Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 18.08.2017 № 11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 02 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына, төтенше жағдайлардың адын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының қорытындысы бойынша 2017 жылғы 15 ақпандағы № 3 хаттамасына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Аршалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Т.Ыбыраев төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т. Ыбыраевқа жүктелсін.
4. Аршалы ауданы әкімінің осы шешімі әрекеті 2017 жылдың 15 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшінен енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі | А.Тайжанов |