Степногорск қаласы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № а-6/331 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 шілдеде № 6035 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № А-12/670 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 31.12.2021 № А-12/670 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Степногорск қаласы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленсін:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М.Әбіловаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі Ә.Күмпекеев

Об установлении квоты для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда по городу Степногорск

Постановление акимата города Степногорска Акмолинской области от 28 июня 2017 года № а-6/331. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 28 июля 2017 года № 6035. Утратило силу постановлением акимата города Степногорска Акмолинской области от 31 декабря 2021 года № А-12/670

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Степногорска Акмолинской области от 31.12.2021 № А-12/670 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14010, акимат города Степногорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда по городу Степногорск организациям со списочной численностью работников:

      от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      от ста одного до двухсот пятидесяти человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Степногорска Абилову Г.М.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким города Степногорска А.Кумпекеев