Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 363/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 76 қаулысына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы"Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 652 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қарашада "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
2-тармақтың екінші абзацындағы ", жеке тұрғын үйде" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтағы "Басқарма" деген сөз "Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы және Ережеге 2-қосымшадағы "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" деген сөздер "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (бұдан әрі – өтініш иесі) жеке өз басы немесе отбасы атынан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына жүгінеді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішке(осы Ережеге 1-қосымша) мынадай құжаттар қоса беріледі ("электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына жүгінген кезде құжаттардың электрондық көшірмелері):
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі (жекешелендiру шарты, сыйға беру шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.);
3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсыну, егер олардағы мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, талап етілмейді.".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
М. Шайдаров |
Астана қаласы мәслихатының хатшысы |
Ж. Нұрпейісов |