Степногорск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № а-6/331 "Степногорск қаласы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № А-12/670 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қаңтарда № 26459 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Степногорск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № а-6/331 "Степногорск қаласы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6035 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі А.Каиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады