Бұланды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 6С-9/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 наурызда № 5843 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 - бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 08.09.2023 № 8С-8/16 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Бұланды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.10.2022 № 7С-26/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алынып тасталды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.10.2022 № 7С-26/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаметінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезекті 9 – сессияның
төрағасы
А.Есентұров
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ш.Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бұланды ауданы әкімі Қ.Испергенов

      20 ақпан 2017 жыл


  Ақмола облысы Бұланды
аудандық мәслихатының
шешіміне қосымша
2017 жылғы 20 ақпандағы
№ 6С-9/9

Бұланды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.10.2022 № 7С-26/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Бұланды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.

      4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Оқуға арналған шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, басқа елді мекендерге көшу не тұтастай Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге көшуі) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі –портал) арқылы Шығындарды өтеу қағидаларының 3 - қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2 - қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға айына үш айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Буландынском районе

Решение Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 20 февраля 2017 года № 6С-9/9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 24 марта 2017 года № 5843.

      Сноска. Заголовок решения - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 12.10.2022 № 7С-26/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 28.04.2023 № 8С-3/10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", Буландынский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 08.09.2023 № 8С-8/16 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Буландынском районе, согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 12.10.2022 № 7С-26/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Исключен решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 12.10.2022 № 7С-26/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель 9 очередной
сессии
А.Есентуров
      Секретарь
районного маслихата
Ш.Кусаинов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Буландынского района К.Испергенов

      20 февраля 2017 года


  Приложение к решению
Буландынского районного
маслихата Акмолинской
области от 20 февраля
2017 года № 6С-9/9

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Буландынском районе

      Сноска. Заголовок приложения с изменением на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 28.04.2023 № 8С-3/10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Решение дополнено приложением в соответствии с решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 12.10.2022 № 7С-26/2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменениями, внесенными решением Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 28.04.2023 № 8С-3 /10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Буландынском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22394) (далее – Правила возмещения затрат).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 28.04.2023 № 8С-3/10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Буландынского района" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения детей с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от дохода семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 28.04.2023 № 8С-3/10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка - с инвалидностью, переезд в другие населенные пункты либо переезд за пределы Республики Казахстан в целом), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Для возмещения затрат на обучение заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем."

      Сноска. Пункт 6 - в редакции решения Буландынского районного маслихата Акмолинской области от 28.04.2023 № 8С-3/10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Размер возмещения затрат на обучение равен трҰм месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью в месяц.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к Правилам возмещения затрат.