Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері туралы

Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 115/17-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 сәуірде № 1098 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 14.12.2022 № 281/36-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 03.10.2023 № 85/10-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің мынадай тәртібі мен мөлшері айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 14.12.2022 № 281/36-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1-1. Алып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 14.12.2022 № 281/36-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
С. Жүнісов
      Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов

  Астана қаласы мәслихатының
2017 жылғы 17 наурыздағы
№ 115/17-VI шішіміне
қосымша

Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 14.12.2022 № 281/36-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Астана қаласының мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде "Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен жүргізеді.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда мүгедек балаға (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқу кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) осы шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға оқу жылы ішінде тоқсан сайын он айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу Қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

     

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью города Астаны

Решение маслихата города Астаны от 17 марта 2017 года № 115/17-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 12 апреля 2017 года № 1098.

      Сноска. Заголовок - в редакции решения маслихата города Астаны от 14.12.2022 № 281/36-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Социальным кодексом Республики Казахстан, статьей 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения маслихата города Астаны от 03.10.2023 № 85/10-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью города Астаны, согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения маслихата города Астаны от 14.12.2022 № 281/36-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1-1. дополнено пунктом 1-1 в соответствии с решением маслихата г. Астаны от 06.03.2019 № 360/45-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); исключен решением маслихата города Астаны от 14.12.2022 № 281/36-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
маслихата города Астаны
С. Жунусов
      Секретарь маслихата
города Астаны
Ж. Нурпиисов

  Приложение
к решению маслихата
города Астаны
от 17 марта 2017 года № 115/17-VI

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью города Астаны

      Сноска. Решение дополнено приложением в соответствии с решением маслихата города Астаны от 14.12.2022 № 281/36-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью города Астаны разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Управление занятости и социальной защиты города Астаны" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат (достижение ребенком с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Для возмещения затрат на обучение заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.

      7. Размер возмещения затрат на обучение равен десяти месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью ежеквартально в течение учебного года.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам возмещения затрат.