"Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 16153 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Iшкi сауда қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;

      2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;

      3) арзандатылған тауар – кемшілігі болуға не кемшілігін жоюға байланысты төмендетілген бағамен сатылатын тауар;

      4) асхана – тұтынушылар өзіне өзі қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру объектісі;

      5) аутлет орталық – бірыңғай тауар белгісімен немесе маркасымен айналымға шығарылған өнімдер шығарылымының алдыңғы маусымының азық-түлік емес тауарлар тобын (киім-кешек, аяқ киім, аксессуарлар және басқалар) елеулі жеңілдіктермен (жиырмадан тоқсан пайызға дейін) сатуды жүзеге асыратын сауда объектісі;

      6) әмбебап сауда базары – әртүрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда орындары бар сауда базары;

      7) әкімшілік аймақ – әкімшілік үй-жайлар кешені орналаскан аймақтардан турады

      8) баға – тауар құнының ақшалай мәні;

      9) бар – тұтынушыларға тіске басар, десерттер және кондитерлік бұйымдар, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;

      10) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзге де пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

      11) бақылау аймақ – ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық, санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңмамасына сәйкес өзгеде бақылау түрлерін жүргізуге арналған аймақ;

      12) гипермаркет – бірнеше сауда қызметі субъектілерінен тұратын, он бес мың және одан көп атау (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауарлар ассортиментін сататын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін көтерме-бөлшек сауда объектісі;

      13) дәмхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, дайындалуы күрделі емес тағамдар ассортиментін, сондай-ақ алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;

      14) дискаунт орталық – бір немесе бірнеше сауда қызметі субъектілерінен тұратын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, күнделікті сұраныстағы нарықтық бағадан төмен бағадағы азық-түлік тауарларының (тез бұзылатын азық-түлікті есепке алмағанда, жалпы көлемінің жиырма пайызы негізінен "құрғақ" немесе терең мұздатылған өнім) және азық-түлік емес (жалпы көлемнің сексен пайызы тамақ өнімдері, тұрмыстық химия және қосалқы тауарлар) тауарлардың шағын ассортименті бар эконом сыныбының сауда объектісі;

      15) дүкен – сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілген тұрақты жұмыс істейтін күрделi құрылыс немесе оның бөлiгi;

      16) дүңгiршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалданатын құрылыс;

      17) жаппай сату – сапасы сай тауарларды төмендетілген бағамен өткізу;

      18) жарамдылық мерзiмi – аяқталғаннан кейiн тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналатын уақыт кезеңi;

      19) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орнатылатын, сауда орнын білдіретін, тасымалданатын уақытша құрылыс (конструкция);

      20) заманауи форматтағы сауда объектілері – бір мыңнан бастап және одан астам атау (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауар ассортименті бар, қызмет көрсетудің дәстүрлі әдісімен бірге өзіне-өзі қызмет көрсету әдісі бойынша, сондай-ақ қосымша сауда қызметтерін көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтары (құрылғылары) бар, еңбек өнімділігі және сауда алаңының шаршы метрінен сатылымы жоғары, аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаң көзделген, ауданы кемінде 500 шаршы метр стационарлық сауда объектілері;

      21) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнімдерін өндірумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет;

      22) қойма аймақ – жүктерді түсіруге, сақтауға және жинақтауға арналған құралдармен жабдықталған аймақ;

      23) көтерме сауда – кейiн сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзге де пайдаланумен байланысты емес, өзге мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

      24) көтерме-тарату орталығы (бұдан әрі – КТО) – азық-түлік тауарларымен, кейін оларды ішкі және сыртқы нарықтарда көтерме өткізу үшін арналған сатып алу, дайындау, тарату және өзге операцияларды орындау үшін және қойма құрылыстарынан, сауда павильондарынан және арнайы жабдықтары бар басқа да үй-жайлардан тұратын көп функционалды сауда-логистикалық инфрақұрылым кешені";

      25) көшпелi сауда – мамандандырылған немесе сауда үшін арнайы жабдықталған көлiк құралдарын, сондай-ақ тек көлік құралымен жиынтықта қолданылатын мобильді жабдықты пайдалана отырып, тұрақты жұмыс iстейтiн бөлшек сауда желiсiнен тыс жүзеге асырылатын бөлшек сауда;

      26) мамандандырылған дүкен – ассортиментінің көлемі жиырма бес мың атауға (бірлікке) дейін болатын, ассортименті мамандандырылған (құрылыс материалдары, тұрмыстық электротехника, жиһаз және тағы басқа), сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін сауда қызметінің көптеген субъектілерін білдіретін сауда объектісі;

      27) мамандандырылған сауда базары – тауарлардың жалпы санынан жетпіс және одан астам пайызы бір сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары;

      28) мейрамхана – тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды, сондай-ақ алкоголь өнімдерін қоса алғанда, дайындалуы күрделі тағамдар ассортиментін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс объектісі;

      29) сақтау мерзімі – белгіленген сақтау шарттары сақталған кезде тауар (жұмыс нәтижесі) осы уақыт кезеңі ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасына қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттарда және (немесе) шартта көрсетілген сапасын, қасиеттерін және сипаттамаларын сақтайтын уақыт кезеңі;

      30) сатушы – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сауда қызметiн жүзеге асырушы сауда қызметiнiң субъектiсі;

      31) сатып алушы – тауар сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;

      32) сауда ақпараты – тауар, дайындаушы, сатушы туралы заңнамада көзделген және тауармен және оны пайдаланудың ерекшелiктерiмен таныстыру мақсатында сатушыға жеткiзiлетiн мәліметтер;

      33) сауда базары – аумақта шаруашылық қызметін көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен;

      34) сауда желiсi – сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқарудағы және бiрыңғай коммерциялық белгi және дараландырудың өзге де құралдары аясында пайдаланылатын екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;

      35) сауда залы – сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған сауда үй-жайының арнайы жабдықталған негiзгi бөлiгi;

      36) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;

      37) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – сауда саясатын қалыптастыратын, сауда қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      38) сауда мүкәммалы – сауда қызметін жүзеге асыруға арналған заттар;

      39) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      40) сауда-ойын-сауық орталығы – көптеген сауда қызметі субъектілерінен тұратын, жиырма бес мың және одан көп атау (бірлік) аралас ассортименті бар тауарларды, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық қызметтерін (фуд-корт, сұлулық салондары, ойын-сауық, кино театрлар) қамтитын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағы шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңы бар сауда объектісі;

      41) сауда орталығы – көптеген сауда қызметі субъектілерінен тұратын, аралас ассортименті бар, ассортиментінің көлемі жиырма бес мың және одан көп атау (бірлік) сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, өз аумағы шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңы бар сауда объектісі;

      42) сауда орны – тауарларды сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын құрал-жабдықпен жарақтандырылған орын;

      43) сауда үйi – тұтас объекті ретінде басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өзінің аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген күрделi стационарлық құрылыс;

      44) стационарлық емес сауда объектісі – инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық қосу) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыстырылмаған уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      45) стационарлық сауда объектісі – жермен берік байланыстырылған және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық қосу) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй жай);

      46) сауда-көрме аймақ – тауарларды көрсетуге, жайып қоюға, сондай-ақ сатып алушыларға қызмет көрсетуге және шарттар жасасу мен төлемдер жүргізуге арналған, арнайы құралдармен жабдықталған аймақ;

      47) супермаркет – бірнеше сауда қызметі субъектілерінен тұратын, бір мыңнан бастап жиырма бес мыңға дейінгі атау (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауар ассортиментін сататын, сауда желілеріне кіретін немесе кірмейтін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңның болуын көздейтін сауда объектісі;

      48) тауар – айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбастауға арналған кез келген еңбек өнiмi;

      49) тауар ассортименті – қандай болмасын бiр немесе жиынтық белгiлері бойынша бiрiктiрiлген тауарлар жиыны;

      50) тауарлар сыныбы – функционалдық мақсаты ұқсас тауарлар жиынтығы;

