Ескерту. Шешімнің тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 - бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 08.09.2023 № 8С-8/16 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Бұланды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.10.2022 № 7С-26/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Алынып тасталды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.10.2022 № 7С-26/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаметінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезекті 9 – сессияның төрағасы |
А.Есентұров |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданы әкімі | Қ.Испергенов |
20 ақпан 2017 жыл
Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының шешіміне қосымша 2017 жылғы 20 ақпандағы № 6С-9/9 |
Бұланды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
Ескерту. Қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешім қосымшамен толықтырылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 12.10.2022 № 7С-26/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы Бұланды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.
4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Оқуға арналған шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, басқа елді мекендерге көшу не тұтастай Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге көшуі) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі –портал) арқылы Шығындарды өтеу қағидаларының 3 - қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2 - қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-3/10 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға айына үш айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.