Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, " Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі, " Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін жалдау төлемақысының мөлшерлемесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны, кейіннен ресми және мерзімдік басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген интернет-ресурстарда және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкім | И. Тасмағамбетов |
| Астана қаласы әкімдігінің |
| 2014 жылғы 03 шілдедегі |
| № 113-1099 қаулысына |
| қосымша Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін төлемақысының мөлшерлемесі |
1) Астана қаласы мектептерінің оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсететін заңды және жеке тұлғалар, коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық-мәдениет орталықтары үшін – айына бір шаршы метрге 200 (екі жүз) теңге;
2) басқа да заңды және жеке тұлғалар үшін – айына бір шаршы метр үшін 1 000 (бір мың) теңге;
3) банкоматтарды, базалық станция жабдығын және ұялы байланыс антеннасын орнатуға арналған терминалдар үшін – айына бір шаршы метрге 3 АЕК (үш айлық есептік көрсеткіш);
4) жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет объектілері – коммерциялық емес ұйымдарды есепке алмағанда айына бір шаршы метрге 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде белгіленеді.
2. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа қолданылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) берген кезде жылдық жалдау төлемақысының есеп айырысуы:
Ап = С х Nam /100 х Кп
формуласы бойынша жүзеге асырылады, онда:
Ап – жылына жабдықтар, көлік құралдары және басқа қолданылмайтын заттар үшін жалдау төлемақысының мөлшерлемесі;
С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық сомасы.
100% тозуы есептелген жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа қолданылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10% мөлшерде қабылданады;
Nam – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар, көлік құралдары және басқа қолданылмайтын заттардың тозуы 60% артық кезінде - 0,8, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін - 0,5 мөлшерінде қолданады).