Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 25.04.2019 № а-4/173 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы және 21 қазандағы қорытындыларының, Полтавка ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қарашадағы №3 "Полтавка ауылдық окруінің көшелерін қайта атау туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5648 тіркелген, "Атбасар", "Простор" газеттерінде 2017 жылдың 13 қаңтарында жарияланған), Есенкелді ауылы әкімінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 1 "Есенкелді ауылының көшелерін қайта атау туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5740 тіркелген, "Атбасар", "Простор" газеттерінде 2017 жылдың 24 ақпанында жарияланған) шешімінің негізінде, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №а-8/361 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4343 тіркелген, "Атбасар", "Простор" газеттерінде 2014 жылдың 12 қыркүйегінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
қаулының 1 қосымшасындағы 16 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:
"16.Титовка ауылы, Достық көшесі, "Полтавка-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 22/2 ғимараты жанындағы стенд.".
қаулының 2 қосымшасындағы 16 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:
"16.Титовка ауылы, Достық көшесі, 22/2, "Полтавка-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратының залы.".
қаулының 1 қосымшасындағы 39 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:
"39.Есенкелді ауылы, Тың көшесі, "Атбасар ауданы білім бөлімінің Есенкелді орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің № 32 ғимараты жанындағы стенд.".
қаулының 2 қосымшасындағы 5 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:
"5.Есенкелді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 26, "Ладыженка" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәдени-ойын-сауық орталығының залы.".
2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі | А.Никишов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Атбасар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
Т.Боранбаев |
2017 жылғы 27.03.