"Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 6С 11-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жыылғы 10 наурызда № 5817 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы № 6С22-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 13.03.2018 № 6С22-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33 бабының 5 тармағына және "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Егіндікөл аудандық мәслихатының ""Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2016 жылдың 18 мамырдағы № 6С4-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5421 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 шілдеде "Алтын астық" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
О.Садыбеков
      Аудандық мәслихатының
хатшысы
Б.Абилов

  Егіндікөл аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 20 ақпандағы
№ 6С11-4 шешімімен
бекітілген

"Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аудандық мәслихатының аппараты) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес "Б" корпусы қызметшісі тікелей бағынатын тұлға, оның тікелей басшысы болып табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімі оның жұмыс органы болып табылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы өкіміне өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы ретінде аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2-тарау. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. Жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей Үлгілік әдістеменің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана аудандық мәслихат аппаратына беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

      Аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері аудандық мәслихат аппаратымен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" балға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл балдары атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, аудандық мәслихат аппараты басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжат айналым қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастру бөлімі басшысының және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл балдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісімен қол қойылады.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын келесі формула арқылы есептейді:


т. =100 + а – в,

      мұнда:


т. – тоқсандық баға;

      a – көтермелеу балдары;

      в – айыппұл балдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша:

      80 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";

      80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – "қанағаттанарлық";

      106-дан 130 (қоса алғанда) балға дейін – "тиімді";

      130 балдан астам – "өте жақсы" қойылады.

5-тарау. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін Үлгілік әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспарды орындау бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша:

      жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштің орындалмағаны үшін 2 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырылады.

      32. Аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула арқылы Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:


жыл = 0,4*

т.+0,6*

ЖЖ

      мұнда:


жыл – жылдық баға;

т. – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 балдан төмен) 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 (қоса алғанда) балға дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 балдан астам) – 5 балл беріледі;


жж – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша:

      3 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";

      3 балдан бастап 3,9 балға дейін – "қанағаттанарлық;

      4 балдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді";

      5 балл – "өте жақсы" қойылады.

6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) Үлгілік әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) бағалау нәтижелерін бекіту;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

      36. Аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда аудандық мәслихат аппаратының лауазымдық міндеттері бойынша кадрлық жұмыстарды жүргізетін жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысымен танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада құрастырылады.

      37. Осы Әдістеменің 34 - тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы аудандық мәслихат аппаратында сақталады.

7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдану шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, аудандық мәслихат аппаратына Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпарат аудандық мәслихат аппаратымен екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолданады.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Егиндыкольского районного маслихата"

Решение Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 20 февраля 2017 года № 6С 11-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 10 марта 2017 года № 5817. Утратило силу решением Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 13 марта 2018 года № 6С22-2

      Сноска. Утратило силу решением Егиндыкольского районного маслихата Акмолинской области от 13.03.2018 № 6С22-2 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2016 года № 110 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14637) Егиндыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Егиндыкольского районного маслихата".

      2. Признать утратившим силу решение Егиндыкольского районного маслихата "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Егиндыкольского районного маслихата"" от 18 мая 2016 года № 6С4-7 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5421, опубликовано 11 июля 2016 года в районной газете "Алтын астық").

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
О.Садыбеков
      Секретарь
районного маслихата
Б.Абилов

  Утверждена
решением Егиндыкольского
районного маслихата
от 20 февраля 2017 года
№ 6С11-4

Методика оценки деятельности административных государственных
служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Егиндыкольского районного маслихата"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – Методика) государственного учреждения "Аппарат Егиндыкольского районного маслихата" (далее – аппарат районного маслихата) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2016 года № 110 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (далее – Типовая методика) (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14637) и определяет алгоритм оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – служащие корпуса "Б").

      2. Оценка деятельности служащих корпуса "Б" (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.

      3. Оценка проводится по результатам деятельности служащего корпуса "Б" на занимаемой должности:

      1) по итогам квартала (квартальная оценка) – не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом (за исключением четвертого квартала, оценка которого проводится не позднее десятого декабря);

      2) по итогам года (годовая оценка) – не позднее двадцать пятого декабря оцениваемого года.

      Оценка служащего корпуса "Б" не проводится в случаях, если срок пребывания на занимаемой должности в оцениваемом периоде составляет менее трех месяцев, а также в период испытательного срока.

      Служащие корпуса "Б", находящиеся в социальных отпусках либо периоде временной нетрудоспособности, проходят оценку в течение 5 рабочих дней после выхода на работу.

      4. Квартальная оценка проводится непосредственным руководителем и основывается на оценке исполнения служащим корпуса "Б" должностных обязанностей.

      Непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" является лицо, которому данный служащий подчинен согласно своей должностной инструкции.

      5. Годовая оценка складывается из:

      1) средней оценки служащего корпуса "Б" за отчетные кварталы;

      2) оценки выполнения служащим корпуса "Б" индивидуального плана работы по форме, согласно приложению 1 к Типовой методике.

      6. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б", создается Комиссия по оценке, рабочим органом которой является организационный отдел аппарата районного маслихата.

      7. Заседание Комиссии по оценке считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.

      Замена отсутствующего члена или председателя Комиссии по оценке осуществляется по решению уполномоченного лица путем внесения изменения в распоряжение о создании Комиссии по оценке.

      8. Решение Комиссии по оценке принимается открытым голосованием.

      9. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии по оценке. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.

      Секретарем Комиссии по оценке является руководитель отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы. Секретарь Комиссии по оценке не принимает участие в голосовании.

Глава 2. Составление индивидуального плана работы

      10. Индивидуальный план работы составляется служащим корпуса "Б" совместно с его непосредственным руководителем не позднее десятого января оцениваемого года, по форме согласно приложению 1 к Типовой методике.

      11. При назначении служащего корпуса "Б" на должность после срока, указанного в пункте 10 настоящей Методики индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" на занимаемой должности составляется в течение десяти рабочих дней со дня его назначения на должность.

      12. Количество целевых показателей в индивидуальном плане работы служащего корпуса "Б" составляет не более четырех, которые должны быть конкретными, измеримыми, достижимыми, с определенным сроком исполнения.

      13. Индивидуальный план составляется в двух экземплярах. Один экземпляр передается в аппарат районного маслихата. Второй экземпляр находится у руководителя структурного подразделения служащего корпуса "Б".

Глава 3. Подготовка к проведению оценки

      14. Руководитель отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии по оценке.

      Руководитель отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы за десять календарных дней до начала проведения оценки обеспечивает своевременное уведомление служащего корпуса "Б", подлежащего оценке, и лиц, осуществляющих оценку, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

Глава 4. Квартальная оценка исполнения должностных обязанностей

      15. Оценка исполнения должностных обязанностей складывается из базовых, поощрительных и штрафных баллов.

      16. Базовые баллы устанавливаются на уровне 100 баллов за выполнение служащим своих должностных обязанностей.

      17. Поощрительные баллы выставляются за показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы, а также виды деятельности, являющиеся сложными в содержательном и/или организационном плане.

      18. Показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы и сложные виды деятельности определяются аппаратом районного маслихата самостоятельно исходя из своей отраслевой специфики и распределяются по пятиуровневой шкале в порядке возрастания объема и сложности осуществляемой работы. При этом в число поощряемых показателей и видов деятельности могут входить как фиксируемые, так и нефиксируемые в Единой системе электронного документооборота и Интранет-портале государственных органов документы и мероприятия.

      За каждый поощряемый показатель или вид деятельности служащему корпуса "Б" непосредственным руководителем присваиваются в соответствии с утвержденной шкалой от "+1" до "+5" баллов.

      19. Штрафные баллы выставляются за нарушения исполнительской и трудовой дисциплины.

      20. К нарушениям исполнительской дисциплины относятся нарушения сроков исполнения поручений вышестоящих органов, руководства аппарата районного маслихата, непосредственного руководителя и обращений физических и юридических лиц.

      Источниками информации о фактах исполнительской дисциплины служат документально подтвержденные сведения от службы документооборота и непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

      21. К нарушениям трудовой дисциплины относятся:

      1) опоздания на работу без уважительной причины;

      2) нарушения служащими служебной этики.

      Источниками информации о фактах нарушения трудовой дисциплины служат документально подтвержденные сведения от руководителя отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы аппарата районного маслихата и непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

      22. За каждое нарушение исполнительской и трудовой дисциплины служащему корпуса "Б" выставляются штрафные баллы в размере "-2" балла за каждый факт нарушения.

      23. Для проведения оценки исполнения должностных обязанностей служащий корпуса "Б" представляет для согласования заполненный оценочный лист непосредственному руководителю по форме согласно приложению 2 к Типовой методике.

      24. Непосредственный руководитель с учетом представленных руководителем отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы, службой документооборота сведений о фактах нарушения служащим корпуса "Б" трудовой и исполнительской дисциплины, рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.

      25. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист подписывается служащим корпуса "Б".

      Отказ служащего корпуса "Б" от подписания оценочного листа не является препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае руководителем отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      26. Итоговая квартальная оценка служащего корпуса "Б" вычисляется непосредственным руководителем по следующей формуле:


кв. =100 + а – в,

      где

кв. – квартальная оценка;

      а – поощрительные баллы;

      в – штрафные баллы.

      27. Итоговая квартальная оценка выставляется по следующей шкале:

      менее 80 баллов – "неудовлетворительно";

      от 80 до 105 (включительно) баллов – "удовлетворительно";

      от 106 до 130 (включительно) баллов – "эффективно";

      свыше 130 баллов – "превосходно".

Глава 5. Годовая оценка

      28. Для проведения годовой оценки служащий корпуса "Б" направляет для согласования заполненный оценочный лист выполнения индивидуального плана непосредственному руководителю по форме согласно приложению 3 к Типовой методике.

      29. Непосредственный руководитель рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.

      30. Оценка выполнения индивидуального плана работы выставляется по следующей шкале:

      за невыполнение целевого показателя, предусмотренного индивидуальным планом работы, присваивается 2 балла;

      за частичное выполнение целевого показателя – 3 балла;

      за выполнение целевого показателя (достижение ожидаемого результата) – 4 балла;

      за превышение ожидаемого результата целевого показателя – 5 баллов.

      31. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист заверяется служащим корпуса "Б".

      Отказ от подписания оценочного листа служащего корпуса "Б" не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае руководителем отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы аппарата районного маслихата и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      32. Итоговая годовая оценка служащего корпуса "Б" вычисляется руководителем отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы аппарата районного маслихата не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по оценке по следующей формуле:


год = 0,4*

кв. + 0,6*

ИП

      где

год – годовая оценка;

кв. – средняя оценка за отчетные кварталы (среднеарифметическое значение). При этом полученное среднеарифметическое значение квартальных оценок с учетом шкалы, указанной в пункте 27 настоящей Методики, приводится к пятибалльной системе оценок, а именно:

      значению "неудовлетворительно" (менее 80 баллов) присваиваются 2 балла,

      значению "удовлетворительно" (от 80 до 105 баллов) – 3 балла,

      значению "эффективно" (от 106 до 130 (включительно) баллов) – 4 балла,

      значению "превосходно" (свыше 130 баллов) – 5 баллов;


ИП – оценка выполнения индивидуального плана работы (среднеарифметическое значение).

      33. Итоговая годовая оценка выставляется по следующей шкале:

      менее 3 баллов – "неудовлетворительно";

      от 3 до 3,9 баллов – "удовлетворительно";

      от 4 до 4,9 баллов – "эффективно";

      5 баллов – "превосходно".

Глава 6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      34. Руководитель отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.

      Руководитель отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:

      1) заполненные оценочные листы;

      2) должностную инструкцию служащего корпуса "Б";

      3) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 4 к Типовой методике.

      35. Комиссия рассматривает результаты квартальных и годовой оценки и принимает одно из следующих решений:

      1) утвердить результаты оценки;

      2) пересмотреть результаты оценки.

      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе.

      36. Руководитель отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы ознакамливает служащего корпуса "Б" с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.

      Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего корпуса "Б" от ознакомления не является препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае руководителем отдела организационной работы аппарата районного маслихата, в должностные обязанности которого входит ведение кадровой работы аппарата районного маслихата в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      37. Документы, указанные в пункте 34 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в аппарате районного маслихата.

Глава 7. Обжалование результатов оценки

      38. Обжалование решения Комиссии служащим корпуса "Б" в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.

      39. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего корпуса "Б" осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений установленного законодательством порядка проведения оценки рекомендует аппарату районного маслихата отменить решение Комиссии.

      40. Информация о принятом решении представляется аппаратом районного маслихата в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.

      41. Служащий корпуса "Б" вправе обжаловать результаты оценки в суде.

Глава 8. Принятие решений по результатам оценки

      42. Результаты оценки являются основаниями для принятия решений по выплате бонусов и обучению.

      43. Бонусы выплачиваются служащим корпуса "Б" с результатами оценки "превосходно" и "эффективно".

      44. Обучение (повышение квалификации) служащего корпуса "Б" проводится по направлению, по которому деятельность служащего корпуса "Б" по итогам годовой оценки признана неудовлетворительной.

      Служащий корпуса "Б" направляется на курсы повышения квалификации в течение трех месяцев после утверждения Комиссией результатов годовой оценки его деятельности.

      45. Служащий корпуса "Б", получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.

      46. Результаты оценки служащего корпуса "Б" по итогам двух лет подряд со значением "неудовлетворительно" являются основанием для принятия решения о понижении его в должности. При отсутствии любой вакантной нижестоящей должности служащий корпуса "Б" увольняется в порядке, установленном законодательством.

      47. Результаты оценки деятельности служащих корпуса "Б" вносятся в их послужные списки.