РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 қаулысына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 5805 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 наурызда жарияланған) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының қосымшасында:
2-тармағы келесі мазмұндағы 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) дефектолог;
12) біліктілігі жоғары деңгейдегі барлық санаттағы мамандар және санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер;
13) біліктілігі орташа деңгейдегі барлық санаттағы мамандар және санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер;
14) кітапханашы.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Мырзалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |
2017 жылғы 05.06.