Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 22.05.2020 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 413 бұйрығымен бекітілген |
Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы,
сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде
ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесі "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау тетігін анықтайды.
2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және осы әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге тіркелген пайда ескерілетін, уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін жеті жылға тең мерзімге бекітетін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
2) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) электр энергиясына арналған шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және осы әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда ескерілетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
2-тарау. Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген
пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде
ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау
3. Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайда электр энергиясына шекті тарифтердің құрамдас бөлігі болып табылады және электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары үшін мына формула бойынша айқындалады:
мұндағы:
ТП– тіркелген пайда;
База1 – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасындағы электр энергиясын өндіруге арналған 2018 жылдың максималды шығындары негізіндегі тіркелген пайданы есептеуге арналған база, теңгемен;
k = 0 – 2019-2025 жылдарға арналған түзету коэффициенті.
Электр қуаты нарығын енгізген кезде тіркелген пайда (инвестицияның өтелуі) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті бірыңғай сатып алушыға сатудан түскен кірістің деңгейінен осы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағалар мен көлемдерде анықталады.
Бұл ретте, тіркелген пайданы есептеу үшін база ретінде уәкілетті органмен қолданылатын, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасындағы электр энергиясын өндіруге жұмсалатын максималды шығындарды Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар берген және (немесе) уәкілетті органның сұрауы бойынша ұсынылған электр энергиясын өндіруге арналған нақты және болжамды деректер негізінде уәкілетті орган айқындайды.
База1 және тіркелген пайда өлшемінің бірлігі: теңге.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.12.2018 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайда теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерінің құрамдас бөлігі болып табылады және электр энергиясын мына формула бойынша өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының бірнеше топтары үшін айқындалады:
ТТП = База2 *24,0%,
мұндағы:
ТТП – теңгерімдеуге тіркелген пайда;
База2 – электр энергиясын теңге түрінде өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының тиісті топтарына енгізілген, энергия өндіруші ұйымдары арасындағы электр энергиясын өндіруге арналған 2018 жылдың ең жоғары шығындары негізінде теңгерімдеуге тіркелген пайданы есептеуге арналған база;
Бұл ретте, тіркелген пайданы есептеу үшін база ретінде уәкілетті органмен қолданылатын электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының тобына енгізілген, энергия өндіруші ұйымдары арасындағы электр энергиясын өндіруге ең жоғары шығыны Заңның 12-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және (немесе) уәкілетті органның сұрауы бойынша энергия өндіруші ұйымдарымен ұсынылған электр энергиясын өндіруге шығынының нақты және болжамды мәліметтері негізінде уәкілетті органмен айқындалады.
База2 және теңгерімдеуге тіркелген пайда өлшемінің бірлігі: теңге.