1. "Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін жалдау төлемақысының мөлшерлемесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі № 113-1099 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 830 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 тамыздағы № 91 (3148) "Астана ақшамы", 2014 жылғы 16 тамыздағы № 90 (3166) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ә. Исекешев |