Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 26.03.2020 № А-4/158 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № А-9/396 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4988 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 6 қазанында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу ұзақтығы:
1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттарды қабылдау күні мен уақыты көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған рәсімдері (әрекеттері);
3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімнің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға субсидияны тағайындау немесе тағайындамау туралы шешімі бар хабарлама береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Өтінімді тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) нақты сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидиялар алу үшін Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;
2) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – элиттұқымшар) бір уақытта бірегей тұқым өндіруші (бұдан әрі – оригинатор) болып табылған жағдайда, нақты егіске пайдаланылған өзі өндірген суперэлиталық тұқымдарға (мақта үшін – көбейту питомниктерін қоспағанда, бірегей тұқымдар) субсидиялар алу үшін Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған өзі өндірген суперэлиталық тұқымдарға (мақта үшін – көбейту питомниктерін қоспағанда, бірегей тұқымдар) субсидиялар алуға арналған өтінімді;
3) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алу үшін Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;
4) тұқым өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – тұқымшар) бір уақытта элиттұқымшар болып табылған жағдайда, нақты егіске пайдаланылған өзі өндірген элиталық тұқымдарға субсидиялар алу үшін Стандарттың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған өзі өндірген элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;
5) майлы дақылдардың, көпжылдық және біржылдық шөптердің, арпаның, күріштің, картоптың және мақтаның нақты сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарына (бұдан әрі – бірінші көбейтілген тұқымдар) субсидиялар алу үшін Стандарттың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;
6) жүгерінің, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың және мақтаның нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына (бұдан әрі – бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары) субсидиялар алу үшін Стандарттың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінімді;
7) нақты сатып алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне (бұдан әрі – элиталық көшеттер) субсидиялар алу үшін Стандарттың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сатып алынған элиталық көшеттерге субсидиялар алуға арналған өтінімді;
8) сатып алынған элиталық тұқымдарға немесе біріші көбейтілген тұқымдарға және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына тиесілі субсидиялар алу үшін (элиттұқымшарға немесе тұқымшарға субсидиялар алу құқығы берілген жағдайда) Стандарттың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша элиталық тұқым шаруашылығы немесе тұқым шаруашылығы арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылған жиынтық өтінімді ұсынады.
Құжаттар Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданғанда, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, осының негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі, заңды тұлғаға – өкілеттілікті растайтын құжат бойынша) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е.Я.Каппельге жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
М.Мырзалин |