Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңына сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы ауданы әкімінің 2017 жылғы 07 наурыздағы № 05 "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5829 нөмірімен тіркелген, аудандық "Аршалы айнасы" және "Вперед" газеттерінде 2017 жылғы 31 наурызда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т.Ыбыраевқа жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі | А.Тайжанов |