Жарқайың ауданының Бірсуат ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылы әкімінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 сәуірде № 6579 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 20 ақпандағы № 01-28-68 ұсынысы негізінде, Бірсуат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Жарқайың ауданының Бірсуат ауылының аумағында шектеу іс- шараларын белгілеу туралы" Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылы әкімінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6069 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 қыркүйекте Казақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірсуат ауылының
әкімі
Б.Абенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады