РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Көкшетау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 17-ші кезекті сессиясының төрағасы |
М.Тукеев |
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2017 жылғы "14" желтоқсан
Көкшетау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № С-17/11 шешімімен бекітілген |
Көкшетау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көкшетау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Құрмет грамотасы:
1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі қаланың тұрғындарын сауықтырудағы елеулі жетістіктері үшін;
2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.
3. Құрмет грамотасымен Көкшетау қаласының дамуына қомақты үлес қосқан:
1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;
2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық – саяси қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;
3) азаматтығы жоқ адамдар және шет мемлекеттердің азаматтары наградталады.
4. Құрмет грамотасымен:
1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;
2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар марапатала алмайды.
5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде қаланың Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды.
6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.
2-тарау. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты Көкшетау қаласы әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.
Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, Көкшетау қаласының дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.
Aталған деректерді уақытында немесе толық ұсынбағанда ұсыныс қаралмайды.
8. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар, қаралмайды.
9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін, наградтау жөніндегі Көкшетау қаласының әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады.
10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді Көкшетау қаласының әкімі мен Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.
11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын Көкшетау қаласының әкімі және (немесе) Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.
12. Наградтау бойынша материалдар Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында сақталады.
3-тарау. Құрмет грамотасының сипаттамасы
13. Құрмет грамотасы көк түсті папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папканың бет жағында 7х7 көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және "Көкшетау қаласының Құрмет грамотасы" жазуы жазылған.
Құрмет грамотасы А 3 форматында дайындалады, 1 биг, қағазы жылтыр, күңгірт, түрлі-түсті басу, Көкшетау қаласының Елтаңбасын бейнелеумен екі жағынан алтын түстес.
Айқарма беттің ішкі сол жағында: жоғарғы бөлігінің ортасында алтынмен басылып, "Көкшетау қаласының Құрмет грамотасы" жазуы, жазудың астында, наградталушының тегін, аты, әкесінің аты, наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, "наградталады" сөзі бар, мемлекеттік тілдегі мәтін орналасады.
Төменгі бөлігінде Көкшетау қаласы әкімінің және Көкшетау қалалық мәслихат хатшысының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.
Айқарма беттің ішкі оң жағында сол жағымен бірдей орыс тіліндегі теңтүпнұсқа аударма орналасады. Төменгі бөлігінде орыс тіліндегі наградтау күні көрсетіледі.
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі.
Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі.
Айқарма бет компьютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, айқарма бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.