"Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 413 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 508 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17961 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 22.05.2020 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 413 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 16096 болып тiркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайда электр энергиясына шекті тарифтердің құрамдас бөлігі болып табылады және электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары үшін мына формула бойынша айқындалады:



      мұндағы:

      ТП– тіркелген пайда;

      База1 – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасындағы электр энергиясын өндіруге арналған 2018 жылдың максималды шығындары негізіндегі тіркелген пайданы есептеуге арналған база, теңгемен;

      k = 0 – 2019-2025 жылдарға арналған түзету коэффициенті.

      Электр қуаты нарығын енгізген кезде тіркелген пайда (инвестицияның өтелуі) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті бірыңғай сатып алушыға сатудан түскен кірістің деңгейінен осы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағалар мен көлемдерде анықталады.

      Бұл ретте, тіркелген пайданы есептеу үшін база ретінде уәкілетті органмен қолданылатын, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасындағы электр энергиясын өндіруге жұмсалатын максималды шығындарды Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар берген және (немесе) уәкілетті органның сұрауы бойынша ұсынылған электр энергиясын өндіруге арналған нақты және болжамды деректер негізінде уәкілетті орган айқындайды.

      База1 және тіркелген пайда өлшемінің бірлігі: теңге.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады