Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылы әкімінің 13.04.2018 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 01-10-138 ұсынысы негізінде, Бірсуат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірсуат ауылы әкімінің міңдетін атқарушы |
М.Погосян |