      51) тауарлардың көршiлестігі – шикi және дайын өнiмдердi бiрге сақтауды және өткізуді, олардың ластануын және тауардың сапасына әсер ететiн бөгде иiстердiң сiңуiн болдырмайтын шарттар;

      52) тауар сапасы – тауардың тұтынушылық сипаттарының жиынтығы;

      53) тез бұзылатын тамақ өнiмдерi – қатаң регламенттелетiн мерзімдерде тасымалдаудың, сақтаудың және сатудың арнайы шарттарын талап ететiн тамақ өнiмдерi;

      54) терминалды аймақ – жүкті түсіру және тиеу операцияларын өткізуге арналған аймақ, сондай-ақ жүкті және жеңіл автомобилдер үшін тұрақ орындары;

      55) технологиялық аймақ – жууға, өңдеуге, кептіруге, құрғақ тазылауға, сұрыптауға, калибрлеуге, өлшеп орауға, орауға және/немесе ұқсас операцияларды орындауға арналған аймақ;

      56) үй жанындағы дүкен – негізінен сауда желілеріне кірмейтін бес мың атауға (бірлікке) дейін күнделікті қажетті тауарлардың мамандандырылған ассортиментін өткізетін бір сауда қызметі субъектісін білдіретін сауда объектісі;

      57) шағынмаркет – он мыңға дейінгі атау (бірлік) мамандандырылған немесе аралас тауар ассортиментін сататын бірнеше сауда қызметі субъектілерін білдіретін, автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңы болуын көздейтін сауда объектісі;

      58) шатыр (павильон) – құрастырмалы-жинамалы конструкциялардан, бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қорына арналған алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын жеңiл құрастырылатын құрылыс;

      59) iшкі сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметі;

      60) электрондық сауда – ақпараттық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ішкі сауда қызметінің субъектілері мен объектілері";

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Стационарлық сауда объектілерінің түрлері:

      КТО;

      сауда ойын-сауық орталығы;

      сауда орталығы;

      гипермаркет;

      аутлет орталығы;

      дискаунт орталығы;

      мамандандырылған дүкен;

      сауда үйі;

      супермаркет;

      шағынмаркет;

      үйдің жанындағы дүкен.";

      Бұл ретте осы Қағидалардың 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес болған жағдайда сауда ойын-сауық орталығы, сауда орталығы, гипермаркет, аутлет орталығы, дискаунт орталығы, мамандандырылған дүкен, супермаркет замануи форматтағы сауда объектілеріне жатады.".

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Сауда қызметін жүзеге асыруға қойылатын тәртібі";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11585 болып тіркелген) Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидаларымен көзделген тәртіпте берілген Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізілімінен үзінді немесе өнімнің (тауардың) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;";

      28-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15689 болып тіркелген) "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес болуы, оның ішінде қоғамдық тамақтанудың азық-түлік тауарларын және өнімдерін сататын сақтауға және сатуға арналған үй-жайлардағы температура мен ылғалдылық реттелетін режимдерінің болуы;";

      3-тарау мынадай мазмұндағы 2-1 параграфпен толықтырылсын:

      "Параграф 2-1. КТО-ның қызметін жүзеге асыру тәртібі

      33-1. КТО-ның құрылымы мынадай аймақтардан тұрады:

      1) терминалды;

      2) бақылау;

      3) қойма;

      4) сауда-көрме;

      5) технологиялық;

      6) әкімшілік.

      33-2. КТО:

      1) ветеринариялық, санитариялық және фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мамандардың, зертханалардың және басқа да қажетті жабдықтардың болуын;

      2) тиеу және түсіру техникасының, салмақты өлшейтін жабдықтың болуын көздейді.

      КТО-да сауда орындарының кемінде 80%-ы азық-түлік тауарларын өткізу үшін, оның ішінде сауда орындарының кемімде 30%-ы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоса алғанда, тікелей азық-түлік тауарларын өндірушілерге жалға беріледі.

      33-3. КТО-да азық-түлік тауарларын өткізуді өндірушілер, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындаушы ұйымдар, өңдеу кәсіпорындар, сондай-ақ импорттаушылар жүзеге асырады.

      33-4. КТО-да азық-түлік тауарларын өткізу нысандары:

      1) өнімді ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен, қызметтік-дайындаушы орталықтардан, дайындаушы ұйымдардан және (немесе) өңдеу кәсіпорындарынан сатып алу;

      2) консигнация шартының жасасу иеленуші (консигнант) өнімді КТО қоймасына жібереді. Бұл ретте өнім оны өткізгенге дейін консигнанттың меншігінде қалады. Өтпеген тауар консигнация келісімінің шарттарына сәйкес консигнантқа қайтарылады.

      33-5. КТО-ның міндеттеріне:

      1) электрондық дерекқорды қалыптастыру (азық-түлік өнімінің көлемдері мен бағалары бойынша ақпаратты жинақтау мен талдау, сұраныс пен ұсыныс, олардың динамикасының өзгеруі туралы мәліметтер);

      2) сатушы мен сатып алушылардың есебін жүргізеді, оларды электрондық базада тіркеуді жүзеге асырады;

      3) азық-түлік тауарларын тікелей өткізуге немесе одан әрі өткізу үшін оларды сатып алу үшін азық-түлік тауарларын өндірушілерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, дайындаушы ұйымдарға сауда алаңдарын беру;

      4) азық-түлік өнімін сатудың арналарын іздеу және құру;

      5) өнімді сату алдындағы дайындық;

      6) тауар партияларын жиынтықтау;

      7) азық-түлік тауарларын сақтау;

      8) КТО-ға қатысушыларды ақпараттық қолдау, азық-түлік тауарларын өндіру мен жылжыту бойынша талдау жүргізу кіреді;

      33-6. Қазақстанның өңірлері бойынша азық-түлік тауарларын қайта бөлу үшін КТО-ның арасында өзара сауда-саттық іс-қимылы жасалады."

      33-7. КТО қызметтері және оларды нарық субъектілеріне беру шарттары КТО мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы жеке келісімде көрсетіледі.";

      35-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органдар ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің санитарлық-эпидемиологиялық бөлімшелерінің қорытындысы болған жағдайда, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (мейрамханаларды, дәмханаларды, барларды, асханаларды) орналастыруға, жер учаскелерін беруге, салу мен қайта жаңартуға арналған жобалық құжаттаманы бекітуге, пайдалануға беруге рұқсат етіледі.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ішкі сауданың түрлері";

      56-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15432 болып тіркелген) "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықтың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған стационарлық үй-жай болу сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар күрделі стационарлық ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі.";

      107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "107. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 720 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12689 болып тіркелген) Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Тауарлардың жекелеген түрлерін сатуға қойылатын тәртібі".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде мерзімді ресми жариялауға баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрі министрі

      _____________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      _____________ А. Мырзахметов

      2017 жылғы "___" ____________

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 "Об утверждении Правил внутренней торговли"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 декабря 2017 года № 410. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2017 года № 16153.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 "Об утверждении Правил внутренней торговли" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11148, опубликован 28 сентября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      в Правилах внутренней торговли, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";      

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) автолавка – оснащенное торговым оборудованием специализированное автотранспортное средство;

      2) автомат – автоматизированное устройство, предназначенное для продажи товаров;

      3) уцененный товар – товар, реализуемый по сниженной цене в связи с наличием недостатка либо устранением недостатка;

      4) столовая – объект общественного питания с самостоятельным обслуживанием потребителей;

      5) аутлет центр – торговый объект, где осуществляют продажу группы непродовольственных товаров (одежда, обувь, аксессуары и другие) из предыдущих сезонов выпуска продукции, выпущенных в обращение под единым товарным знаком или маркой, со значительными скидками (от двадцати до девяноста процентов);

      6) универсальный торговый рынок – торговый рынок, на котором торговые места предназначены для осуществления продажи товаров разного класса;

      7) административная зона – зона, где расположен комплекс административных помещений;

      8) цена – денежное выражение стоимости товара;

      9) бар – объект общественного питания и отдыха, предлагающий потребителям закуски, десерты и кондитерские изделия, а также алкогольную продукцию;

