабдықтаудың құрылғыларының жұмысын қалпына келтiру тиiсiнше жауапты қызметкерден (автоматиканың, телемеханиканың және телекоммуникацияның аға электр механигiнен немесе энергодиспетчерден), Ұлттық инфрақұрылым операторынан немесе концессия шарттары бойынша темiржол иесiнен хабарлама алғаннан кейiн жүргiзiледi.

      257. Поездар қозғалысын, қабылдау және жөнелту, маневрлiк жұмысты ұйымдастыру тәртiбi Поездар қозғалысы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес белгiленедi.

      258. Тасымалдау процесіне қатысушылар және жылжымалы теміржол құрамының иелері жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпаратты осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жөндеу аяқталған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей береді.

      Ескерту. Қағида 258-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Тiктiгi мен ұзындығының келесi мәндерi болған кездегi созылмалы еңiс:

Тiктiгi

Ұзақтығы

0,008-ден 0,010-ға дейiн

8 километр және одан астам

0,010-нан 0,014-ге дейiн

6 километр және одан астам

0,014-тен 0,017-ге дейiн

5 километр және одан астам

0,017-ден 0,020-ға дейiн

4 километр және одан астам

0,020-дан және одан тiк

2 километр және одан астам


  Темір жол көлігін техникалық
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Жылжымалы теміржол құрамдарына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарына жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат 20__ жылғы "__" _______ үшін есепті кезең

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Индекс: 4-ТЖЖҚЖШ

      Кезеңділігі: жоспарлы жөндеудің аяқталуына қарай

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: тасымалдау процесіне қатысушылар және жылжымалы теміржол құрамының иелері

      Қайда ұсынылады: теміржол көлігі саласындағы уәкілетті орган

      Ұсыну мерзімі: жоспарлы жөндеу аяқталған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей

р/н №

Жылжымалы теміржол құрамдарының, магистральдық, станциялық және кірме жолдарының иесі

Құрастырылған күні

Жөндеу түрі

Жоспарлы жөндеудің аяқталу күні

Жылжымалы теміржол құрамдары бойынша

Магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша

Атауы

Зауыт нөмірі

Инвентарлық нөмірі

Сериясы

Қызмет мерзімінің нормативі

Қызмет ету мерзімі (күні) дейін ұзартылды

Теміржолдарына жүргізілген жоспарлы жөндеудің көлемі (шқ)

Жөндеу орыны

екі аралық

шақырым

пикет

станция

кірме жол

жолдың №

бағыттамалы бұрманың №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19
































































































      Басшы ______________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Орындаушы ___________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Орындаушының телефоны ____________________________________________

      Ұйымның мекенжайы_________________________________________________

      Ұйымның телефоны__________________________________________________

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Ескертпе: "Жылжымалы теміржол құрамдарына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарына жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Жылжымалы теміржол
құрамдарына, сондай-ақ
магистральдық, станциялық және
кірме жолдарына жүргізілген
жоспарлы жөндеу туралы ақпарат"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Жылжымалы теміржол құрамдарына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарына жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

      2-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының, магистральдық, станциялық және кірме жолдарының иелері көрсетіледі.

      3-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарының құрастырылған күні көрсетіледі.

      4-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарының жөндеу түрі көрсетіледі.

      5-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарының жоспарлы жөндеудің аяқталу күні көрсетіледі.

      6-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының атауы көрсетіледі.

      7-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының зауыт нөмірі көрсетіледі.

      8-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының инвентарлық нөмірі көрсетіледі.

      9-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының сериясы көрсетіледі.

      10-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының қызмет мерзімінің нормативі көрсетіледі.

      11-бағанда жылжымалы теміржол құрамдарының қызмет ету мерзімін ұзарту күні көрсетіледі.

      12-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша теміржол жолдарына жүргізілген жоспарлы жөндеудің көлемі көрсетіледі.

      13-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (аралық) көрсетіледі.

      14-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (шақырым) көрсетіледі.

      15-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (пикет) көрсетіледі.

      16-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (станция) көрсетіледі.

      17-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (кірме жол) көрсетіледі.

      18-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (жолдың №) көрсетіледі.

      17-бағанда магистральдық, станциялық және кірме жолдары бойынша жөндеу орындары (бағыттамалы бұрман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады