"Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 635 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қаңтарда № 16275 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 206 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11260 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (егер білім туралы құжат құжатты берген елде заңдастырылған немесе апостильденген болса):

      1) Астана қаласының Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 15 (он бес) жұмыс күнін;

      2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

      Ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде берілген білім туралы құжаттарды қарау мерзімдері Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) Астана қаласының Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 30 (отыз) жұмыс күнін;

      2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорация бөлімшелері үшін – 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларының (нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5135 тіркелген) 9 және 20-тармақтарында көзделген жағдайларда өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне ұзартылады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

      Мемлекеттік корпорацияда: Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті броньдауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

      2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдендіру талап етілмейді.

      Құжаттың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады;

      3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге және тиісті түрде расталған).

      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет;

      4) төлем туралы түбіртек.

      Көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын дәлелдейтін, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

      Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      Мемлекеттік ақпарат жүйелерінде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкіметі" шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінен алады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтермен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру тиісті құжаттарды қабылдағанын растайтын қолхат негізінде жеке басын куәландыратын куәлігін көрсеткен жағдайда (не уәкілетті өкілдің натариалды куәландырылған сенімхаты негізінде) жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация қорытындыны өзінде бір ай бойы сақтайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң хабарласқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрлік басшысының не оны алмастырушы адамның атына жазбаша түрде беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген Бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымның қаралу нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.";

      13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің: control.edu.gov.kz, www.enic-kazakhstan.kz;

      2) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      14. Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүруді, бағдарлануды жүзеге асыру қабілеттерінен немесе мүмкіндігінен толық немесе жартылай айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Т.И. Ешенқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Т.И. Ешенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 25 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 29 желтоқсан

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 апреля 2015 года № 212 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере образования и науки"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 декабря 2017 года № 635. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 января 2018 года № 16275. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 мая 2020 года № 206.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 14.05.2020 № 206 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 апреля 2015 года № 212 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере образования и науки" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11260, опубликован в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов "Әділет" 23 июня 2015 года) следующие изменения:

      в стандарте государственной услуги "Признание и нострификация документов об образовании", утвержденном указанным приказом:

      пункты 3 и 4 изложить в следующей редакции:

      "3. Государственная услуга оказывается Комитетом по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан, Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Центр Болонского процесса и академической мобильности" Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация).

      4. Сроки оказания государственной услуги о признании/нострификации документов об образовании при обращении в Государственную корпорацию составляют (в случае, если документ об образовании легализован или апостилирован в стране выдачи):

      1) для подразделений Государственной корпорации города Астаны – 15 (пятнадцать) рабочих дней;

      2) для подразделений Государственной корпорации других регионов –30 (тридцать) рабочих дней с учетом почтовых отправлений (день приема документов не входит в срок оказания государственной услуги).

      Срок рассмотрения документов об образовании, выданных в стране-участнике международного договора (соглашения), предусматривающего отмену легализации официальных документов при обращении в Государственную корпорацию составляют:

      1) для подразделений Государственной корпорации города Астаны – 30 (тридцать) рабочих дней;

      2) для подразделений Государственной корпорации других регионов – 45 (сорок пять) рабочих дней с учетом почтовых отправлений (день приема документов не входит в срок оказания государственной услуги).

      В случаях предусмотренных пунктами 9 и 20 Правил признания и нострификации документов об образовании, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2008 года № 8 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5135), срок рассмотрения заявления продлевается на 10 (десять) рабочих дней.

      При обращении в Государственную корпорацию день приема не входит в срок оказания государственной услуги. Услугодатель обеспечивает доставку результата государственной услуги в Государственную корпорацию, не позднее, чем за сутки до истечения срока оказания государственной услуги.

      Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 15 (пятнадцать) минут.

      Максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 20 (двадцать) минут.";

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. График работы:

      услугодателя – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года (далее - Кодекс) с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.

      Государственной корпорации: с понедельника по субботу включительно, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 20.00 часов без перерыва на обед, за исключением воскресенья и праздничных дней, согласно Кодексу.

      Прием осуществляется в порядке "электронной" очереди, без ускоренного обслуживания, по выбору услугополучателя, возможно бронирование очереди посредством портала.

      9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя в Государственную корпорацию:

      1) заявление о признании/нострификации документов об образовании по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги;

      2) копия легализованного или апостилированного документа об образовании и приложения к нему (оригинал для сверки, подлежит к возврату) и наториально засвидетельственный перевод (в случае, если документ полностью на иностранном языке) документа об образовании и приложения к нему, включая перевод печати.

      При отсутствии возможности предоставления легализованного или апостилированного документа об образовании и приложения к нему предоставляется нотариально засвидетельственная копия документа об образовании и приложения к нему и нотариально засвидетельственный перевод (в случае, если документ полностью на иностранном языке).