      10) розничная торговля – предпринимательская деятельность по продаже покупателю товаров, предназначенных для личного, семейного, домашнего или иного использования, не связанного с предпринимательской деятельностью;

      11) контрольная зона – зона, предназначенная для проведения ветеринарно-санитарного и фитосанитарного контроля, санитарно-эпидемиологического и иных видов контроля в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      12) гипермаркет – оптово-розничный торговый объект, представленный несколькими субъектами торговой деятельности, реализующий специализированный или смешанный ассортимент товаров от пятнадцати тысяч и более наименований (единиц), входит или не входит в торговые сети, предусматривает наличие площадки для стоянки автотранспортных средств;

      13) кафе – объект общественного питания и отдыха, предлагающий ассортимент блюд несложного приготовления, а также алкогольную продукцию с обязательным предоставлением услуг официантов потребителям;

      14) дискаунт центр – торговый объект эконом класса, представленный одним или несколькими субъектами торговой деятельности, входит или не входит в торговые сети, имеет узкий ассортимент продовольственных (двадцать процентов от всего объема, без учета скоропортящихся продуктов, в основном "сухие" или продукты глубокой заморозки) и непродовольственных (восемьдесят процентов от всего объема, пищевые продукты, бытовая химия и сопутствующие товары) товаров повседневного спроса по ценам ниже среднерыночных;

      15) магазин – капитальное стационарное строение или его часть, обеспеченные торговыми, подсобными, административно-бытовыми помещениями, а также помещениями для приема, хранения и подготовки товаров к продаже;

      16) киоск – некапитальное переносное сооружение, оснащенное торговым оборудованием, не имеющее торгового зала и помещений для хранения продовольственных товаров, рассчитанное на одно или несколько торговых мест;

      17) распродажа – реализация товаров надлежащего качества по сниженным ценам;

      18) срок годности – период времени, по истечении которого товар считается непригодным для использования по назначению;

      19) выносной прилавок – переносное временное сооружение (конструкция), представляющее собой торговое место, располагаемое на специально определенном месте;

      20) торговые объекты современного формата – стационарные торговые объекты с торговой площадью не менее 500 квадратных метров, со специализированным или смешанным ассортиментом товаров от одной тысячи и более наименований (единиц), функционирующие по методу самообслуживания в сочетании с методом традиционного обслуживания, а также оказанием дополнительных услуг торговли, наличием оборудования (устройства), предназначенного для осуществления платежей с использованием платежных карточек, высокой производительностью труда и продажи с квадратного метра торговой площади, предусматривающие наличие площадки для стоянки автотранспортных средств в пределах границ территории;

      21) общественное питание – предпринимательская деятельность, связанная с производством, переработкой, реализацией и организацией потребления продуктов питания;

      22) складская зона – зона, оборудованная приспособлениями для разгрузки, хранения и комплектации грузов;

      23) оптовая торговля – предпринимательская деятельность по реализации товаров, предназначенных для последующей продажи или иных целей, не связанных с личным, семейным, домашним и иным подобным использованием;

      24) оптово-распределительный центр (далее – ОРЦ) – многофункциональный инфраструктурный торгово-логистический комплекс, состоящий из складских сооружений, торговых павильонов и других помещений со специальным оборудованием, предназначенных для выполнения закупочных, подготовительных, распределительных и иных операций с продовольственными товарами для их последующей оптовой реализации на внутреннем и внешнем рынках;

      25) выездная торговля – розничная торговля, осуществляемая вне стационарной розничной сети с использованием специализированных или специально оборудованных для торговли транспортных средств, а также мобильного оборудования, применяемого только в комплекте с транспортным средством;

      26) специализированный магазин – торговый объект, представленный множеством субъектов торговой деятельности, со специализированным ассортиментом (строительные материалы, либо бытовая электротехника, мебель и другие), объем ассортимента до двадцати пяти тысяч наименований (единиц), входит или не входит в торговые сети, предусматривающий наличие площадки для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории;

      27) специализированный торговый рынок – торговый рынок, на котором семьдесят и более процентов товаров от их общего количества предназначены для осуществления продажи товаров одного класса;

      28) ресторан – объект общественного питания и отдыха, предлагающий ассортимент блюд сложного приготовления, включая заказные и фирменные, а также алкогольную продукцию с обязательным предоставлением услуг официантов потребителям;

      29) срок хранения – период времени, в течение которого товар (результат работы) при соблюдении установленных условий хранения сохраняет качество, свойства и характеристики, указанные в нормативных документах, устанавливающих требования к качеству товара (работы, услуги), и (или) в договоре;

      30) продавец – субъект торговой деятельности, осуществляющий торговую деятельность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      31) покупатель – физическое или юридическое лицо, приобретающее товар;

      32) торговая информация – сведения о товаре, изготовителе, продавце, предусмотренные законодательством и доводимые до покупателя с целью ознакомления с товаром и особенностями его использования;

      33) торговый рынок – обособленный имущественный комплекс, предназначенный для торговой деятельности, с централизацией функций хозяйственного обслуживания территории, управления и охраны, действующий на постоянной основе и обеспеченный площадкой для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории, а также соответствующий санитарно-эпидемиологическим требованиям, требованиям пожарной безопасности, архитектурно-строительным и иным требованиям в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      34) торговая сеть – совокупность двух и более торговых объектов, которые находятся под общим управлением и используются под единым коммерческим обозначением и иными средствами индивидуализации, за исключением торговых рынков;

      35) торговый зал – специально оборудованная основная часть торгового помещения, предназначенная для обслуживания покупателей;

      36) торговая деятельность – предпринимательская деятельность физических и юридических лиц, направленная на осуществление купли-продажи товаров;

      37) уполномоченный орган в области регулирования торговой деятельности – центральный исполнительный орган, формирующий торговую политику и осуществляющий руководство, а также межотраслевую координацию в сфере торговой деятельности;

      38) торговый инвентарь – предметы, предназначенные для осуществления торговой деятельности;

      39) торговый объект – здание или часть здания, сооружение или часть сооружения, торговый рынок, автоматизированное устройство или транспортное средство, специально оснащенные оборудованием, предназначенным и используемым для выкладки, демонстрации товаров, обслуживания покупателей и проведения денежных расчетов с покупателями при продаже товаров;

      40) торгово-развлекательный центр – торговый объект, представленный множеством субъектов торговой деятельности, со смешанным ассортиментом от двадцати пяти тысяч и более наименований (единиц), включающим товары, услуги общественного питания и развлечений (фуд-корт, салоны красоты, развлечения, кинотеатры), входит, или не входит в торговые сети, имеет площадку для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории;

      41) торговый центр – торговый объект, представленный множеством субъектов торговой деятельности, со смешанным ассортиментом, объем ассортимента от двадцати пяти тысяч и более наименований (единиц), входит или не входит в торговые сети, имеет площадку для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории;

      42) торговое место – место, оснащенное оборудованием, предназначенным и используемым для выкладки, демонстрации товаров, обслуживания покупателей и проведения денежных расчетов с покупателями при продаже товаров;

      43) торговый дом – капитальное стационарное строение, в котором расположена совокупность торговых объектов и объектов общественного питания, управляемых как единое целое, предназначенное для торговой деятельности и обеспеченное торговыми, административно-бытовыми и складскими помещениями и площадкой для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории;

      44) нестационарный торговый объект – временное сооружение или временная конструкция, не прочно связанные с землей вне зависимости от наличия или отсутствия подключения (технологического присоединения) к сетям инженерно-технического обеспечения, в том числе автоматизированное устройство или транспортное средство;

      45) стационарный торговый объект – здание или часть здания (встроенное, встроено-пристроенное, пристроенное помещение), сооружение или часть сооружения (встроенное, встроено-пристроенное, пристроенное помещение), прочно связанные с землей и подключенные (технологически присоединенные) к сетям инженерно-технического обеспечения;

      46) торгово-выставочная зона – зона, специально оснащенная оборудованием, предназначенным и используемым для выкладки, демонстрации товаров, а также обслуживания покупателей и заключения договоров и проведения оплаты;

