"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 286) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы |
М. Айнабеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 17-1/350 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Бурабай" Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлері
№ | Қызметтердің аталуы | Өлшем бірлігі | Ұзақтығы | Теңгедегі тарифтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Туристік маршруттар мен соқпақтарды ұсыну | 1 адам | 1 рет келу | 300 |
2 |
Тамашалау алаңдарына, демалу алаңқайларына,шатырлы лагерлерге, автокөлік тұрақтарына, жағажайларына орындар ұсыну | 1га | 1 ай | 27 700 |
3 |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда құбырларды орналастыру бойынша, электр желелерін, және жолдар (қоғамдық пайдалану жолдарынан басқа) үшін орындарды ұсыну. |
1га |
1 ай |
27 700 |
4 |
Туристік,рекреациялық, және шаруашылығы шектеулі қызметі бойынша заңды және жеке тулғалармен жасалған шарт бойынша қызметтерді ұсыну | 1га | 1 ай | 27 700 |
5 |
Қоғамдық тамақтану объектілеріне, сауда және мәдени-тұрмыстық мақсаттарға арналған орындарды ұсыну | 1 м2 | 1 тәулік | 40 |
6 | Бір адамға арналған қонақ үйді ұсыну | 1 м2 | 1 ай | 910 |
7 |
Мөлшері 5 кг-нан аспайтын (5 ілмек) қармақпен әуесқойлық (спорт) балық аулауды ұйымдастыру | 1 адам | 1 тәулік | 290 |
8 |
Көлік қызметтерін ұсыну, бір сағатқа: |
1 бірлік |
1 сағат |
7 112 |
Ескерту: 7 тармақта көрсетілген қызметтер үшін келесі жеңілдектер қарастырылады: Ұлы отан соғысының ардагерлеріне, Чернобыль оқиғаларының қатысушылырына, мүгедектерге, зейнеткерлерге, 16 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік.