Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 903 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қаңтарда № 16273 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидалары" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 қазандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9860 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 20 қарашада жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстары бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тендер мынадай:

      1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау шартының (бұдан әрі – субсидиялау туралы шарт) мерзімінің өтуі;

      2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын одан әрі субсидиялау үшін бюджет қаражаты болмаған жағдайды қоспағанда, субсидиялау туралы шартты мерзімінен бұрын тоқтату;

      3) қолданыстағы субсидиялау туралы шартқа сәйкес маршрутты ұзарту немесе қысқарту жағдайларын қоспағанда, жаңа әлеуметтік маңызы бар қатынастарды анықтау жағдайларында өткізіледі.

      Бұл ретте, тендер тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру және бюджеттік қаржы есебінен оның шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау құқығына өткізіледі.";

      30-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тендерді ұйымдастырушының атына қаржы институтының растау хатының және тасымалдаушының міндеттемелерін растау хатының түпнұсқалары немесе тасымалдаушы мен қаржы мекемесінің арасында жасалған шарттың түпнұсқасы, онда тасымалдаушы тендер жеңімпазы болып анықталған және онымен белгіленген тәртіпте субсидиялау туралы шарт жасалған жағдайда:

      қаржы институты жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу үшін тасымалдаушығы кредиттік қаржы беруге немесе сомасын (кредит немесе қаржы лизингісін), сыйақы мөлшерлемесін, мерзімін, ай сайынғы төлем графигін, сатып алынатын вагон саны мен түрлерін, вагон жасаушы зауытты, вагондарды тасымалдаушыға жеткізу графигін көрсету арқылы лизинг беруші болуға міндеттенеді. Қаржы институтының тасымалдаушыға кредиттік қаржы беру мерзімдері алты айдан, ал лизинг мәнін беру мерзімі онымен субсидиялау туралы шарт белгіленген тәртіпте жасасқаннан кейін он бес айдан аспауы тиіс;

      Тасымалдаушы жоғарыда көрсетілген жағдайларды есепке ала отырып, жаңа вагондарды сатып алу үшін кредиттік қаражат немесе қаржылық лизингті беруге қаржы институтымен жасалатын шартқа қол қоюға міндеттенеді.

      Бұл ретте тасымалдаушы мен қаржы институтының арасында жасалған шартқа қарыз ақшаны немесе қаржылық лизингті беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттардың көшірмесі қоса беріледі. Осы шартта тасымалдаушының жаңа вагондарды сатып алу және оларды тасымалдаушыға жеткізу мерзімі белгіленген тәртіпте онымен субсидиялау туралы шарт жасалғаннан кейін он бес айдан аспауы тиіс.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Тасымалдаушылардың тендерлік өтінімдерін және осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарды қарастыру кезінде, қажет олған жағдайда комиссия тендерлік өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпараттарды сұратады.

      Бұл ретте тендерді ұйымдастырушы вагондардың тендерлік өтінімінде осы Қағидалардың 22-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тасымалдаушы ұсынған құжаттардың сәйкестігіне алдын ала зерттеп қарау жүргізеді. Тасымалдаушы вагондарды алдын ала қарап тексертуден бас тартқан жағдайда, тасымалдаушының тендерлік өтінімі қарастырылмайды. Вагондарды алдын ала зерттеп қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 16-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша вагондарды алдын ала зерттеп қарау актісі жасалады.

      Вагондарды алдын ала зерттеп қарау актісі тасымалдаушының осы Қағидалардың 21-тармағының 2) тармақшасына сәйкестігіне және тендерге шығарылған лоттар бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру бойынша тендерлік өтінімді бағалау парағындағы 1, 4 және 5-тармақтар бойынша балдардың санын есепке алу үшін негіз болып табылады.