      47) супермаркет – торговый объект, представленный несколькими субъектами торговой деятельности, реализующий специализированный или смешанный ассортимент товаров от одной тысячи до двадцати пяти тысяч наименований (единиц), входит или не входит в торговые сети, предусматривает наличие площадки для стоянки автотранспортных средств;

      48) товар – любой, не изъятый из оборота, продукт труда, предназначенный для продажи или обмена;

      49) ассортимент товара - набор товаров, объединенных по какому-либо одному или совокупности признаков;

      50) класс товаров – совокупность товаров, имеющих аналогичное функциональное назначение;

      51) товарное соседство – условия, исключающие совместное хранение и реализацию сырых и готовых продуктов, предотвращающие их загрязнение и проникновение посторонних запахов, отражающихся на качестве товара;

      52) качество товара – совокупность потребительских свойств товара;

      53) скоропортящиеся пищевые продукты – пищевые продукты, требующие специальных условий транспортировки, хранения и реализации в строго регламентируемые сроки;

      54) терминальная зона – зона, предназначенная для проведения разгрузочных и погрузочных операций, а также парковочные места для грузовых и легковых автомобилей;

      55) технологическая зона – зона, предназначенная для мойки, переработки, сушки, сухой чистки, сортировки, калибровки, фасовки, упаковки и/или других подобных операций;

      56) магазин у дома – это торговый объект, представленный одним субъектом торговой деятельности, реализующий специализированный ассортимент товаров первой необходимости до пяти тысяч наименований (единиц), в основном не входящий в торговые сети;

      57) минимаркет – торговый объект, представленный одним или несколькими субъектами торговой деятельности, реализующий специализированный или смешанный ассортимент товаров до десяти тысяч наименований (единиц), предусматривающий площадку для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории;

      58) палатка (павильон) – легко возводимое строение из сборно-разборных конструкций, оснащенное торговым оборудованием для одного или нескольких торговых мест, имеющее площадь для торгового запаса и располагаемое на специально определенном месте;

      59) внутренняя торговля – торговая деятельность, осуществляемая на территории Республики Казахстан;

      60) электронная торговля – предпринимательская деятельность по реализации товаров, осуществляемая посредством информационных технологий.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Субъекты и объекты внутренней торговой деятельности";

      пункт 5-1 изложить в следующей редакции:

      "5-1. Виды стационарных торговых объектов:

      ОРЦ;

      торгово-развлекательный центр;

      торговый центр;

      гипермаркет;

      аутлет центр;

      дискаунт центр;

      специализированный магазин;

      торговый дом;

      супермаркет;

      минимаркет;

      магазин у дома.

      При этом торгово-развлекательный центр, торговый центр, гипермаркет, аутлет центр, дискаунт центр, супермаркет относятся к торговым объектам современного формата, при условии соответствия подпункту 20) пункта 2 настоящих Правил.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок осуществления торговой деятельности";

      подпункт 1) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "1) копию Свидетельства о государственной регистрации продукции (товара) или выписку с Реестра свидетельств о государственной регистрации, выданную в порядке, установленном Правилами государственной регистрации и отзыва решения о государственной регистрации продукции, оказывающей вредное воздействие на здоровье человека, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 4 июня 2015 года № 420 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11585);";

      подпункт 7) пункта 28 изложить в следующей редакции:

      "7) соответствие санитарным правилам "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам оптовой и розничной торговли пищевой продукцией", утвержденными приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 мая 2017 года № 358 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15689), в том числе наличие регулируемых режимов температуры и влажности в помещениях для хранения и реализации продовольственных товаров и продукции общественного питания;";

      главу 3 дополнить параграфом 2-1 следующего содержания:

      "Параграф 2-1. Порядок осуществления деятельности ОРЦ

      33-1. ОРЦ состоит из следующих зон:

      1) терминальная;

      2) контрольная;

      3) складская;

      4) торгово-выставочная;

      5) технологическая;

      6) административная.

      33-2. ОРЦ предусматривает:

      1) наличие соответствующих специалистов, лабораторий, и другого необходимого оборудования, для осуществления ветеринарного, санитарного и фитосанитарного контроля;

      2) наличие погрузочно-разгрузочной техники, весоизмерительного оборудования.

      В ОРЦ не менее 80% торговых мест отводится для реализации продовольственных товаров, из них не менее 30% торговых мест предоставляется в аренду непосредственно производителям продовольственных товаров, включая сельскохозяйственные кооперативы.

      33-3. Реализация продовольственных товаров на ОРЦ осуществляется производителями, сельскохозяйственными кооперативами, заготовительными организациями, перерабатывающими предприятиями, а также импортерами.

      33-4. Формы реализации продовольственной продукции в ОРЦ:

      1) закуп продукции у сельхозтоваропроизводителей, сельскохозяйственных кооперативов сервисно-заготовительных центров, заготовительных организаций и (или) перерабатывающих предприятий;

      2) заключение договора консигнации, при котором владелец (консигнант) передает продукцию на склад ОРЦ. При этом продукция остается собственностью консигнанта до момента его реализации. Нереализованный товар возвращается обратно консигнанту согласно условиям договора консигнации.

      33-5. В функции ОРЦ входит:

      1) формирование электронной базы данных (сбор и анализ информации по объемам и ценам на продовольственную продукцию, сведения о спросе и предложении, динамике их изменения);

      2) учет продавцов и покупателей, осуществляет их регистрацию в электронной базе;

      3) предоставление торговых площадей производителям продовольственных товаров, сельскохозяйственным кооперативам, заготовительным организациям для прямой реализации продовольственных товаров или их закуп для дальнейшей реализации;

      4) поиск и создание каналов сбыта продовольственной продукции;

      5) предпродажная подготовка продукции;

      6) комплектация товарных партий;

      7) хранение продовольственных товаров;

      8) информационная поддержка участников ОРЦ, проведение анализа по производству и движению продовольственных товаров;

      33-6. Между ОРЦ производится торговое взаимодействие в целях эффективного перераспределения продовольственных товаров по регионам Казахстана.

      33-7. Услуги ОРЦ и условия их предоставления субъектам рынка оговариваются в отдельном соглашении между ОРЦ и местным исполнительным органом.";

      часть первую пункта 35 изложить в следующей редакции:

      "35. Размещение объектов общественного питания (ресторанов, кафе, баров, столовых), предоставление земельных участков, утверждение проектной документации на строительство и реконструкцию, ввод в эксплуатацию допускаются при наличии санитарно-эпидемиологического заключения, по форме, утвержденной приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 415 "Об утверждении форм учетной и отчетной документации в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11626), выдаваемого территориальным подразделением ведомства государственного органа в сфере санитарно–эпидемиологического благополучия населения.";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Виды внутренней торговли";

      часть вторую пункта 56 изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 2) пункта 2 Инструкции по определению расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения, а также помещений для проведения религиозных мероприятий за пределами культовых зданий (сооружений), утвержденной приказом Министра по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан от 9 июня 2017 года № 89 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15432), специальное стационарное помещение для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения является капитальное стационарное строение или отдельная его часть, находящееся вне культовых зданий (сооружений), обеспеченное торговыми, подсобными, административно-бытовыми помещениями, а также помещениями для приема, хранения и подготовки к продаже религиозной литературы, информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения.";

      пункт 107 изложить в следующей редакции:

      "107. Порядок осуществления электронной торговли определяется в соответствии с Правилами осуществления электронной торговли, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 25 ноября 2015 года № 720 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12689).";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Порядок продажи отдельных видов товаров".

      2. Департаменту регулирования торговой деятельности Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках на официальное опубликование в периодические печатные издания, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта;

      5) доведение настоящего приказа до сведения местных исполнительных органов.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
_______________ Ж. Касымбек
"___" _________ 2017 года
"СОГЛАСОВАН"
Министр финансов
Республики Казахстан
_______________ Б. Султанов
"___" _________ 2017 года
"СОГЛАСОВАН"
Министр внутренних дел
Республики Казахстан
_______________ К. Касымов
"___" _________ 2017 года
"СОГЛАСОВАН"
Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
______________ А. Мырзахметов
"___" _________ 2017 года