      При выдаче документа об образовании в стране-участнике международного договора (соглашения) о правовой помощи, предусматривающей отмену легализации официальных документов, участником которого является Республика Казахстан, легализация или апостилирование его не требуются и представляется нотариально засвидетельственную копию документа об образовании и приложения к нему и нотариально засвидетельственный перевод (в случае, если документ полностью на иностранном языке).

      Засвидетельствование перевода на казахский или русский язык осуществляется нотариусом на территории Республики Казахстан или органами дипломатической службы Республики Казахстан в стране, в которой выдан документ;

      3) документ, удостоверяющий личность владельца документа об образовании (для идентификации личности) или уполномоченного представителя на основании нотариально удостоверенной доверенности.

      Для нерезидентов Республики Казахстан копия документа, удостоверяющего личность владельца документа об образовании (с переводом на государственный или русский язык).

      Если обладатель документа об образовании изменил фамилию, имя или отчество (при его наличии) после его получения, необходимо представить копию свидетельства о государственной регистрации актов записи перемены фамилии, имени или отчества (при его наличии) или актовую запись о браке или о расторжении брака;

      4) квитанцию об оплате.

      Услугополучатель представляет доказательства своей подготовки, в том числе документы о допуске к профессиональной деятельности, практическом опыте. Нотариально засвидетельственные копии данных документов представляются вместе с их нотариально засвидетельственными переводами (в случае, если документ полностью на иностранном языке), включая перевод печатей.

      Работник Государственной корпорации получает согласие услугополучателя на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, при оказании государственных услуг, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.

      Сведения о документах, удостоверяющих личность, свидетельства о браке или его расторжении (выданные после 2008 года) работник Государственной корпорации получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      При приеме документов работник Государственной корпорации сверяет подлинность оригиналов со сведениями, представленными из государственных информационных систем, после чего возвращает оригиналы услугополучателю.

      При приеме документов через Государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      В Государственной корпорации выдача готовых документов осуществляется на основании расписки о приеме соответствующих документов, при предъявлении документа удостоверяющий личность (либо его представителя по нотариально удостоверенной доверенности).

      Государственная корпорация обеспечивает хранение результата в течение одного месяца, после чего передает их услугодателю для дальнейшего хранения. При обращении услугополучателя по истечении одного месяца, по запросу Государственной корпорации услугодатель в течение одного рабочего дня направляет готовые документы в Государственную корпорацию для выдачи услугополучателю.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Обжалование решений, действий (бездействия) услугодателя (или) их должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг: жалоба подается в письменном виде на имя руководителя услугодателя, Министерства либо лица его замещающего, по адресам, указанным в пункте 13 настоящего стандарта государственной услуги.

      Подтверждением принятия жалобы является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя, Министерства, с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, срока и места получения ответа на поданную жалобу.

      В случае некорректного обслуживания работником Государственной корпорации жалоба подается на имя руководителя Государственной корпорации по адресам и телефонам, указанным в пункте 13 настоящего стандарта государственной услуги.

      Подтверждением принятия жалобы в канцелярии Государственной корпорации, поступившей как нарочно, так и почтой, является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата регистрации проставляются на втором экземпляре жалобы или сопроводительном письме к жалобе).

      Также информацию о порядке обжалования действий (бездействия) работника услугодателя, Государственной корпорации, можно получить по телефону Единого контакт-центра, указанному в пункте 16 настоящего стандарта государственной услуги.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес Министерства, услугодателя или Государственной корпорации подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации. Мотивированный ответ о результатах рассмотрения жалобы направляется услугополучателю посредством почтовой связи либо выдается нарочно в канцелярии Министерства, услугодателя или Государственной корпорации.

      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель может обратиться с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.";

      пункты 13, 14, 15 и 16 изложить в следующей редакции:

      "13. Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсах:

      1) услугодателя: control.edu.gov.kz, www.enic-kazakhstan.kz;

      2) Государственной корпорации: www.gov4c.kz.

      14. Услугополучателям имеющим установленным законодательством порядке полную или частичную утрату способности или возможности осуществлять самообслуживание, самостоятельно передвигаться, ориентироваться прием документов, для оказания государственной услуги, проводится работником Государственной корпорации с выездом по месту жительства посредством обращения через Единый контакт-центр 1414, 8 800 080 7777.

      15. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством справочных служб услугодателя по вопросам оказания государственной услуги, Единого контакт-центра.

      16. Контактные телефоны справочных служб услугодателя по вопросам оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства: www.edu.gov.kz. Единый контакт-центр: 1414, 8-800-080-7777.".

      2. Комитету по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Ешенкулов Т.И.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электроном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на исполняющего обязанности председателя Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан Ешенкулова Т.И.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
___________________ Д. Абаев
25 декабря 2017 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
___________________ Т. Сулейменов
29 декабря 2017 года