РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақан Құрманов ауылдық округінің көшелері қайта аталсын:
1) Ақан Құрманов ауылы бойынша:
№ 9 көшесі Мәдениет көшесіне;
№ 10 көшесі Атамекен көшесіне.
2) Қаракөл ауылы бойынша:
№ 1 көшесі Жағалау көшесіне;
№ 2 көшесі Алаш көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақан Құрманов ауылдық | |
округінің әкімі | А.Белялова |