      Жоғарыда көрсетілген ақпарат немесе вагондарды алдын ала зерттеп қарау актісі комиссияның шешімі қабылдауы үшін негіз болып саналған жағдайда тендердің нәтижесі туралы хаттамаға тіркеледі.";

      16-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 ақпанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесінде:

      23-1-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

      "26-1. Астана – Қарағанды – Семей.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Астана – Павлодар – Семей.";

      40-тармақ алып тасталсын;

      40-1-тармақ алып тасталсын;

      50-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың, 2)-тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 903 бұйрығына
қосымша
  Шығыстары бюджет қаражаты
есебінен ұзақ мерзімді
субсидиялануға жататын
әлеуметтік маңызы бар
қатынастар бойынша
теміржол жолаушылар
тасымалын жүзеге
асыратын тасымалдаушыларды
айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу
қағидаларына
16-1-қосымша
  Нысан

Вагондарды алдын ала зерттеп қарау актісі ________________________________________ (тасымалдаушының атауы)

Р/с №

Вагонның №

Вагон түрі

Құрастыру жылы

Ауа желдеткіш жүйесінің болуы: жоқ – зауыттық құрылысымен көзделмеген. иә – зауыттық құрылысымен көзделген

Мүгедектерге арналған кресло-арбалармен қозғалатын адамдар үшін мамандандырылған орындардың және мінгізу мен түсіру үшін көтеретін құрылғылардың болуы, иә немесе жоқ

Ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

Ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

Ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

Ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

Ұсыныс *

сәйкестік: иә/жоқ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Лоттың №












Жиыны



купе

Вагондарды пайдаланудың орташа мерзімі**















плацкарт

















жалпы







      * – Тасымалдаушылармен ұсынылған осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда меншікті және (немесе) сенімді басқарудағы мүліктік жалдау немесе өзге де заңды негіздерде мемлекеттік тіркеуден өткен тендерге мәлімделген маршруттар бойынша жылжымалы құрамның теміржол жолаушылар паркін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар;;

      ** – вагондарды пайдалаудың орташа мерзімі лот бойынша 6-бағандағы барлық құрастыру жылдарын қосып, оны лот бойынша вагондардар санына бөліп және тендер өткізіліп отырған жылдан азайту жолы арқылы есептеледі.

      Осы Қағиданың 21-тармағының 2) тармақшасына сәйкестігі: _____________________

      Ескерту: __________________________________________________________________

      Бақылауды жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және лауазымы

      __________________________________________________________________________

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 декабря 2017 года № 903. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 января 2018 года № 16273

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в некоторые приказы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:

      1) в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 113 "Об утверждении Правил проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям, расходы которых подлежат долгосрочному субсидированию за счет бюджетных средств" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9860, опубликованный 20 ноября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Правилах проведения конкурса на основе открытого тендера по определению перевозчиков, осуществляющих перевозки пассажиров по социально значимым сообщениям, расходы которых подлежат долгосрочному субсидированию за счет бюджетных средств, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Тендер проводится в следующих случаях:

      1) окончания срока действия договора на долгосрочное субсидирование расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям (далее – договор о субсидировании);

      2) досрочного расторжения договора о субсидировании, кроме случаев отсутствия бюджетных средств для дальнейшего субсидирования расходов перевозчика, связанных с осуществлением перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям;

      3) определения нового социально значимого сообщения, за исключением случаев продления либо сокращения маршрута в соответствии с действующими договорами о субсидировании.

      При этом, тендер проводится на право осуществления перевозчиком перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям и долгосрочного субсидирования его расходов за счет бюджетных средств.";

      подпункт 2) пункта 30 изложить в следующей редакции:

      "2) оригиналы письма подтверждения финансового института и письма подтверждения обязательств перевозчика на имя организатора тендера или оригинал договора, заключенного между перевозчиком и финансовым институтом, где в случае определения перевозчика победителем тендера и заключения с ним в установленном порядке договора о субсидировании:

      финансовый институт для приобретения новых пассажирских вагонов обязуется предоставить перевозчику кредитные средства или выступить лизингодателем с указанием суммы (кредита или финансового лизинга), ставки вознаграждения, срока, графика ежемесячных платежей, количества и типов приобретаемых вагонов, завода-изготовителя, графика поставок вагонов перевозчику. Сроки выдачи финансовым институтом кредитных средств перевозчику не должны превышать 6 месяцев, а предоставление предмета лизинга 15 месяцев после заключения с ним в установленном порядке договора о субсидировании;

      перевозчик для приобретения новых пассажирских вагонов обязуется подписать с финансовым институтом договор на предоставление кредитных средств или финансового лизинга с учетом вышеуказанных условий.

