Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 02.02.2018 № 24/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
Есіл аудандық мәслихатының "Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы № 14/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-11-101 тіркелген, 2009 жылғы 10 сәуірде "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешімі;
Есіл аудандық мәслихатының "Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 14/4 "Есіл ауданы аумағындағы тіркелген жиынтық салықтың базалық ставкаларының мөлшерлерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 8 қарашадағы № 44/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-11-143 тіркелген, 2011 жылғы 23 желтоқсанда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы, аудандық мәслихат хатшысы |
С.Ағымбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Есіл ауданының әкімі | А.Қалжанов |
29 тамыз 2017 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы |
Н.Қапашев |
29 тамыз 2017 жыл
Есіл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 17/4 шешіміне қосымша |
Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 4 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |