Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 29.08.2017 № 17/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 08.11.2011 № 44/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422 бабын негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін, айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін:
1)ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер – 1 айлық есептік көрсеткіш;
2)бильярд үстелі – 3 айлық есептік көрсеткіш;
3)бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – 3 айлық есептік көрсеткіш;
4)біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 4 айлық есептік көрсеткіш;
5)ойын жолы – 5 айлық есептік көрсеткіш;
6)карт – 4 айлық есептік көрсеткіш.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2011.11.08 № 44/6 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен2. Осы шешім Ақмола облысы Есіл ауданы әділет Басқармасында
мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны бірінші ресми жариялаған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданы аумағындағы тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 32/5 шешімнің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 1-11-58 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 8 қаңтарда аудандық "Жаңа Есіл" газетінде жарияланған).
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы аудандық мәслихат хатшысы |
Ж.Қажыбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі | С.Ерин |
Есіл ауданы бойынша салық басқармасының бастығы |
Т.Салықбаев |