      При этом, к письму или договору между перевозчиком и финансовым институтом прилагаются копии правоустанавливающих документов на осуществление деятельности по предоставлению заемных средств или финансового лизинга. Сроки закупа новых пассажирских вагонов перевозчиком и их поставки перевозчику не должны превышать 15 месяцев после заключения с ним в установленном порядке договора о субсидировании.";

      пункт 39 изложить в следующей редакции:

      "39. При рассмотрении тендерных заявок и дополнительных документов перевозчиков, указанных в пункте 30 настоящих Правил, в случае необходимости, комиссия в целях уточнения сведений, содержащихся в тендерных заявках, в письменной форме запрашивает необходимую информацию у соответствующих государственных органов, физических и юридических лиц.

      При этом организатор тендера проводит выездное предварительное обследование вагонов, на соответствие представленному документу перевозчиком, в соответствии с подпунктом 3) пункта 22 настоящих Правил в тендерной заявке. В случае отказа перевозчиком от проведения предварительного осмотра вагонов, тендерная заявка перевозчика отклоняется. По результатам выездного предварительного обследования вагонов составляется акт выездного предварительного обследования вагонов по форме согласно приложению 16-1 к настоящим Правилам.

      Акт выездного предварительного обследования вагонов является основанием для учета количества баллов по пунктам 1, 4 и 5 в листе оценки тендерных заявок по осуществлению перевозок пассажиров по социально значимым сообщениям по лотам, выставленным на тендер и соответствие перевозчика подпункту 2) пункта 21 настоящих Правил.

      Вышеуказанная информация или акт выездного предварительного обследования вагонов прилагается к протоколу об итогах тендера, в случаях, если они явились основанием для принятия решении комиссий.";

      приложение 16-1 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу;

      2) в приказе исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 247 "Об определении перечня социально значимых пассажирских межобластных сообщений" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10069, опубликованный 3 февраля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет"):

      в Перечне социально значимых пассажирских межобластных сообщений, утвержденном указанным приказом:

      пункт 23-1 исключить;

      дополнить пунктом 26-1 следующего содержания:

      "26-1. Астана – Караганды – Семипалатинск.";

      дополнить пунктом 30-1 следующего содержания:

      "30-1. Астана – Павлодар – Семипалатинск.";

      пункт 40 исключить;

      пункт 40-1 исключить;

      пункт 50 исключить.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзаца восемь подпункта 2) пункта 1, который вводится в действие с 1 апреля 2018 года.

      Исполняющий обязанности
Министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Р. Скляр

  Приложение
к приказу исполняющего
обязанности Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 27 декабря 2017 года № 903
  Приложение 16-1
к Правилам проведения
конкурса на основе открытого
тендера по определению
перевозчиков, осуществляющих
перевозки пассажиров по
социально значимым
сообщениям, расходы которых
подлежат долгосрочному
субсидированию за счет
бюджетных средств
  Форма

Акт выездного предварительного обследования вагонов

      _____________________________________________________________

      (наименование перевозчика)

№ п/п

№ вагона

Тип вагона

Год постройки

Наличие системы кондиционирования воздуха: нет – не предусмотрено заводской конструкцией, да – предусмотрено заводской конструкцией

Наличие подъемных устройств для посадки и высадки и специализированных мест для лиц, передвигающихся на инвалидных кресло-колясках, да или нет

предложение*

соответствие: да/нет

предложение*

соответствие: да/нет

предложение*

соответствие: да/нет

предложение*

соответствие: да/нет

предложение*

соответствие: да/нет

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

№ лота












Итого



купе

Средний срок эксплуатации вагонов **







плацкарт





общий



      * – предложения по обеспечению железнодорожным пассажирским парком вагонов перевозчика, находящихся в собственности и (или) доверительном управлении, имущественном найме или используемых на иных законных основаниях по заявленным на тендер лотам по форме, согласно приложению 8 к настоящим Правилам, предоставляемые Перевозчиком в тендерной заявке;

      ** – средний срок эксплуатации вагонов рассчитывается путем сложения всех годов постройки в графе 6 по лоту, делением его на количество вагонов по лоту и вычитанием года проведения тендера.

      Соответствие подпункту 2) пункта 21 настоящих Правил: ________________________

      Примечание: ______________________________________________________________

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) и должность лица (лиц), проводившего обследование: ___________________________________________