Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 6280 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақан Құрманов ауылдық округінің көшелері қайта аталсын:

      1) Ақан Құрманов ауылы бойынша:

      № 9 көшесі Мәдениет көшесіне;

      № 10 көшесі Атамекен көшесіне.

      2) Қаракөл ауылы бойынша:

      № 1 көшесі Жағалау көшесіне;

      № 2 көшесі Алаш көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақан Құрманов ауылдық
      округінің әкімі А.Белялова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады