"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кемелердiң командалық құрамының адамдарын аттестаттауға өтініштерді қабылдау және кемелердiң командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткені туралы анықтаманы беру Портал арқылы жүзеге асырылады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау туралы анықтаманы алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) диплом;
3) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссия қорытындысы (086/е нысанды медициналық анықтама).";
29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Аттестаттаудан өту туралы анықтаманы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Портал арқылы аумақтық бөлімшелер береді.
30. Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткені туралы анықтама жоғалған немесе ол жарамсыз болып қалған жағдайда (физикалық тозу, бүліну) анықтаманы бұрын берген аумақтық бөлімшеге Портал арқылы жоғалу және бүліну жағдайы мен себептерін жаза отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынылады.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрі
_______________ Д. Абаев
2017 жылғы 29 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________ Е. Сағадиев
2017 жылғы 15 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_______________ Е. Біртанов
2017 жылғы 27 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 31 қаңтар