Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімінің 09.01.2019 № 01 (ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 02 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 5206 тіркелген, "Вперед", "Аршалы айнасы" газеттерінде 2016 жылғы 02 ақпанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
№ 157 сайлау учаскесінің таратылуына байланысты көрсетілген шешімінің қосымшасындағы 24 тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Қ. Балташевқа жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы ауданының әкімі | А.Тайжанов |
"Келісілді"
Аршалы аудандық сайлау комиссиясының төрайымы |
Л.Асанова |
"10" 03 2017 жыл